Материалдар / «Аяулы анашым!» атты 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

«Аяулы анашым!» атты 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға керек.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Аяулы анашым!» атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған әріптестер !Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын

8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар. Қошетепен ортаға «Айналайын» тобының ұлдарын шақырамыз.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымызда тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Апатайым анашым»

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!

Нұрай

Адал бол деп-балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Тілегінде мархаббат

Анамызға мың алғыс

Ернур

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылма

Айдана

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі

Ералы

Жанымызды жайнатқан,
 Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

Ясмин

Ақ анашым, аппағым, 
Өзің жайлы тақпағым 

Өзің жайлы әнім де, 
Арнадым саған бәрін де

Нұрсұлтан

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анамды ардақтап

Басымды оған иемін




Амина

Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам

Сахналық көрініс

«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

- Жүрегім кім менің?

- Мен!

- Тірегім кім менің?

- Мен!

- Сәнім кім менің?

- Мен!

- Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ - қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Музыка ойналып, ортаға Шрек шығады.
Тәрбиеші:
Ой, шрек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?
Шрек: Мен, шрекпін, мысықтан қаштым, есектен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Сендерде не болып жатыр.

Тәрбиеші: Аналар мерекесіне ән айтайық деп жатырмыз.

Шрек: қызық екен. Менде айтайыншы

Тәрбиеші: Песня « Сегодня мамин праздник»

Тәрбиеші: Шрек біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің биін тамашала.

Би «Жүректер» / Асылхан, Каусар, Нұртілек, Ясмина, Муслим, /

Шрек: Мен құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді) Енді менің кетуім керек дейді.
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық? Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар! Сәлеммен: Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл

көтерейік.
Музыка ойналып, ішке Карлсон ұшып кіреді.
Карлсон: Биік үйде тұрамын,
Тәтті көрсем жылаймын
Қанатыммен ұшамын.
Мұнда бала көп екен?
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл балабақша.







Карлсон: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды, досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен

сендерді кешірмеймін! Мен сендерге ренжимін! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Тәрбиеші: Әй, Карлсон! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз.
Карлсон : Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар!
Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.
Карлсон: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге!

Әзіл ән: «Әжелер әні»

Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады.
Келіннен қорқып саспайық,
Аяла
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
Ералы
«Сотка көру керек »-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай.
Ұят екен масқара ай.

2-бала: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
Нұрсұлтан
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
3-бала: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Ернур
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
4-бала: Немерем менің ән салса,
Қуаныш

Махаббат деп айтады.

Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Нұрай




Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік
.

қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай

Карлсон: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді жеңемін! Дайынсыңдар ма?
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада екі гүл тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді. Карлсон : Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.
Тәрбиеші: Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір би билейді

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Хафанана» Орындайтын /Алтынай, Аяла, Нурали/

Карлсон балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Карлсон билеп жүріп әрең тоқтайды.
Карлсон: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің үйіме қайтатын уақытым болды. Сендерге барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!

Жүргізуші:

Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашалаңыз !
Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің аналарына деген жылы лебіздеріне береміз.        

Мади

Сегізінші наурыз келді,
 Шаттық сезім, ой келді
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді

Хадия

Аялаған, баптаған,асыраған сақтаған

Сақтандырып күнде екен

Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
Нурали Т

Ана-пана

Ана- дана

Өмірге әкелетін

Ана ғана








Аяла

Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Нурали Б

Менің әжем- гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тіл әжем!

Алтынай

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз

Қуаныш

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анамды ардақтап

Басымды оған иемін

Көктем: Ой, балалар маған арнаған тақпақтарың қандай керемет.Сендерге көп-көп рахмет сендер мені яғни көктем айын сағынған екенсіңдер солай ма?

Жүргізуші: Ән «Қыздар-ай»

Көктем:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсеңдер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?

Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

Ойын: «Әжемнің жібі» Балалар әженің тарқалған жібін жылдам, тез орап кім бірінші болады.Сол жеңімпаз атанады.

Көктем : Балалар сендерге көп-көп рахмет.Сендердің аналарың да өздерің сияқты өнерлі шығар.Сендер білесіңдер ме, ортаға екі баланың анасын шақырайық.Мына майлықтардан не жасай алады екен. «Сайыс шебер ана»

Вед: Енді балалардың орыс және ағылшын тіліндегі тақпақтарын тыңдайық

Аяла

Ай лав мамми,ай лав гранни

Ай уши зем хелз

Ай уиш зем уелз

Бексултан

Мне мама приносить

Игрушки,конфеты

Но маму люблю я

Совсем же за что

Даша

Диа мамми, диа гранни

Ай уонт ту би хаппи

Он зе ейтс оф матч








Рахат

Молодая бабушки

Люди говарят

Я за наму бабушку

Очень рад

Айсұлу

Я поздравить маму

С праздником хочу

Сделаю для маму

Все, что за хочу

Каусар

Ана-бақыт

Ана гүл

Ана-қуаныш

Ана-жыр

Ислам

Дала гүлге толыпты

Аққу көлге қоныпты

Алақай-ау алақай!

Көктем қандай шуақты

Тәрбиеші : Ән «Аналар күні!»-орындайтын хор.

Тәрбиеші:Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қолқала.

Би «шығыс- биі» орындайтын қыздар.

Көктем: Көктемнің телефоны шырылдайды.Көктем алло! Не, жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек.Кәзір ұшып келемін.Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Сенедерде көктем келіп, гүлдер өсіп,жәндіктер ояныпты. Ал басқа жақта әлі көктем болмапты сондықтан менің кетуім керек, сау болыңдар балалар.Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар.Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.
Тәрбиеші : Келесі кезекті ата-аналар мен ойынға берсек.

Ойын : « Жылдам шаш өру»

Шарты: 8-ата-ана керек , екеуі лентаның басын ұстап тұрады, қалған алтауы шашты өреді. Кім бірінші өріп бітіреді сол жеңеді.

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады)

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.




























«Айналайын» тобы

1.Тәрбиеші шығады

2.Ұлдар шығады

3.Қыздар шығады

4.Балаларға сұрақтар қою

5.Ән «Апатайым анашым»

6.Тақпақтар /Аяланы әжеге киіндіріп, Мади бала/

7. Сахналық көрніс Аяла мен Мади

8.Шрек шығады

9.Песня «Сегодня мамин праздник»

10.Би «Жүректер» Асылхан, Каусар, Нұртілек, , Ясмина, Муслим

11.Шрек кетеді

12.Музыкамен Карлсон кіреді /Аяла, Ералы, Нурсултан, Ернур, Нурайды әжелер қылып киіндіру/

13.Әзіл ән «Әжелер әні»

14.Ойын «Қыздарға гүл сыйлау» /Биге Аяла, Алтынай, Төлеген Нуралиді дайындау/

15. Би «Хаванана»

16. Көктем келеді

17.Тақпақтар

18.Ән «Қыздар-ай»

19.Ойын «Әжемнің жібі» /салфеткаларды дайындау/

20. «Шебер ана сайысы»

21.Тақпақтар

22.Ән «Аналар күні»

23.Би «Шығыс биі» Айдана, Хадия, Айсулу, Даша /Ленталарды дайындау/

24.Көктем кетеді. Балаларға сыйлық беріп кету .

25.Ата-аналармен ойын

26.Аналарға сыйлықты беру

27.Балаларға сыйлықты беру

















































Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар, Әлішер
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 

Мені жақсы көреді 
Күндей күліп келеді 
Көп ертегі біледі Мерей
Маған айтып береді

.


Бәрімізге анамыз 
Біз үшін күн боп жанасың 
Құтты болсын мерекең Аңсар
Құттықтаймын анашым! 

Бізді өсірген анажан.

Енбегі де зор екен.

Құтты болсын анажан!

Құтты болсын мерекен! Маруа



Ақ қабақты анашым 
Күн сәулелі анашым. Ерхан
Әлпештеген баласын, 
Айналайын анашым. 


Кәусар


Ән «Ертегілер әні»-орындайтын

Анамды мен жақсы көрем, 
Айтқан тілін алып жүрем. Бексултан
Қасымда анам жүргенде, 
Шаттанып ойнап- күлем! 

Ана біздің күніміз 
Ананың біз гүліміз 
Балаларды қуантып Аяжан
Ұзақ өмір сүріңіз. 



Сенен өскен балалар, 
Батырлар мен даналар, 
Құттықтаймын мерекеңмен, Бағжан
Құрметті Аналар!


Қызықтап әр сөзімді

Жүрегінде сақтаған,

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам Айша


Бізге қарап елжіреп,

Сүйіп беттен ақ мамам,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіремін шаттанам. Айсултан

Қыздардың әні: «Ақ әжем.»


Аналарды сүйеміз 
Ақылын ойға түземіз 
Әжені де ардақтап Мухаббат
Әдеппен бас иеміз. 



Көктем келді шуақты, 
Балаларды қуантты. Мейірлі
Алақай-ау, алақай! 
Құстар сайрап, гүл атты!

Көктем келді жадырап 
Күн нұрымен таласып, 
Жайнай берші жарқырап Әлібек
Жаны жайсаң аналар! 

Апатайым анашым 
Ақылы мол данасың Е.Мадина
Қамқоршысы баланың 
Гүлі сенсің әр үйдің.

Би «Қара жорға»

Көктем:Балалар мінің уақытым келіп қалды. Бырақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!



Тақпақтар:

Құтты болсын анашым 
Құтты болсын мерекең Айнур
Әр кез саған тілеймін 
Ұзақ өмір жолдарын





Жанымызды жайнатқан 
Өзіңіз ғой аналар 
Зор денсаулық, мол бақыт Бағашар
Тілейміз біз балалар. 

Қуанамыз сыйлаймыз 
Қуаныштың мың гүлін Балжан
Аналарды құттықтап 
Жырдан шашу арнаймыз. 

Жүзімізге қараңыз 
Бал күлкілі баламыз 
Бізге қымбат күн шуақ 
Бізге қымбат аналар! Б.Көркем

Баланың да тірегі 
Дананыңда тілегі Елдос 
Ауырмасын ешқашан 
Анамыздың жүрегі. 

Біз доспыз гүлдермен, Адина
Текке оны жұлмаймыз 
Той күні бір-бірден 
Аналарға сыйлаймыз.


Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, Ермек
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз.

 






Қыздарменен ойнаймыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»
Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Көктем келмей бүгінде,
Көңілді өтпес мереке.
Көктемді мұнда шақырып,
Табамыз қайдан лезде?

Музыка ойналып, ортаға майшелпек жүгіріп шығады.
Тәрбиеші: Ой, майшелпек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?
Майшелпек: Мен, майшелпекпін, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті(іздейді)? А-а, міне, таптым(тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.

Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!

Сәлеммен: Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік.
Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді.
Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын,
Сиқырлаймын алдаймын.
Сыпырғышпен ұшамын.
Мұнда бала көп екен?
Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл балабақша.

Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)

Тәрбиеші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз.
Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар!
Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.
Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге!

Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видео көру керек керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай.
Ұят екен масқара ай.

2-бала: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
3-бала: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
4-бала: Немерем менің ән салса,
Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай
Ұят екен масқара-ай.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой,
Бізде үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
қ/сы: Ойбай, белім-ай,
Қайда кетті келін-ай.
Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар.
Тәрбиеші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек қайтеді?
Балалар: Иә.
Би: «Моряк биі»
Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды.
Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Бірақ мен оңайлықпен берілмеймін. Мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын арқылы мен сендерді жеңемін! Дайынсыңдар ма?
Балалар: Иә.

Ойын: «Қане, сыпыр!»
Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жетеді.

Мыстан: Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар!

Мыстан қоштасып, шығып кетеді.
Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар?
Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар,
Әзизәже, наздыаналар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.

-Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!
Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз.
8-бала:Көктемдегеннемене?!
Көктем деген көп жаңбыр.
Ән салып әуеде,
Қарлығаш ол бір тұрған.
Көктем деген ашылған,
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманның басында,
Жаңа туған қозы ғой.

9.бала: Көктем деген балалар!
Құлыншақ қой тулаған.
Еркелеген далаға,
Құрық салған тулаған.
Көктем деген қыстайғы,
Әкеміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.

10-бала: Көктемде көңілді.
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді.
Гүл ектік бақтарға,
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап жаңбыр әнін айтып берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен көздерімізді жұмуымыз керек.
Балалар көздерін жұмады. Қалытқыға бекітілген гүлдерден жасалған алаңқайды алып ортаға қояды. Ол гүлдердің артында кәмпит жасырылған.
Көктем: Бір, екі, үш.
Көзідеріңді ашыңдар.

Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес, тосын сыйы бар керемет гүлдер. Кәне, көрейік гүлдердің түбінде не бар екен?
Гүлдердің артында жасырылған кәмпиттерді алып, балаларға таратып береді.






















































17 Сәуір 2018
754
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі