Аумақтық жаһандану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аумақтық жаһандану

Материал туралы қысқаша түсінік
Аумақтық жаһандану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №36 мектеп гимназия

қысқa мерзімді (сабақ) жоспaры

Бөлім:

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма»

Педагогтің аты-жөні


Күні:

30.01.2024 ж.

Қатысушылар саны:

Ерекше білімді қажет ететін оқушы саны:

Қатыспағандар саны:

Пәні:

қазақ тілі

Сынып:

10 «В»

Сабақтың тақырыбы:

Аумақтық жаһандану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.1.5.1коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу;

10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;

Сабақтың мақсаты:

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтайды, дұрыс сөйлей алады;

сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі;
әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына біледі;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы


5 мин













8 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

  • Мұғалім оқушылармен амандасады.

  • Сыныпты түгендейді.



Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары арқылы сұрау.

  1. Сөзжасам тәсілдері нешеге бөлінеді?

  2. Синтетикалық тәсіл қалай жасалады?

  3. Синтетикалық тәсілге мысал келтіріңдер?


Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілі

Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Аналитикалық тәсіл дегеніміз - екі я одан да көп сөзден (сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы) бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы.

Аналитикалық тәсіл барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы: үшбұрыш, тікұшақ, көмір қышқылы, ақсақал, темірқазық (зат есімдер); қызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақ шашты (сын есімдер); қырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, алып кел, алып бар (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); тақ-тұқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (еліктеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.

Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым,

2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту.

Бұлардың әрқайсысы тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.

Екі сөзден біріккен жалқы есімдер (Қажымұқан, Дүйсенәлі, Көкшетау, Сырдария), терминдік атаулар (бесжылдық, матанализ), тұрақты тіркестер (ден қою, кұлақ салу, тіс жару, тіл қату), кіріккен сөздер (ендігіден әрі - ендігәрі, алып кел - әкел), қос сөздер (бала- шаға, егжей-тегжей, қап-қара), қысқарған сөздер (БҰҰ, ҒА, ҚазТАГ, кг, см) және т.б. аналитикалық тәсілмен жасалған.

Пән мұғалімімен амандасады;

Сынып белсендісі сынып туралы ақпарат береді.



Оқушылардың ықтимал жауабы:

  1. Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

  2. Синтетикалық тәсілге

мысал келтіреді.





Ережені жаттайды, сұрақ қояды, жаттығуларда пайдаланады.


Ауызша кері байланыс беру.

Жақсы! Тамаша!

Жарайсың!

Керемет!

























Ресурс №1
















Ресурс №2











Сабақтың ортасы




7 мин



















10 мин

















10 мин

Оқылым.

3 – тапсырма. Мәтіннен аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздерді тауып, қалай жасалғанын талдаңдар.














Дискриптор:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады – 1 балл;
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздерді таба алады – 1 балл;
Жасалу жолын түсіндіреді – 1 балл.



Жазылым.

5 – тапсырма. Екі тапсырманың бірін орындаңдар.

1. Аналитикалық тәсілдің төрт түріне (сөзқосым, қосарлау, тіркестіру, қысқарту) мысалдар келтіріңдер.

2. Аумақтық жаһанданудың оң және теріс жақтарын «ПСМТ формуласы» әдісімен жазыңдар.

1-сөйлем: «Менің ойымша, …».

2-сөйлем: «Мен оны былай түсіндіремін: …».

3-сөйлем: «Оны мынадай деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …».

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: …».

Дискриптор:
Біріккен сөзге мысал кетіреді – 1 балл;
Қосарланған сөзге мысал келтіреді – 1 балл;
Тіркескен сөзге мысал келтіреді – 1 балл;
Қысқарған сөзге мысал келтіреді – 1 балл;
Өз ойын «ПСМТ» формуласы арқылы жаза алады – 1 балл.



Айтылым.

«Аумақтық жаһанданудағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында дебат жүргізіңдер.


Дискриптор:

Өз ойын еркін жеткізе алады – 1 балл;
Өз ойын дәлелдей алады – 1 балл.




Мәтінді мұқият оқиды, ішінен аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі сөздерді тауып, жасалу жолын түсіндіреді.



















Екі тапсырманың бірін орындайды.
1 - тапсырма бойынша аналитикалық тәсіл бойынша мысалдар келдіреді.

2 – тапсырма бойынша «ПСМТ формуласы» бойынша ойларын жеткізеді.












Берілген тақырып бойынша дебат жүргізеді. Қарсымын немесе қолдаймын позициясын ұстап, өз ойын жеткізеді.





Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
Бұл тапсырмадан нені білдіңдер?












Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!















Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Ресурс №3























Ресурс №4

















Ресурс №5

Сабақтың аяқталуы.


5 мин


Сабақты бекіту.

«ҚҚҚ» әдісі арқылы бүгінгі сабақта не нәрсе құнды, қызық, қиын болғанын айтып кері байланыс жасаңдар.



Үй тапсырмасы: 4 – тапсырма. «Қазақстандық заманауи мәдениет» тақырыбы бойынша көркемдік құралдағыларды ұтымды қолданып, шығарма жазыңдар.



«ҚҚҚ» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Бүгінгі сабақта ........ қызық болды

Бүгінгі сабақта ......... құнды болды

Бүгінгі сабақта .......... қиын болды




Бәрекелді!





Ресурс № 6





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2024
513
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі