Материалдар / Аяз ата мен Ақшақар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аяз ата мен Ақшақар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен беруге, әртүрлі өдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу; ой-қиялын, шығармашы- лығын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2102
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Аязата мен Ақшақар.Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен беруге, әртүрлі өдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу; ой-қиялын, шығармашы- лығын дамыту.Керекті құралдар мен материалдар: Аязатаның суреті, дайын мүсінделген жұмыс үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.балалар үшін: жұмыс дөптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: Жаңа жыл қандай мереке екенін, Жаңа жыл мерекесіне кімдер келетінін сұрау. Жаңа жыл туралы ән айтуды сұрау. Балаларға Жаңа жыл мерекесінің басты қонағы - Аязатаны ермексаздан мүсіндейтіндерін айту. 2.Түсіндіру: ермексаздан жұмыстың жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындалуын түсіндіру.Көк, ақ және қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.Көк ермексазды бөліктерге бөліп, үлкен цилиндрден денесін (тон), кішілеу екі цилиндрден қолдарын, домалақтап бас киімін мүсіндейміз.Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіреміз. Денесінің жоғары жағына қолдарын біріктіреміз.Домалақ көк ермексаздан бөрігін мүсіндейміз. Домалақты конус пішініне келтіреміз де, төбе бөлігін аздап дөңестеп, тегістейміз.Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, бес шұжық пішін мүсіндейміз (тоны мен бөрігінің терімен сәнделетін бөліктеріне), аздаған бөлігін мұрты мен сақалына және бетінің ұсақ бөлшектеріне қалдырамыз.Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақтап мұрнын жасау. 3. Өзіндік жұмыс: Толық мүсінді құрастыру:денесіне басын біріктіру.басына бөрігі мен мұрнын орнату.ақ ермексазды ширатып, Аязатаның тоны мен бөрігін сәндеу.ширатылған ақ ермексаздан сақалы мен мұртының пішінін келтіріп, басына орналастыру.Тіс шұқығыш шидің көмегімен Аязатаның көзін салу.Балалар жұмыс дөптеріндегі мүсіннің орындалу ретіне қарап, Аязатаны жасайды.Оқу іс-әрекетін қорыту. Ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өту, мадақтау.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!