Материалдар / «Әуезов арулары»

«Әуезов арулары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы арналған «Әуезов арулары» тақырыбындағы облыстық байқаудың жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2023
208
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу жұмысы

_____________ Э.С.Аймбетова жөніндегі орынбасары

____________ Б.Б.Ермұхан

« ______» ____________ 2022 жыл






«Энергетика және құрылыс мамандықтары » бөлімшесінің

2022 жылдың 14-25 қараша аралығында өтетін

« Жаңа Қазақстан:кәсіби маман-жарқын болашақ »

тақырыбындағы онкүндік аясындағы

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы арналған

«Әуезов арулары»

тақырыбындағы облыстық байқаудың жоспары


Өтетін күні:22.11.2022жыл

Уақыты:15:00

Өтетін орны: Колледж акт залы


Жоспар «Мемлекеттік және шет тілдері » циклдік әдістемелік комиссиясы отырысында қаралып,мақұлданды.

Хаттама № 3 « 15 » қазан 2022 жыл

«Мемлекеттік және шет тілдері» ЦӘК төрайымы: ____________ А.А.Қалманова



Ұйымдастырушы:

«Мемлекеттік және шет тілдері» оқытушылары: А.А.Қалманова

А.А.Бектасова

М.Б.Қарақұл

А.Ө.Ерғалиева

Ж.Ж.Рахметова



Қызылорда -2022



мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойының тойлануына үлес қосу және қазақ халқының әлеуметтік,саяси,мәдени,тарихи өмірінде орны айырықша зор тұлғаның шығармашылығын насихаттау, білім алушылардың рухани мәдениетін арттыру. Ұлыларымызды, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу, даналардың даралығын  бағалау, қастерлей білуге үйрету. Мұхтар мұраларын жаңғырту. Қыз  балалардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық  қабілетін  арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты оқушылар  бойына  дарыта  отырып  дамыту.Ұлттық  сана-сезімге, әдемілік пен  әсемдікке  тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс

Көрнекілігі: бейнематериалдар,слайд,музыкалық құралдар мен сахналық қойылымдарға арналған реквизиттер


Қыздар сайысын өткізудің негізгі принциптері:

  • Еріктілік;

  • Ашықтық;

  • Әділдік;

  • Қатысушылар мүмкіндігінің теңдігі.

Сайыстың міндеттері:

  • техникалық және кәсіптік білім беретін колледж аруларының шығармашылығын дамыту;

  • өнерлі жандардың шығармашылық қабілет-қарымын ұштау;

  • жас таланттардың кәсіби өсуіне ықпал ету;

  • Қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын жетілдіру.

Сайысқа Қызылорда облысының техникалық кәсіптік білім алушы студент қыздар қатыса алады.Әр бөлімшеден 2 үміткер. Жасына, мамандығына,курсына шектеу қойылмаған.

Сайыс шарты:Қатысушы талапкер 3 кезең бойынша сынға түседі.

1 кезең-«Мен қазақтың қызымын» Таныстыру бөлімі-2 минут

2 кезең-«Өнерлі өрге жүзер» (Өздеріне берілген образды сомдау) -5-7 минут

3 кезең- «Зерделінің ойы озық» (М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған лездік сұрақтарға жауап беру) -2 минут.

Қатысушы өзі,шығармашылығы туралы арнайы дайындалған слайд,бейне материалдар қолдануына болады. Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

Үміткердің жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.Қазылар алқасының құрамын облсытық тіл мен әдебиет,өнерге құштар қызметкерлерден тұрады.

Қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:  

  • өлең-жырларындағы сөз қолданысына,ұйқасына;

  • ой тереңдігіне,көркемдік ерекшелігіне;

  • Образды ашу, оқу шеберлігіне; 

  • дауыс мәнеріне және тіл тазалығына; 

  • сахнада өз-өзін ұстауына;

  • киім мәдениетіне ;

  • ұсынылған бейнеролик,слайд сапасына назар аударады;

Сайыс жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес колледж директорының дипломдарымен марапатталады.







ПРОЛОГ


Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Қайтқанда» тарауы

Қодар мен Қамқа оқиғасы


Автор - Қыдырбай Мүбарак ГР-22о

Құнанбай - Раушанбек Камал Л-22о

Қодар - Еркін Тынымбек В-22о

Қамқа - Пазылбек Нұрай В-22о

Қамысбай - Қасымбеков Арсен ВХ-22о

Майбасар - Бахытханұлы Бауыржан ВХ-22о

Жексен - Мизамбай Саят Л-22о

Жұмабай- Есенбай Айдын ТХ-22о

Шабарман жігіттер- Ақниет Азамат,Жахат Хисамиддин ГР-22о

Молда - Берікұлы Серік ГР-22о

Бала Абай - Мұхаммед Мейірхан ГР-22о

Жиренше - Октябров Нұрдәулет ТХ-22о

Ауыл әйелдері - В-22о қыздары

(Әсел,Гүлдәурен,Аида,Бибінұр, Гүлсезім,Ақжайық,Жансая)

Бірінші сурет

(Автор сахна сыртында оқиды)

Ой қозғайды оңаша таудың басы,
Өткеннің ойға түсіп тамашасы.
Қолтығына қабағын түйіп қарап,
Әне тұр Қодар өлген құз-жартасы.

Тастан тайып өлген жоқ, таудан құлап,
Оны өлтірген – ағайын, қарындасы.
Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске
Дарға асып, таспен атқан өз ағасы.

Ол – Қодар, барымташы, елдің басы,
Жыртылмасын деп жүрген ел жағасы.
Ар сүймейтін бір істі қылғаннан соң,
Аямаған Олжайдың кәрі-жасы.

Ойласаң бұл істің көп мағынасы,
Не қылған ескі жақсы, соны ойлашы.
«Алтынды ер атқа тисе – отқа жақ» деп,
Өз бауырыңды өлтірген ел данасы.
Шәкәрім Құдайбердиев


(Сахнада келiнi жаңа ысытып әкелген, құрт қосқан қонақ көженi анда-санда бiр ұрттап отырған Қодар мен кесе ұсынған келіні Қамқа)
Қодар:
Қарағым Қамқа, бүгiн күн жұма ғой осы?
Қамқа: Жұма, бейiт басына барып, құран оқып қайтайықшы ( Қамқа күрсiнiп алып) Құданың құдiретi, бүгiн түсiме балаңыз бiртүрлi боп кiрдi.

(Мұңға батқан келіншек ,ұзақ ойланып)
Осы дәл өңiмдей, үйдiң сыртына кеп аттан түсiп, асығып, жайраңдап кiрiп келдi. Келдi де: «әкем екеуiң жылай бересiң. Зарлай бересiң. Менi шын өлдi деймiсiңдер? Ал, мен, мiне келдiм. Тiптi өлгем жоқ. Қойшы, Қамқа! Қабағыңды ашшы!» (күрсініп) осы сөзі бiртүрлi сай-сүйегiмдi босатты!.

(Осы кезде Қамқаның да, Қодардың да көздерiнен үнсiз жастар бiртiн-бiртiн сорағытып ағып отырады. Қодар көз жасын сүртіп,баласына құран оқи бастайды. Кенет сырттан ат дүбірі естіліп бір топ шабармандар кіріп келеді)

Қамысбай: Көрдiң бе, жәдiгөйдi. Көрден бас бұрмауын, көрде басы қалғырдың!(зілденіп кекете Қодарға ажырайа қарайды)
(Қодар мыналардың әдейi келген жайын байқап бұрылады да, сабырлы суық жүзбен)
Қодар: Нелерiң бар, жандарым?
Қамысбай : Немiз болушы едi? Сендердi ұлық шақыртып жатыр. Мына Қарашоқыда елдiң игi жақсысы жиналып тосып отыр!
Қодар: Жақсың кiм? Ұлығың кiм өзi?
Қамысбай:Ұлығым – старшын Майбасар, бастығы – Құнанбай. Мына келiнiңмен екеуiңдi жауапқа шақыртады. Тұр, жүрiңдер!
Қодар: Сандалып жүрмiсiң? Не ақың бар?
Қамысбай:Не дейсiң? Әкiм шақырса, ақың не деймiсiң?

Қамқа: Құдай жүзiн көрмегiр, мынау кiм өзi әкiреңдеген!(Қамқа қаны қайнап, қатты ашуланды.)

Қамысбай:Құдай жүзiн көрмейтiн сендерсiң, қос қара бет! Сенсiң, шашты сайтан! Жүр, ал! Алып жүр! Мiнгiз ана атқа екеуiн де?(қастарындағы жiгiттерге бұйрық етеді)
Қодар: А, құрыған құдай, нең бар едi?

(Қолдарын артқа қайыры Қодар мен Қамқаны сахнадан алып кетеді)

Екінші сурет


(Жиналған жиын осында екен. Жексен аулы төрт үй. Өзенге мiнбелеп, төнiп тұрған бiр тiп-тiк жартастың түбiне қоныпты. Осы араға Қодар мен Қамқаны алып келеді)

Әйелдер: Келе жатыр. Алып келе жатыр. Әне Қодар…Жүзіқара Қамқа!
( Қамқа жиыннан шошып кетеді. Жолшыбай сұрамаса да, ендi ауылға тақала бергенде Қамысбайға аянышты халде)
Қамқа: Жаным-ау, адам баласысың ғой. Осы айыбымыз не? Не қылмақсыңдар? Айтып өлтiрсеңшi!!!

Қамысбай:Анау атаңмен – Қодармен жақын болғаның үшiн, қазiр екеуiң де жайрайсың!

Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Ортасында: Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйiндiк, Майбасар – бәрi бар. Алдағы осылар да, артынан ентелеп тұрған ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары. Ылғи атқамiнерi ғана. Iшiнде жұпыны киiмдi бiреу жоқ.Қодар сәлем бермедi, өзi таңулы. Iшiнде удай қайнағаныза мен ашу бар.Жиын ортасында, жалғыз көзi бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбайды танып, соған қарап түйiлiп, қатты ақырып:
Қодар:Уәй, Құнанбай, менi құдайдың жылатқаны аз ба едi? Бұ не қырсығың? Майбасар:Тарт тiлiңдi!

Жұмабай:Қысқарт!
Жексен: Жап аузыңды!

(Қодар аз үндемей тұрып, аналар басыла бергенде)
Қодар:Ел-жұртқа масқара етiп, қор етiп, анау соқыр көзiңнiң құнын менен алайын деп пе едiң!

(Қамысбай Қодардың басынан аямай қамшымен тартып жібереді,Қодар жығылып Құнанбайдың алдына құлай кетеді)

Құнанбай:Қайтыс болған ұлыңның әйелі туған келінің Қамқамен көңілдес болғаныңды мойындайсың ба?

Қодар:Ол сен ойлағандай көңілдестік емес.Ойнас та емес!

Құнанбай: Онда не?

Қодар:Алла тағаланың істеген қысастығына менде қайтара қысастық істедім!Жалғыз ұлымды, сүйеніш етіп отырған жалғыз ұлымды алла тағала алды да менде солай істедім!

Молда:Астағфиралла!!

Құнанбай: Демек,мойындайсың ғой!

Қодар: Ей,Құнанбай!!!!! Мені жазғыратындай, мойныма кінә тағатындай сен кім едің?! Мен өз ісіме алланың алдында жауап беремін! Құдай мен екеуміздің арамызға қыстырылыспа!

Құнанбай: Ияя,алланың алдында жауап бересің!Маһшарда.Бірақ қазір қоғамда өмір сүріп жатырсың,сондықтан алдымен адамның сотынан өтесің!

Қодар: Құнанбайдың де!

Құнанбай: Менің орнымда басқа адам болсын мейлі,әйтеуір адамның сотынан өтесің.Салғыласпай бар!

Қодар: ЕЕЙЙЙ,ҚҰНАННБАЙЙЙ!!!!

Құнанбай: Шығартпа үнiн! Әкетіңдер!
Майбасар:Өй, қуарған көк төбет! (қамшы үйiрiп келе жатырғанда)
Қодар: Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсiң! Жабыларсың, таларсың да жерсiң!

Қамысбай мен бағанағы төрт жiгiт Қодарды сүйрей жөнелдi. Сүйретiле бара жатып, Қодар зордауыспен барынша шырқап:
Қодар:Ақ, қарамды тексермедiң бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?!

Құнанбай: Әкет,әкетіңдер! Мұндай сорақы сұмдық дүние қазақта болған емес. Бұның Шариғат жолындағы жазасы-дарға асу екен. Арнайы Жұмабайды Ахмет –Ризан медресесіне жіберіп білдім. Түйенің қомына жегіп,дарға асыңдар!!!!!

(Қодар мен Қамқаның басына қап кигізіп қолдарын арқаластыра байлайды)

Қодар:Қарағым,Қамқа! Кеше гөр! Ақ-қараны ажыратпай кескенн жаза бұл! Машһарда жалғызым Құтжанға өзім аманат етем! Қош,қарағым, Қош!

Қамқа:Ата, Сізде мені кешіңіз! Сізге ұлыңыздың орнын жоқтатпаймын деп жүргенде осындай жазаға ұшырадық! Қош,атажан! Ана дүниеде ұлыңызбен қауышқанша!ҚОШШШ!!

(Қодар мен Қамқаны сахнадан алып кетеді. Бура даусы есітіліп жылаған-сыңсыған әйелдер даусы шығады))

Әйелдер:

  • Бишараны жаңа бiлдiм, арыс екен ғой!

  • Өле алмай қиналды-ау, бақыр!

  • Еее ,жаратқан,алла –айй

  • Не шараааа,жарықтарым-ай!!!


Жексен: Өлген жоқ, әлi өлген жоқ…

Құнанбай: Шық алып, мынаның басына! Құлатыңдар содан кәпiрдi! Бiтсiн сонымен!

(Тосып тұрған жұрттың iшiнен бiрен-саран дәтi шыдамағаны сусып, кетейiн деп едi)

Құнанбай: Ей, тарқама түге! Тоқта былай.
– Әлi жаны шыққан жоқ. Ендi анау кәпiрден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшiн, қырық рудың қырық кiсiсi кесек атсын. Ал, осы жиындағы әр атаның баласынан бiр-бiр кiсi кесек алыңдар қолдарыңа!
– Мiне шариғат бұйрығы. Атыңдар кесектерiңмен!

(Осы кезде сырттан Жтренше мен Абай кіріп келеді)

Бала Абай: ӘКЕ!!!

Жиренше: Әйй,Текебай Тентек,тоқта!

Құнанбай: Бала-шағаны жолатпаңдар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ