Аяулы анашым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныптар үшін керекті ашық тәрбие сағаты. Жаңадан бастап жатқан ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сарыағаш ауданы Қарақалпақ ауылы №26 Т. Өстеміров атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейдазимова Ақмарал Серікбайқызы 22 жылдан бері ұстаздық қызмет жасап келеді.Ақмарал оқушыларға білім беру ісінде қазіргі заман талабына сай жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланады. Барынша білімін шыңдай отырып , өз ісіне жауапкершілікпен қарап, шәкірттеріне саналы тәрбие,сапалы білім беруде аянбай еңбек етуде.Жаңа форматты білім жетілдіру курсынан өткен.Өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп отырады. Жас мамандарға өз кәсібінің қыр-сырын үйретуден жалықпайды. Назарларыңызға А. Сейдазимованың аналар мерекесі қарсаңында өткен «Аяулы анашым» атты ашық тәрбие сағатын ұсынып отырмыз.

Дир.оқу тәрбие жөніндегі орынбасары : Ж. Нүрсейіт



Сабақтың тақырыбы: «Аяулы анашым»

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.

2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

Сабақтың түрі : әдеби-монтаж

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

- Шаттық шеңбері

ІІ. Жүргізуші сөзі

Құрметті Ұстаздар, ата-аналар, қыздар сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер - қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілей отырып, 2 “А” сынып оқушыларының дайындаған

«Аяулы анашым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІІ. Мұғалім сөзі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында биылғы жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады.

Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ұлттық рух ен бырыншы ананы сыйлаудан, құрметтеуден қалыптасады.

ІҮ. Жүргізуші сөзі

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.

Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан- теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Кезекті оқушыларға береміз.

Наурызбек

1.Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!

Аяулым

2.Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Шыңғысхан

3.Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

Айша

4.Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Ән : «Айналайын ақ мамам»

Бейбарыс

5.Әлпештеген баласын,

Ана бақыт – ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!

Ақерке

6.Аналар – ау менің шалқар көлдерім,

Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.

Мына өмірде қуанышты жүргенім,

Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.

Нұрғиса

7.Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын

Сымбат

8.Аялаған , баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Нұрсәт

9.Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Аналарға мың алғыс!

Ән: «Анажаным»

Ойын «Анамызға сыйлық»

Алдымен 3 топқа бөлініп алайық. Тобымызды аналарымыз еркелететін сөздермен атайық. Бірінші топ : «Құлыншақтар» . Екінші топты : «Қошақандар». Үшінші топты : «Ботақандар».

Балалар, сендерге көктем көп гүлдерді сыйлыққа алып келіпті. Топбасшылар шығып қалаған гүлшоғырын таңдайды. Гүлшоғырда жазылған тапсырманы топ болып орындайды. «Құлыншақтар» тобы: Анаға тілек айту. «Қошақандар» тобы: Ана туралы мақал-мәтел айту. «Ботақандар» тобы: Өз аналарын сипаттап айту

Өздері қолдан жасаған гүлдерін аналарына сыйлайды.

Қалдыайым

10.«Адал бол, - деп балдырған»,

Әділдікке баулыған,

Жүрегін де баулыған,

Тілегінде мархабат

Анамызға мың алғыс!

Нұрасыл

11.Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиған,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

Нұргүл

12.Сенен өскен балалар,

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті асыл аналар.

Думан

13.Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Нұрбақыт

14.Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысымен мақтанам.


Ән : «Ай дидарлы анашым»

Слайдпен жұмыс жүргізу.

Ауылдан шыққан батыр аналарымыз жайлы түсінік беру. Олардың қайсарлығын, батылдығын үлгі ету.

Нұрасыл

15.Әже деген көп шығар,

Әжелердей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Аружан

16.Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ақбота

17.Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтанған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Хамит

18.Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды.

Әрбір қыз, әр бала,

Анасына ұқсайды.

Би : «Ару қыздар»

Мағжан

19.Ана – бақыт, ана күн,

Ана – өмір тірегі.

Ана – өмір себуші,

Ана – сарқылмайтын бұлақ.

Дарын

20.«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!


Ән : «Сағындым әже»

Ойын : «Аялы алақан»

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді.

Шарты: Ортаға үш ананы шақырамыз. Көздерін байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.

Ән : «Ұстаз - Ана»


Ата-ананың тілегі

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның, – деп ата-аналарымызға сөз кезегін берейік.

Сабақты қорытындылау

Балалар анамызды құрметтейік,

Көңілін ешқашанда кірлетпейік.

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып,

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.

Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілейміз. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын.

Бар тілекті арнайтын балаңызға,

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Сейдазимова Ақмарал

26 Т. Өстеміров атындағы жалпы орта мектебі

Қарақалпақ ауылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.10.2018
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі