Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әуезов айтқан оқыған азаматтар ма?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуезов айтқан оқыған азаматтар ма?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әуезов айтқан оқыған азаматтар ма?

Қаламынан туған Әуезовтың қарымды дүниелері кешеден- бүгінге, бүгіннен- болашаққа шыққан сапары мазмұнын еш жоғалтқан емес. Оның шығармалары тұтас жиырмасыншы ғасырдың үнімен үйлесіп, күні бүгінге дейін өнеге беріп келеді. Әуезов өзінің саналы ғұмырына тағы бір тағдырды сыйғыза жазып шыққан заңғар жазушы. Сол арқылы әлемге қазақты, Абайды танытты. Бұл туынды арқылы әдебиетіміз бен мәдениетіміздің мәнін жете ұғына бастадық. Қазақ елі шежіресінің қасиеті сақтала отырып, жазылған туындыларын бүгінде білмейтін қазақ жоқ.

Мұхтар десек бірден ойға оралатыны- Абай. Егіз ұғымды қанша бөліп қарасақ та тереңге жайылған тамыры бірін-бірі біріктіріп жатыр. Ал Мұхтар жазған "Оқыған азаматтар" жайында не білеміз? Әңгіме расымен де оқығандығын көрсеткен нағыз азаматтар жайында бола ма екен?

Шын мәнінде, әңгіме тақырыбына сай оқыған азаматтардың озық ойлары жайында өрбиді деп күткен ем. Алайда әңгіме қанша саналы, білімге ұмтылған көзі ашық жандар болғанымен, адамшылық, аяушылық мінездері жойылған кейіпкерлерге толы екен. Бірақ мынау басып жүрген өміріміз де түрлі өрімдермен өріліп қойған ғой. Оның біріне- тағдыр, біріне- өзіміз кінәліміз. Әңгімедегі әр кейіпкердің өмірі де әсерге толы, басына түскен қиындықтары тағдырдың тәлкегі дерсің. Құдды қазіргі өмірде болып жатқан шынайы көріністерді тамырынан дәл басып алғандай. Сондықтан кейіпкерлерді онша даттағым да, ақтағым да келмейді. Себебі, олардың орынында өзім болсам қайтер едім деген сұрақты қойдым.

Әңгіме суық уақытта қатар келген салқын хабармен басталады. Мақсұттың өлімі. Артта еңіреп қалған анасы мен әйелі, қызы- Жәмилә. Зар жылаған ананың үнін басып көңіл айтқан баласының жолдастары да ол көріністі шыдап қарай алар емес. Баласы өлерінде санасына сан түрлі ойлар келіп, ертең өлсе әйелі өзгенің етегінен ұстап кететіне алаң болған еді. Алайда айтқаны айдай туып, әйелі- Қадиша күйеуінің жан жолдасы- Жұмағұлға тиеді. Сүйекке түскен таңбаның ауырлығына қарамастан тіпті той да жасап, қонақтар шақырылып, тостаған қағысып, тілек те айтылады. Сонда Жұмағұлдың көрген қиындығына бірге төзген, қуанышын бөліскен досы- Мақсұтқа жасаған алғысы осы болғаны ма? Тіпті аруағын да сыйламастан, Мақсұттың өліміне онша уақыт өтпестен, жараның ауызы толық жазылмастан той жасап, шат-шадыманға бөленіп жүр. Бірақ әйелі Қадишаға қарсылық көрсетуге болар еді ғой. Бірақ өмірдің тәлкегіне түсіп, қалған ғұмырын қара жамылып өткенше жаңа өмірдің белесін бастауы да жөн шығар деп ойладым. Алайда дәл жолдасы болған Жұмағұлмен бе? Достық, серттік, азаматтық қайда қалады...

Міне әңгіменің басты ауаны осылай өрбиді. Олардың бақытына қарсы болған анасы мен жолдасы Мейірхан еді. Кеше Мақсұт пен Қадишаның тойында, енді бүгін Жұмағұлмен қосылғанын көру оған оңай болмады. Басталған өмірлері баянды жалғасса игі еді ғой. Әйткенмен қосылған жұптардың келесі ойлары ата-аналарының айтуымен мұраға қол жеткізу еді. Ол мұраны беру не бермеу Мақсұттың анасындағы іс еді. Сол жолда екі тарап та қолынан келгенін аянбады. Жұмағұл қол қойғызайын деп әлек. Анасы қанша қажыса да, өлсе де қол қоймасын айтып серт етіп әлек. Жұмағұлды бұл жолдан Мейірхан тоқтатқысы келді. Қу дүние не істетпейді десеңші. Соңында Жұмағұл полиция бөлімшесінен 2-3 сарбазды ерітіп келіп, тіпті есі ауысуға шақ қалған Мақсұттың анасын күштей бастады. Бұл қорлыққа көне алмаған анасы сол бойда сұлап түсіп, өмірден қоштаса барды. Арам ойларын айлаға асырған Қадиша мен Жұмағұл риза болды.

Жазушының әр шығармалары өмірмен үйлесе біткен ерекше сұлулыққа ие. "Оқыған азамат та" қазіргі саналы деп жүрген білімді білгірлеріміздің ойына ой салатындай. Себебі, оқыған азаматтардың өзі сондай опасыздыққа барса, оқымаған қауымдарымыздан қандай қайыр күте аламыз? Қазіргі заманмен үндесе біткен, белең алған тақырыпты барша қауым оқуы керек.Ой салатын орамды туындының ойы да соны үндеп тұр. Әңгімені түйіндеп отырып, адам азғындық, қиянат жасаған болса оның оқыған не оқымағандығынан еш қайыр болмайтынын ұққандай болдым. Туа бітті адамға ол үшін сана, ақыл, ой сынды асылдар қоса берілуі керек. Қысқасы, адамды жан-жақты ойлауға, өмірлік сабақ алуға шақыратын "Оқыған азаматты" барлығы оқуы керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.07.2021
385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12