«Әуежайдағы жаңа жыл»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әуежайдағы жаңа жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әуежайдағы жаңа жыл»

Астана қаласы Қазақстан Республикасы

Президенттік іс басқармасы

«Қарлығаш» балабақшасы РМК тәрбиешісі

Омиртаева Гулбакира Абубакировна


Жүргізуші:

-Назар аударыңыздар! №2024-шы рейске билет алған жолаушылар! Ауа-райының келеңсіз жағдайларына байланысты бұл рейстің ұшу уақыты кешіктірілетінін хабарлаймыз! Сол себепті, жолаушыларды күту залына өтулеріңізді сұраймыз. Авиакомпания әкімшілігі сіздерден кешірім сұрай отырып, Жаңа жылды әуежайда қарсы алуды ұсынады.

(залға жолаушылар келеді)

Режиссер:

-Әуежайда дей ма? Бұл қалай болғаны? Мені жаңа фильм түсіру жұмыстары күтіп тұр! Мен тез арада Голивудқа жетуім керек!

Әуежай әкімшілігі:

-Сабырлылық танытайық, сабырлы болайық!

Продюсер:

-Бір минут, бір минут! Мен –атақты продюсермін. Мені жаңа ток-шоуым Жаңа жылдық кеште телеарнаға шығу керек. Мен тездетіп Нью-Йоркқа жетуім керек.

Жүргізуші:

-Өкінішті-ақ, құрметті жолаушылар! Барлық рейстер ауа-райына байланысты кешіктірілуде.

Тележүргізуші:

-Мен-танымал тележүргізушімін. Егер мен жаңа жылдық бағдарламаға кешігетін болсам, жұмысымнан айырыламын ғой!

Тілші:

-Тоқтай тұрыңыз! Мен жазып жатырмын.

Әуежай әкімшілігі:

-Неге жұмыссыз қаласыз? Құрметті жолаушылар! Маған қызықты ой келді. Неге барлығымыз бірігіп, жаңа жылдық кешті осы әуежайда өткізбеске?

Продюсер:

-Сіз қалжыңдайсыз ба?

Жүргізуші::

-Жоқ, қалжыңдап тұрған жоқ . Бұл жерде жолаушылар өте көп. Жаңа жылды қалай болғанда да осы жерде қарсы алуға мәжбүрміз. Аяз атаны да шақырайық.

Тілші:

-Достар, біздің арамызда атақты әншілер,бишілер бар емес па?

Әуежай әкімшілігі:

-Кеш жарық, кеш жарық құрметті ханымдар мен мырзалар! Бұл есте қалатын Жаңа жыл кеші болатынына, мен сенімдімін. Ал, енді өзіміздің көңіл-күйімізді көтеру үшін әсем би билеуге шақырамын.

(барлығы би билейді)

Жүргізуші:

-. Ол үшін, жаңа ғана әуежай әкімшілігі осында танымал би тобы келгенін хабарлады. Олар өздерінің достарын Америкаға шығарып салуға келген екен. Олардан біздің кешімізді қолдап, бірге би билеуге шақырайық. Келісесіңдер ме?

Барлығы:

-Келісеміз!

(бір топ ұлдармен бірге «Джентельмен» биі орындалады)

Әуежай әкімшілігі:

-Әуежайдағы уақытты біз қызықты өткізе алады екенбіз. Бұнда барлық жұлдыздар жиналған: режиссерлер, продюсерлер, тележүргізушілер, тілшілер, тіпті эстрада жұлдыздары да бар екен. Қонақтар, жаңа ғана мен сіздердің орталарыңыздан әлемге танымал эстрада жұлдыздарын да көрдім. Барлығымыз қошемет көрсетіп, оны қарсы алайық! Залда отырған бақытты жолаушыларға арнап сүйікті әндеріңіздің бірін орындап беруіңізді өтінеміз!

Ән:

Жүргізуші:

-Ерекше шоу-бағдарламамызды әрі қарай жалғастырайық. Әрі қарай бізді не күтіп тұр деп ойлайсыздар? Біз сіздермен бірге әуежай алаңын қардан тазартайық.. Жоқ, жоқ, мен сіздерді келеке қылып тұрған жоқпын. Ауа-райы бізге әсер етпейді. Барлығымыз ортаға шығып, қолымызды созып, ұзыннан тұра қалайық.

Әсем әуеннің ырғағымен ойын ойналады.

(«Қарды жинау» ойыны ойналады)

Әуежай әкімшілігі:

-Назар аударайық! Арамыздағы атақты продюсер тап осы жерде өздеріңізбен бірге жаңа ток-шоуын құрмақшы. Егер сіздер қарсы болмасаңыздар, ол өз тобына үміткерлерді іріктеп алмақшы.

Продюсер:

-Мен осы арада көптеген өнерлі, дарынды балаларды байқадым. Сол сәтті пайдаланып, мен жаңа ток-шоу құрғалы тұрмын. Бұл топқа маған үрмелі аспапта, гитарада, барабанда, пионинода ойнайтын өнерпаздар қажет. Ол үшін, мен байқау жарлиялаймын.

«Әнші таңдау».

Байқауға 4-5 ойыншы қатысады. Шарты: «Жаңа жыл» әнін фонограмма арқылы бір шумақтан айтып беру. Жеңімпаз көрермендер қошеметімен анықталады.


Жүргізуші:

- Сонымен, таңдау жасалынды. Таныс болайық, жаңа ток-шоу « ».

Әуежай әкімшілігі:

-Достар, сіздер бүгінгі жаңа ток-шоуының құрылуында куәгер болдыңыздар. Атақты продюсермен болашақта олар да атақты болатынына сенімдіміз. Олар бізге мерекеге орай алғашқы әндерін жолдайды.

Ән :

Тележүргізуші:

-Жарайсыңдар! Ал, енді барлығымыз бірге жаңа топпен би билейік.

Тележүргізуші:

-Назар аударыңыздар! Бүгін біз тағы бір керемет оқиғаның куәгері боламыз. Голивудқа ұшқалы отырған атақты режиссер өз киносының үзіндісін осы жерде түсірмек. Оған қошеметімізді көрсетіп, ат салысайық!

Режиссер:

-Барлығыңызғы рахмет! Маған әр минутым бағалы. Сол үшін де мен кино үзіндісін осы жерде, осы залдағы жолаушылармен түсіргім келеді. Маған көмек беретін жолаушылар мен оқыған сценарий бойынша кино үзіндісіне жан бітірулеріңіз сұралады.

(3 торай)

Тележүргізуші:

-Достар, жақын арада өздеріңді теледидардан көретін боласыздар. Танымал режиссердің киносына түсудің өзі-үлкен бақыт. Сіздер әлі шаршаған жоқсыздар ма? Онда әрі қарай кешіміз биге ұласады.

(би немесе ойын билейді)

Тележүргізуші:

-Құрметті жолаушылар! Әуежай әкімшілігі сіздерге хабарлама жасағысы келеді.

Әуежай әкімшілігі:

-Құрметті жолаушылар! Авиакомпанияға ұшатын рейстеріңізді сұрауға тіпті ұмытып кеттіңіздер. Бұл әрине біз үшін қуантарлық жағдай. Демек, сіздерге біздің мереке ұнап жатқан секілді. Олай болса, бізге Аяз ата келе жатыр деген хабар бар. Қарсы алайық!

Тележүргізуші:

-Осы сәттен бастау керек еді. Жаңа жыл өтетін бе еді? Барлығымыз бірге Аяз атаны шақырайықшы.

(барлығы Аяз атаны шақырады, бірге Аяз ата мен ақшақар залға кіреді)

Аяз ата сөзі:


Тележүргізуші:

-Жаңа жылдың салтын ұмытпайық, достар. Барлығымыз Аяз атамен бірге шыршаны айналып әндетейікші.

(шыршаны айналып «Кел, жаңа жыл» әні орындалады)

Аяз ата:

-Жарайсыңдар достар! Әндеріңе рахмет! Мен бүгін сендерге жақсы ойын мен тосын сый алып келдім. Кіші күту залында отырған жолаушылар неге көңілсіз ! Ақшақар қызым сендермен бірге ойын ойнаса, мен сыйлықты таратайын.

Ақшақар: (Ата- аналармен ойын)

-Сәлем достар! Мен бұл ойынға барлық жолаушыларды қатыстырамын. Ол үшін сіздер 5-6 адамнан бөлініп, топ құрап дөңгеленіп тұра қалыңыздар. Әр топқа әр ұлттың биі ұсынылады:

1-топ: «Қазақ» биі

2-топ: «Орыс» биі

3-топ: «Сыған» биі

4-топ: «Үнді» биі

5-топ: «Өзбек» биі

Ойын шарты: Әр топқа өздерінің ұлттық биі орындалады. Ол кезде өздерінің биін билейді. Одан кейін сол 5 әуен кезекпен ойналады, ол кезде әр топ өздерінің биін сақтап, сол әуендердің барлығына өздерінің биін билеу керек.

Аяз ата:

-Жарайсыңдар! Бұл ойында меніңше достық жеңді. Олай болса, барлық ойыншыға тосын сыйым бар.

Безендірілген дөңгелекті жол сөмкесінен сыйлықтар таратылады.

Аяз ата:

-Мені көп адамдар күтуде. Жаңа жыл жаңалықтарымен қуантып, әрқашан жолымыз болып, аман болайық!

(Аяз ата кетіп қалады)

Әуежай әкімшілігі:

-Назар айдарайық! Мен сіздерге қуанынышты хабарлама жасағым келеді. Ауа-райы қалыпқа келіп, авиакомпаниямыздың барлық рейстері жаңартылды. Жолаушыларды өз билеттерімен ұшақтарыңызға жайғасуға шақырамыз. Авиакомпания әкімшілігі сіздерге сәт сапар тілеп, жаңа жылдық кешті өткізудегі үлестеріңіз үшін алғыс жариялайды.

Жүргізуші:

-Бүгінгі кеш осымен өз мәресіне жетті. Бір-бірімізді қимай тұрмыз. Келеңсіз жағдайларға қарамастан, әуежайдағы жаңа жылдық кеш өз деңгейінде өтіп, ерекше көңіл көтердік. Сіздермен әлі де кездесетініме мен сенімдімін. Жаңа жылдарыңызбен ! Қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі