Аяулы анашым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
наурызга арналган тәрбие сагаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы АНАШЫМ»

1-жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі 6 «Б» сыныбының мерекелік «Аяулы анашым!» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер! 
2-жүргізуші: 
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға 6 «б» сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады. 
1-жүргізуші: 
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі ___________________ беріледі.
2-жүргізуші: 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Құбаш Ершаттын орындауында «________________________» атты әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: 
Әлемдегі ең ақылды, дана боп, 
Нұрын шашар жақсыларға пана боп. 
Кім-кім болсын сені алақанында, 
Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 
2-жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған, 
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. 
Бұл сезімге ие болған барша жұрт, 
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
Диас: Жарты жанын бөліп беріп балаға, 
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана. 
Қиын күндер кешсе дағы басынан, 
Міндет етпей жүрген адам сол ғана. 
Гулбакыт: Қасиетті жұмақ кілті табылар, 
Алыс кетсең алаңдар да сағынар. 
Аналарын сыйламаған адамдар, 
Қашан болсын өз ісінен жаңылар. 

Бекжан: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Ансаган: Аналық алтын борышың,
Жүр әлі менің арқамда.
Көтеріп сізді сол үшін,
Меккеге күнде барсам ба?!
Ақ маңдайыңның әжімі,
Жылдардың ізі шуақты.
Омырауыңның ақ сүті –
Өтелмес қарыз сияқты.
Ершат: Аппақ қар болып шашың да,
Ағарып кетті-ау, жан анам.
Ақындығым да, даңқым да,
Қормалым сенің садағаң.
Өсіру мені о бастан,
Машақат еді не деген.
Ақ армандарды қууға,
Ақ тілегің ғой жебеген.

Әділет: 8 Наурыз 2018 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Сабина: Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.


Жәнібек: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз - келіншек, нәзік жандар мейрамы -
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Ерлік: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дастан: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы

1-жүргізуші: 
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың бұралған қызымыз Оңдасын Сабинаны орыс биімен қарсы аламыз.

2-жүргізуші: 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап «Анашым, ана жаным» әнін Құбаш Ершат орындайды.

1-жүргізуші: 
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Сегіз сері» КВН командасын ортаға шақырамыз. (Жігіттерден құралған топ аналар, ұздаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады).

2-жүргізуші: 
Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың
Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың
Үніңменен жазылады жарасы
Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай Зере мен Ерліктің орындауында «Құттықтаймын, мама» күйімен қарсы алыныздар.
1-жүргізуші: 
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып Дүйсенбай Жәнібектің орындауындағы «Алтын Ана» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: 
«Бала, бала, бала» деп,
Бізді өсірген анашым.
Гүлге толып, құшағың,
Бақытты бол, анашым.
1-жүргізуші: 
Қамымды ойлар күн- түні,
Анам- менің көктемім.
Ақтай алсам, үмітін,
Арманыма жеткенім, – дей отырып ...сынып ұлдарының ұзтаздар мен аналарға арнап жасаған шағын дүниелерін қабыл алыңыздар! (Сынып ұлдары аналары мен ұстаздарының қызықты суреттері мен даналы сөздер арқылы слайд жасап, көрсетеді).
2-жүргізуші: 
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада «Вальс» биі қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: 
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
2-жүргізуші: 
Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға 6 сынып оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Қайыркен Зере орындауында «Анашым - ай» әні.
1-жүргізуші: 
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
2-жүргізуші: 
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті оқушылар арнауына береміз. (Үш оқушы шығып, анаға, ұзтазға, қыздарға арнауын немесе шығарма оқиды).

Абдолла: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Нұрислам:Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Айша: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Зере: Наурыз - көктем тойымыз
Той дәмі мол тойымыз
Күн ұзарар жылынып
Өсер біздің бойымыз
1-жүргізуші: 
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Оңдасын Сәбинаның орындауындағы «Әже» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Дархан: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
2-жүргізуші: 
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
1-жүргізуші: 
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда «Жігіттердің» биі.
2-жүргізуші: 
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса үш жігітті –«Ана туралы жыр» әнімен қарсы алайық
Дауыстарына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдардың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: «Ана туралы жыр» Орындайтын: Аңсаған, Бекжан және Ершат (Осы уақытта оқушылар аналар мен ұзтаздарға гүл шоқтарын ұсынады).
1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін ________________ береміз.
2-жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
1-жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Аяулы анашым» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман-саболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!



Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі












Тақырыбы: «Аяулы АНАШЫМ»







6 Б сыныбы



Сынып жетекшісі:

НАКЕНОВА ГУЛБАКЫТ

САТБЕКОВНА









2017 – 2018 оқу жылдары



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.06.2018
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі