Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Аяулы анашым" атты ертенгілікке сценарий
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Аяулы анашым» 8 наурыз сценарийі
2017-2018 оқу жылы.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Көктем ханшайымы: Толғанай Ерболовна
Шатақбай: Ботакоө Айткалиевна
Сайқымазақ: Абуова Гульмира
Жүргізуші: Жанна Болатовна
(Балалар музыка әуенімен залға кіреді)
«Аяулы анашым!» атты
8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті әже, аналар!
Жүргізуші:
-
Қымбатты да ардақты, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар! Гүл көктем, ару көктем, күн көктем! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
-
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.
-
Айнала толған қызыл-жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз….
(музыка әуенімен көктем кіреді)
Көктем ханшайымы:
-
Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. Менің ғажайып гүл бағыма қош
келдіңдер.
Жүргізуші:
-
Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі.
-
Біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.
Көктем ханшайымы:
-
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Жүргізуші:
-
Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
Хор: «Ақ мамам».
Көктем ханшайымы:
- Балалар!
Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді
орындайды. Ол
үшін гүл желектерінен сұрайық…
- 1.
Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Аналарға арнаған,
Тақпақтарды сыйлайық!!!
Орнымыздан тұрайық.
1 |
Әбілмансұр |
8 |
Мейрамбек Апатайым анашым, Ақылы мол данасың. Қамқоршысы баланың, Гүлі сенсің әр үйдің. |
2 |
Жантөре Ана біздің күніміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүреміз. |
9 |
Аян Бәрімізге анамыз, Біз үшін күн боп жанасың. Құтты болсын мерекең, Құттықтаймын анашым! |
3 |
Амир Орындайтын әрқашан. Анадай қымбат сыйлықты, Таба алмайсың ешқашан. |
10 |
Балнұр Сұлулықтың егізі. Әдемі сөз адамның, Анаға айтар лебізі. |
4 |
Дарын Асқар таудай панасын. Күн көзіндей күлімдеп, Құшағына аласың. |
11 |
Жеңіс Ардақты әжелерім, аяулы аналарым, Мейірбан аппақ көңіл даналарым. Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен, Құттықтайды сіздерді балаларың. |
5 |
Шапағат Батырлар мен даналар. Құттықтаймын мерекеңмен, Құрметті аналар! |
12 |
Алихан Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда апам жүргенде, Шаттанып ойнап күлеп. |
6 |
Дильназ Ақылын ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, Әдеппен бас иеміз. |
13 |
Бексултан Ана біздің күнімііз, Ана біздің гүліміз. Бізді ана қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. |
2. Біз екінші
гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың өнершілері,
Орнымыздан тұрайық,
Мейірімді аналар мен әжелерге «Оркестрда» ойнайық!
Залға Шатақбай кіреді:
- Қайырлы кеш! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа бақыт әкелсін!
Жүргізуші:
- Сіз өзі кімсіз? Қайдан келдіңіз? Біздің балабақшаға қалай кіріп кеттіңіз?
Күзетші қайда?
Шатақбай:
- Күзетші кіргізбеймін деді, ал мен мерекеге бара
жатырмын дедім, сосын кіргізді.
Жүргізуші:
- Бәрі түсінікті. Сізді
көргеннен-ақ кім екеніңізді түсіндік. Басыңызға таба киіп алыпсыз.
Аяғыңызға қолғап киіп алып, нағыз Шатақбай келіп тұр екен!
- Бізді жаңа жылмен құттықтап тұр. Ал бүгін аналар мерекесі емес пе
балалар!
Шатақбай:
- Мә мен бәрін ауыстырып алдым
ба?
Жүргізуші:
- Ренжіме, Шатақбай! Енді сен бәрін дұрыс
жасайсың.
Шатақбай:
- Аналар, әжелер, қыздар
сіздерді мерекемен құттықтаймын!
- Балалар, менде сендермен бірге көңіл көтерсем бола
ма?
Көктем ханшайымы:
Біз үшінші гүл желегін жұлайық,
Қандай тілег сұрайық,
Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін аналарымызбен бірге ойынды
да ойнайық.
Ойын: «Аналарға мерекелік
дастархан жаю» (ұлдар)
Шатақбай:
- Балалар сендерге көп рахмет. Ал ендеше сау болыңдар. (Шатықпай шығып кетеді).
Жүргізуші:
- Ал балалар!
Ойнайық та күлейік.
Кәне енді бұрылып,
Би билеуге тұрайық.
Біздің бүлдіршіндеріміздің «Джентельмен»
биін
тамашалаңыздар.
4.
Біз төртінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды
біз сіздерге арнайық…..
1 |
Арсен Ешкім оған жетпейді. Күні бойы бірге ойнап, Жанымнан бір кетпейді. |
7 |
А.Адель Бізді өсіріп баптаған, Жақсы болсаң шаттанған. «Алтыным» деп мақтаған, Айналайын ақ мамам. |
2 |
Ахмет Сөзін ойға түйеміз. Әженіде арджақтап, Әдеппен бас иеміз. |
8 |
Назар Айтсаң болды тіл алам, Әйбат мамам әй мамам Сені көрсем қуанам, Сен керексің қашанда. |
3 |
Айару Анам менің – өмірдегі тірегім, Анам менің – кеудемдегі жүрегім. Егер менің қасымда сен болмасаң, Бұл өмірде қалай ғана жүремін. |
9 |
|
4 |
Аңсар Жүрегіңде сақтакан. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ мамам |
10 |
Султан Дүниенің жарық күні – анамыз, Дана болсақ анаменен данамыз. Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын, Анаға арнап тағы бір ән саламыз. |
5 |
Ж.Адель Мерекеңіз құтты болсын анашым, Өзіңменен атып келеді әрбір танвм, Өмірде сенен асқан жан бар ме екен. Алтын анам, аяулы менің ақ мамам. |
11 |
Арлан Қабыл алшы анашым, Ұзақ өмір жүр жасап, Ауырмашы анашым. |
6 |
Айбибі |
12 |
|
Жүргізуші:
-
Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па? /Балалар: - Иә! Бәрі шапалақтайды/.
Әуен ойнайды, Залға САЙҚЫМАЗАҚ кіреді.
Сайқымазақ:
-
Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата - аналар!
Жүргізуші:
-
Сәлеметсің бе, Сайқымазақ!
Сайқымазақ:
-
Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім.
-
Хелоу! Хелоу! Хелоу! /Балалардың қолынан ұстап амандасады/.
- Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. -
Ал сендер отшашу, салют көргілерің келеме?
-
Ендеше, мені қуып жетіп, мына шарларды жарыңдар.
/Балалар сайқымазақтың артынан жүгіріп шарларды жарады/.
-
Мына балалар өздері қандай пысық. Кәне орындарына отыра қойыңдар.
-
Балалар қандай мерекені тойлап жатырсыңдар.
-
Жүргізуші:
-
Аналарға арналған 8 – наурыз мейрамы.
Көктем ханшайымы:
- Сайқымазақ, балалармен бірге бесінші гүл желегін жұлайық, тілегімізді орындайық.
- Ол
үшін гүл желектерінен сұрайық…
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Қонақтарға бір ән
сыйлайық!!!
Сайқымазақ:
- Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро
музыку.
/музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады/.
Жүргізуші:
-
Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар, бірге айтайық.
Өлең: «Балалық шақ»
Жүргізуші:
-
- Рахмет, сендерге көктем ханшайымы мен сайқымазақ. Сендер бүгін бізді қызықтырып жүрдіңдер.
-
Сайқымазақ:
-
- Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
-
Фокустар: «Гүлмен».
-
Бір гүлді қорапшаға салып, айтады: - «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады».
Шығарса, боянбапты.
- Ой, неге боянбайды.
-
Жүргізуші:
-
Сиқырлы сөздерді айту керек қой.
-
Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
-
Абра, кадабра, Сим салавим. /Балалар айтады/.
Сайқымазақ:
- Фокус, мокус. (Қорапшаның ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр
екен.)
-
Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
/Балаларға кәмпиттер таратылады/.
Жүргізуші:
Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,
Берші анама бар жақсылық, тәңірім!!! –
деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…
(сыйлықтарын аналарға береді).
- Құттықтау сөзі №26 «Балапан» балабақша меңгерушісі Гүлнәр Сембайқызына беріледі.
Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!!!
Дендеріңіз сау болсын!!!
Жүргізуші:
-
Осымен біздің мерекеміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер.
Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!
-
Сау болыңыздар!