Материалдар / Аяулы анашым

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
761
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аяулы анашым

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды  мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата -анаға  деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, гүлдер, шарлар

Барысы:

Мұғалім: Құрметті аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып,тағыда 8-Наурыз халық аралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің  гүлі,көңілдің жыры,әротбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз  тіршілікпен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізде аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметтіаналар,біздің сыныптың қыздары!8-
Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер!.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік көзі. Өмір бесігін тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл 
ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріпөткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнгежеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтыптауысу мүмкін емес. Ана болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар!

1)Ұлдардың тақпақтары.

Ән: «Алтын ана»

Ойын: « Кім жүйрік?»: яғни 3 қыз 3 анасы мен алма жеп жарысады. Кім алманы берілген уақытта көбірек жейді, әділ қазыларға апарып көрсетеді. Көп жеген қыз

жеңіске жетеді.

2)Ұлдардың тақпақтары----

Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық ,әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.

Би: Флеш-моб(ұлдар билейді)

Ойын: «Шебер қолдар»: яғни шаш өру сайысы деп аталады. Үш қыз бала аналарымен ортаға шығады.

Қыздардың тақпақтары: -------

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дей келе кезекті әнге берейік!

Ән: «Айналайын мама!» (Хор)

Ойын: «Білімді мыңды жығар – білекті бірді жығар»- демекші енді қыздарымыздың білімін сынайық. Әр қыз ,ана, қыз туралы 5 мақалдан айту керек.

Аяулысың, аналарым,асылдарым,
Жайнасын көңілдердің жасылбағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары
,- дей келе алдарыңызда

Би: «Қамажай »қыздарымызды ортаға шақырамыз!

Ойын: «Судың да сұрауы бар » дегендей суды тасудан қыздарымыздың ептіліктерін байқаймыз.

Аналарға арналған:
1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?
Қыздарға арналған
1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?
2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
3.Ата-аналар жиналысыболатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Көрермендермен ойын: (СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ)

1.ОРМАН ДӘРІГЕРІ(ТОҚЫЛДАҚ)

2.Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3.Мемлекеттік тіл(қазақ тілі)

4.Басты байлық –денсаулық

5.Қазақстан Р.валютасы

6.Ұя салмайтын құс

7.Абылайдың шын аты кім?(әбілмансұр)

8.Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше?

9.Жылдан құр қалған жануар?

10.Жүз жыл (ғасыр)

Би: «Вальс»

Ойын: «Кім көп біледі?»

Мақалдарды жалғастырыңдар. Аналарымызбен оқушыларымыздың мақал-мәтелді қаншалықты білетіндігін байқаймыз.

  1. Ауылдан асқан байлық,

________ қымбат қазына жоқ. (кітап)

  1. Талапсызжас,

Қанатсыз_________. (құс)

  1. ________ қылығымен көркем. (қыз)

  1. Білім-теңіз,_______ кеме. (мектеп)

  1. _______ көңілі балада. (ананың)

  1. Сөзтапқанға ________ (қолқажоқ)

  1. 1. Жақсысөз .(жарымырыс)

  1. Ине көзінен сынады________ (шешен сөзінен сынады)

  1. Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,

Адал сөйлеп, ________( жүртқа жақ)

  1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, ( өз тілімен сөйле.)

  2. Жолдасы жоқ жігіттің ( Олжасы жоқ.)

  3. Тұр-тұрдан хабар келсе, ( Ұйқыдан маза кетеді)

  4. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. (Қызы)

  5. Екі аяқтыда бажа тату, (төртаяқтыда бота тату)

  6. Бас жарылса, бөрікішінде, (Қолсынса, жеңішінде)

  7. Өлежегенше, (бөле же)

  8. Туажаманжок, (Жүрежаман бар)

  9. Ағаш тамырымен мықты, (Адам досыменмықты)

Балалар өздерінің сыйлықтарын аналарына табыстайды.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Қорытынды: 8-наурыз халықаралық аналар, қыз-келіншектер, әйелдер, әжелер күнімен шын жүректен құттықтап, тілегін білдірді және ата-аналарда құттықтау сөздерін айтты.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!