Материалдар / Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды мектепте оқытуда әжетхана дағдысын меңгеру маңыздылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды мектепте оқытуда әжетхана дағдысын меңгеру маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Аутистік спектр бұзылысы бар балалардың мектеп алды әжетхана дағдысын дамыту маңыздылығы жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Шілде 2024
208
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала авторы: Муратбаева Сауле Дарменовна


Мақала тақырыбы: Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды мектепте оқытуда әжетхана дағдысын меңгеру маңыздылығы



Қазақстан Республикасының білім беру заңына сәйкес әрбір бала 6 жасқа келгенде 1 қыркүйек күні ата анасының дайындауымен, көптен күткен қуаныштың бірі болып алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Бала мектепке барарда ата ана баласының жақсы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында әр жерден баласына мектеп таңдайды. Ол оқу орнындағы педагогтар құрамын зерттейді, мектептің беделіне, бітіруші түлектердің білімдеріне мән береді. Мектептен баласының білімді де сауатты болып шығуына үміт артады. Осындай үміт - қазір жылдан жылға көбейіп бара жатқан аутистік спектр бұзылыстары байқалатын балалардың ата аналарында да бар. Қазіргі таңда осы ата аналардың үміттері ақталып, аутистік спектрі бар балаларда да инклюзивті сыныптарда білім алуларына жағдай жасалып жатыр. Инклюзивті сыныпта оқу үшін балада кем дегенде қандай қағдылары қалыптасуы керек осы мәселеге ата аналар мән бере ме екен. Осы тақырыпқа мән бере кетсек. Әрине бала мектепке барарда түстерді ажырата білуі керек, өзі туралы жеке сұрақтарға жауап бере алуы керек, бір орында неғұрлым ұзағырақ отыра алуы керек, жеке сөздер айта алуы, сөйлеу қабілеті болуы шарт. Жақсы, бұл дағдылар балада бар дамыған делік. Алайда, кейде ата аналар мектепке бару үшін бала өз өзіне қызмет жасай алуы керектігін, әжетхана дағдылары да дамыған болу керектігі маңызды екенін ұмытып немесе мән бермей жатқан жағдайлар кездеседі. АСБ бар бала мектеп жасына келіп немесе 6 жастан сәл асып мектепте барса да, памперс киіп жүреді өкінішке орай немесе үлкен дәретке шығу дағдылары дамымаған болады. Бұл жерде қандай қиындықтар болатынын елестетіп көрсеңіздер: бала ешкімге айтпай, үлкен дәретке сол киіп жүрген киімінде орындайды. Ол жағдайды бала өзі айтпай ақ, сыныптас балалардың өздері ақ иісінен сезетін болады. Ол баланы мазақ қылуы мүмккін, бұдан әлі де қоғамға бейімделе алмай жүрген АСБ бар бала одан сайын депрессияға түсіп, мектепке барудан бас тартуы мүмкін. Немесе кей балалар сияқты үйіне барғанға дейін шыдап, ол әрекетін үйінде орындауы мүмкін. Бірақ бұған да қуануға болмайды, себебі балада әжетханаға бару дағдысы толық дамымаған.

Нормативті бала мектепте сыныпта отырғанда әжетханаға қолын көтеріп шығатын болса, сұранып әжетханаға барып өз мұқтажын өзі орындап келуі қажет. Енді аутистік спектрі бар балаларға бұл дағдыларды жасауға негізі мектепте жанында болатын көмекші маманы көмекке келеді. Бірақ көмекші маманы арнайы әжетхана дағдысын үйретпейді. Бұл дағдыны осы балаларға ата аналарына кеңестер бере отырып, арнайы түзету коррекциялық қызмет көрсететін педагог мамандар үйретеді. Әжетхана дағдысын негізі балаға ертерек үйреткен жөн. Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым баланы үйрету жеңіл. Бала есейген сайын қиындық тудырады. Ол неліктен десеңіз. Оған бірнеше себептер болуы мүмкін. Мысалыға, көбіне АСБ бар балаларда жағымсыз мінез құлықтары болуы мүмкін, ал егер ондай мінез болса, баламен бірге жағымсыз мінездері де үсті-үстіне қосылуы мүмкін, бала бұтына жіберуге қалыпқа алып қалып, үйрету қиындайды, сонымен қатар баланың есте сақтау қабілетінің де қаншалықты сақталғаны өте маңызды роль атқарады..

Қорыта келе айтар болсақ АСБ бар балада ата аналар АСБ бар балаларды мектепке беруге асықпай алдымен бала өз өзіне қызмет көрсете ала ма, әжетхана дағдысы дамыған ба, өз еркімен кез келген жердегі әжетханаға шыға ала ма соны біліп, содан кейін ғана мектеп алды ментальды 6-7 жастағы баланың оқу дағдылары болса мектепке бергені абзал. АСБ бар балаларда негізі оқу дағдыларын дамытпай тұрып өмірлік дағдыларын және коммуникация дағдыларын дамытса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл маңызды дүниелер ескерілген жағдайда ата анаға, көмекшіге және баланың мектепте оқуы әлдеқайда жеңіл және әлеуметтік ортаға бейімделу процесі де оңай өтер сөзсіз. Сонымен мектеп қабырғасында АСБ баланы бір стресстік жағдайдан құтқарамыз.



Педагог психолог Муратбаева С.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!