«Ауғанның отты жалыны!» атты кездесу кеші

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ауғанның отты жалыны!» атты кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ауғанның отты жалыны!», ауған соғысы ардагерлерімен кездесу .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ауғанның отты жалыны!»

Кештің мақсаты: Ауған соғысының аяқталуына 30 толуына орай айтулы күнді атап өту, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиғалар туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: буклет, соғыс суреттері, нақыл сөздер

Түрі: әдеби-сазды тарихи кезесу кеші

Кештің жүру барысы:

І-жүргізуші: Армысыздар ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

Армысызар ағалар, ардагерлер,

Ар сыналған жылдары от кешкендер!

ІІ-жүргізуші: Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

Соғысында қан кешкендер Ауғанның

І-жүргізуші: Құрметті жиналған қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ауғанның отты жалыны» атты әдеби –сазды тарихи кездесу кешіне қош келдіңіздер!

ІІ- жүргізуші: 

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы еді. Сол соғыс туралы мағлұматтар жиынтығын нығайту үшін экрандағы бейнеролик ұсынылады.

(Ауған соғысы туралы бейне ролик кетеді)


І- жүргізуші:

Міне өтті қас қағымда 30 жыл,

Еске алып ұрпақтарың жазады жыр.

Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,

Отанмен әрқашанда жаны бір. – дей келе сөз кезегін директоры -----------беріледі.

ІІ- жүргізуші: 

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың  қай жылы

Боздақтарға  басымды иіп бір минут,

Есіме  алам  сол бір апат қайғыны

Ауған  соғысында  мерт болған ерлердің  рухына, бүгін  арамызда  асқар  таудай болып жүрген  ағаларымызға  басымызды иіп тағзым етейік!

( 1 минут үнсіздік)


І- жүргізуші: 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі  Ауған  елінен біржолата  әкетілді.  Өткеніміз  өз елесінде  қалу  жолында  әр жылдың

15 ақпан күні  — Ауған  соғысына  қатысқандарды еске алу  күні  болып есептеледі.     Бүгінгі күні  арамызда  осынау  алапат   ойранға  қатысып келген  жерлестеріміз де  аз емес. Олай болса       бүгінгі кездесу кешіміздің   құрметті қонақтаррымен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.


Ән : Ауған соғысы

ІІ- жүргізуші: 

Алысып қас дұшпанмен қасарысқан,

Адалдықпен от кешті жас арыстан.

Лайық бүгін жылдар жылжып өтсе дағы,

Жауынгерлер бар құрмет пен алғысқа. – дей келе келесі сөз кезегі ауған соғысының ардагері: беріледі.

І- жүргізуші: Аталған тарих беттерін парақтап, бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбаттасу үшін ардагерімізді әңгімеге тартайық.

1 – сұрақ:  сіз бейбіт өмірде де «нағыз солдат» болдыңыз. Сондықтан әскери өмір, темірдей тәртіп деген ұғымдар сізге өте таныс. Сол ұғымдар жайлы ой бөліссеңіз?


2- сұрақ: Ауғанстан жерінде бірге өткізген күндеріңіздегі қарулас жолдастарыңызбен хабарласып тұрасызба?

(Оқушылардың сұрақтары кетеді)

І- жүргізуші: 

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардығ ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайтын,

Тарихта аңыз болып қалары анық.

ІІ- жүргізуші: Бүгінгі күні ерліктің даңқын асақататып, өздерінің азаматтық түр тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық жандар. Атақты жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы: «Айбындылық аспаннан түспейді» деп қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Сондықтан Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу біздің азаматтық парызымыз.


Сұхбаттарыңызға көп рахмет. Қартаймай, көп жасай беріңіздер.


_____________________________________________________________________________



Соңы.

ІІ- жүргізуші: Сіздер бізге қашанда үлгісіздер,

Тым алысты көретін дүрбісіздер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде,

Апырақты саялы бүрлісіздер.


І- жүргізуші: Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың,

Өсиетін шүмекпен құйып тұрар.


ІІ- жүргізуші: Құрметті ардагерлер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қатарларыңыз сиремей елдің рухын көтеріп, жылдан жылға аман- есен жүре беріңіздер демекпіз. Қош сау болыңыздар!

Атамекен әні





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
684
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі