Аудандық әкім шыршасының сценариі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аудандық әкім шыршасының сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аудан әкімі қатысатын шырша, ертегі, кейіпкерлер
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА 2025 ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫНЫҢ СЦЕНАРИЙ


Аудандық мәдениет үйі 25.12. 2024 жыл сағат 11.00


Аязата – М.Байғалиев

Ақшақар-А.Асанова

Жүргізушілер: Б.Аубакирова, А.Исекенов

Апаратурада:А.Меңдіғали


Аудандық мәдениет үйінің Би залы мерекеге сай безендірілген. Залдың ортасында ертегі қақпасы, орындықтар, ойыншықтар, бос әдемі қораптағы сыйлықтар макеті.

Ән « Жаңа жыл» Музыка «Джингл бенс»

Фанфар беріліп, сахнаға 2 жүргізуші шығады.

І жүргізуші:

Уа, балалар, балалар!

Бәрің бермен қараңдар!

Жаңа Жылдық әніміз

Алты қырды аралар

Шуақ шашып жанамыз!

Арай атқан таңымыз!

Думандатып бұл кешті,

Өткізейік бәріміз!

ІІ жүргізуші:

Армысыздар, балалар!

Бармысыздар, балалар!

Жаңа жыл келгенде

Жаңа әнге салайық!

Қуаныштан дәл бүгін

Жүректе от боп жанайық!

І жүргізуші:

Армысыздар, біздің құрметті қонақтарымыз бен кішкентай достарымыз!

ІІ жүргізуші:

Сәламатсыздарма балғын достар, балалар! Амансыздарма құрметті ата-аналар, ұстаздар!

І жүргізуші:

Олай болса, бүгінгі балаларға арналған аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына

Екеуі бірге:

Қош келдіңіздер!

Фанфар беріледі, Би залының есігі ашылып Дән АМҮ «Қызғалдақтар» би тобының қыздарымен әкім ортаға келеді./

І жүргізуші:

Балалар! Достар! Ду қол шапалақ.Сіздердің алдарыңызда біздің жаңа жылдық шыршамыздың қонағы аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы Өмірәлиев!

ІІ жүргізуші:

Мұрат Амангелдіұлы бүгінгі Жаңа жылдық мерекелік шыршаға қош келдіңіз!

1.ӘН «ЖАҢА ЖЫЛ» орындайтын Аюпова Аяна, Халел Жұлдыз

Іжүргізуші:

Қымбатты достар! Еліміз тағылымы мол тағы бір жылды тарих қойнауына табыстап, үкілі үмітке толы жаңа жылға аяқ басқалы тұр. Осы бүгінгі жаңа жылдық шыршаға ауданымыздың әр ауылынан оқуда озат, өнерлі балалар келген екен.

І жүргізуші:

Құрметті Мұрат Амангелдіұлы құттықтау сөз өзіңізге беріледі.

Аудан әкімі М.Өмірәлиевтің құттықтауы

І жүргізуші:

Балалар бәріміз Мұрат Амангелдіұлына рақметімізді айтып қол соғайық!

Балалар бірге қол соғады

І жүргізуші:

Құрметті достар! «Валеньки» биімен алдарыңызда аудандық мектептен тыс орталығының «Кербез» бишілер тобы, жетекші Серік Әсемгүл. Қошеметтеріңіз!

2.Аудандық мектептен тыс орталығының бишілер тобының

«Валеньки» биі, би біткен соң

МУЗЫКА

І жүргізуші:

Ой, балалар, мен бірдеңе естіп тұрмын! Сірә, біреу адасып кеткен болды ғой.

Музыкамен Аққала (А.Хибашов) жүгіріп кіріп, шыршаны айналып шығады.

І жүргізуші:

Бұл не сиқыр, балалар? Бұл кім болды, қараңдаршы?!

Аққала:


Бұл кім дейді, мәссаған!

Мерекеге сән берер, мен аққала боламын!

Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Достарымнан естідім,

Той тойлауға жиналып, шыршаны да жайнатып,

Ән мен күйді ойнатып,

Мені ғана бұл тойға шақыруға қиналып,

Қалдырып кетіпсіңдер.

Мен ренжідім сендерге!

(Қолымен сес көрсетеді)

Қашыңдар, менің ашуым жаман.

(Секіріп, балаларды қорқытады)

І жүргізуші:


Аққала, сен ренжіме, Қуаныштымыз келгеніңе, Бізбен бірге би биле!

3.Би «Аяқпенен топ-топ-топ» оқушылар бәрі қосылып билейді

Аққала:


Иә, балалар, сендерді қорқыту қиын екен,

Бірақ бұл жер ыстық екен.

Еріп. кетем, ой,ой,ой!

І жүргізуші:

Аққала, қорықпа, балалармен бірге бол.

Аққала балаларға қосылады.

4.Хоровод «Жаңа жыл»

І жүргізуші:

Қадірменді достар, біздің Жаңа жылымыздың басты кейіпкерлері, әлі келген жоқ. Енді келетін уақыты да болған шығар.Олай болса бәріміз Аяз ата ,Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар деп бірге қосылып шақырайық!

ІІ жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!

«Слышу, слышу!»/ из репертуара «Дискотека Авария»


Сахна сыртында боран гуілі мен шана, қоңыраудың сыңғыры естіледі.

АЯЗ АТА АҚШАҚАР ортаға келеді

Ақшақар:


Ой, қандай көп балалар,

Қыздар да бар, ұлдар да,

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қыс қаhарынан қорықпайтын,

Аяз атаның қайсар немересі

Ақшақар деген мен боламын!

Аяз ата:


Аманбысың, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың!

Біз сендерді көруге,

Қалдарыңды білуге,

Орман асып, тау асып,

Жеттік желмен жарысып.

Ақшақар:


Шыршамыз қандай сұлу!

Балалар, шырша сендерге ұнай ма?

Балалар: бәрі

Ия, ұнайды.

Ақшақар:

Олай болса, шеңбер жасап, бірге би билейік!

5.Хоровод

Аяз ата:


Ой, балалар!

Өсіп қапты ойларың,

Өсіп қапты бойларың.

Құтты болсын, балалар,

Бүгінгідей тойларың!

Ал, балалар, тұрмайық.

Ойнайық, ән салайық!

Ақшақар:

Аяз ата, шыршамызға қараңызшы, Оның шамдары жанбай көңілсіз тұр ғой!

І жүргізуші:



Қане,балалар, бәріміз бірге қол шапалақтап, біздің шыршамыздың шамдарын жағуға сиқырлы таяқшаны Аяз Ата мен Мұрат Амангелдіұлына ұсынайық!

ІІ жүргізуші:

Қане, балалар, бәріміз бірге «Бір,екі, үш, Шырша, шырша , шамдарыңды жарқырат» деп айтайық.


Балалар бәрі бірге қосылып жүргізушімен бірге айтқан сөзін қайталайды) Музыка «Сиқырлау»Аяз ата мен аудан әкімі таяқшаны шыршаға тигізеді, сол уақыта шырша жанады.

Іжүргізуші:

Бәрекелді, балалар! Ендеше, шаңырақ отынан нәр алған көгілдір шыршамыз жарқырай түссін!

І жүргізуші:

Ал, балалар, тұрмайық, бәріміз шыршаны айналып билейік.

6.ХОРОВОД «В лесу родилась елочка» Хоровод біткен соң

І жүргізуші:

Балалар! Назарларыңызға Халықтық «Шаңырақ» театрының «Қошқар мен теке» қойылымын ұсынамыз!

7.Халықтық «Шаңырақ» театрының «Қошқар мен теке» қойылымы. Қойылым ЛЭД экранның көмігімен жүргізіледі.

8.Ертегі біткен соң хабарлаусыз «Мысықтар» биі орындалады, би біткен соң жүргізуші хабарлайды

І жүргізуші:

Достар! «Мысықтар» биімен алдарыңызда өнер көрсеткен Дән мәдениет үйінің «Қызғалдақтар» бишілер тобы, жетекшісі Айдана Оразғалиева

Аяз ата:


Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым - жоралғым.

Керемет бір би билеп,

Келіп тұр- ау демалғым!

Ақшақар:

Қане тойды бастайық.

Өнері бар достарым.

Ортаға шық қасқайып,

Кімнің кәне күйі бар,

Кімнің әні, жыры бар?

Өнерліге беретін,

Аяз атаның сыйы бар.

Әр ауылдан келген балалар өз өнерлерін көрсетеді.

НОМЕРЛЕР:

1.Әр ауылдан келген ----- оқушылар шығып Аяз Атаға бір шумақтан өлең оқып береді.

Ән айтылып, би билеген кезде барлығы шыршаны айналып хоровод жасайды

2. Алдарыңызда Андрей Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің өнерпаздары «Жаңа жыл шамдары» әні

3. Лұқпан Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларыны орындауында «Көңілді санталар» биі

4. Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің өнерпаздарының орындауында «Жаңа жыл» әні

І жүргізуші:

Міне, балаларда өз өнерлерін көрсетті, Жаңа жылдық шыршаға бәріде жақсы дайындалған екен!

ІІжүргізуші:

Жарайсыңдар балалар, өнерлі екенсіңдер!

БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ТАБЫСТАУ СӘТІ

І жүргізуші:

Ал енді достар, Жаңа жылдық арнайы сыйлықтар табыстау үшін ортаға аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлын шақырамыз!

ІІ жүргізуші:

Қымбатты балалар, бүгінгі шыршаға келген балалардың барлығына 50 000 мың ақшалай сертификаттар табыс етіледі.

Сондықтан берілген тізім бойынша кезекпен сертификаттар табысталады.


(Әуен ойналады. Аудан әкімі М.Өмірәлиев балаларға кезекпен сертификаттар табыс етеді.)

ҚОСЫМША: оқушылар тізімі кезекпен оқылады.

жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріліп болған соң.

І жүргізуші:

Ал, қанеки, балалар! Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлына алғысымызды білдірейік. Бастаймыз.... Рақмет!!! Рақмет!!!

Балалар:

Рақмет!!! Рақмет!!!

Балалар сыйлықтарын алып орындарына тұрған соң

І жүргізуші:

Кең далаға жар салып,

Туды қаңтар жұлдызы.

Жасайды думан қарсы алып,

Еркін елдің ұл-қызы.

Ашық аспан төгіп нұр,

Қар жамылған дала,қыр.

Есік ашып келіп тұр,

Аңсап күткен Жаңа жыл!

ІІ жүргізуші:

Достар, достар, мереке бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алып қуанышпен ЖЫЛАН жылын,

Шығарып салайық қошеметпен ҰЛУ жылын.

Осы уақытта Жаңа 2025жыл ЖЫЛАН ның дыбысы естіледі. Мерекелік әуен. Жаңа ЖЫЛАН жылы мен ҰЛУ жылы ортаға шығады, балалар барлығы шапалақтап қарсылайды.

І жүргізуші:

Бәрекелді жаңа жылым! Біз үшін береке мен жақсылық жылы болатыныңа сенеміз!

ІІ жүргізуші:

Бір жыл бізбен бірге болған , ҰЛУ жылы саған көп рахмет! Сенің жылыңда еліміз үшін өте табысты жыл болды.

ІІ жүргізуші:

Келіңдер қосылыңдар балаларға, би билеп, шыршаны айналайық!

ХОРОВОД

ӘН «Қош келдің Жаңа жыл» орындайтын Хасанова Айназ

І жүргізуші:

Ән тыңдап, би билеп бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып жаңа жылға қадам бастық,

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға.

ІІ жүргізуші:

Құрметті балалар, Аяз ата мен Ақшақарымызбен қоштасатын уақыт болып қалды, енді Аяз атамызға сөз берейік.

Аяз ата:

Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдеріңде қандай әдемі.. Енді біз де жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерлерін тамашалауымыз керек. Ал, балаларым, сендер де өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Қош болыңдар. Келесі жылы кездескенше.

І жүргізуші:

Балалар, Аяз ата мен Ақшақарды хормен шығарып салайық.

ІІ жүргізуші:

Сау болыңыз Аяз ата, сау бол Ақшақар!

Балалар:

Сау болыңыз Аяз ата, сау бол Ақшақар!

І жүргізуші:

Келесі Жаңа жылда жүздескенше, Жыл сайын келіңіздер сіздер бізге. Қош болыңыздар Аяз Ата, ару Ақшақар, кездескенше.(Аяз ата мен Ақшақар кетеді)


Музыка

ІІ жүргізуші:

Құрметті балалар, баршаңызға Жаңа жылда жаңа табыс, жаңа бақыт, жаңа жыр тілейміз, бүгінгі Шырша тойы аяқталды.

Екеуі бірге:

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Екеуі бірге:

Жаңа жыл құтты болсын!!!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
97
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі