Материалдар / Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балаларды АВA терапиясы қолдану мен әлеуметікке бейімдеу, Қазақстан мектептеріне инклюзиялау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балаларды АВA терапиясы қолдану мен әлеуметікке бейімдеу, Қазақстан мектептеріне инклюзиялау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұдайы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер». (В. А. Сухомлинский)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
138
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар балаларды АВA терапиясы қолдану мен әлеуметікке бейімдеу, Қазақстан мектептеріне инклюзиялау

«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұдайы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер». (В. А. Сухомлинский)

Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. Мәселелерді тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріп, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған. Соның бірі Болашақ Корпоративті қоры 2015 жылдың шілде айында басталған "Әр бала мектепке баруға лайықты" жобасы білім беру ұйымдарында аутизм және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін енгізуге бағытталған. Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті білім беру- дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында,тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстардaы, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 600-ден астам бала күн сайын мектепке баруға мүмкіндік алды. Қазақстанда алғаш рет елорданың № 34, № 89 балабақшаларында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады.

Жобаның ерекшелігі мектепті міндетті түрде әдістемелік сүйемелдеу (бұдан әрі – курация) болып табылады. Курация қажеттілігі аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты туындаған. Инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысы мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістеріне негізделген. ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ бұл мектептегі қосымша бөлме, онда оқуда қиындықтары бар оқушылар оқу процесін үзбей-ақ өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек алады. ИҚК мұғалімі жеке бағдарламаға сәйкес оқу процесін жоспарлайды және жүзеге асырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, ИҚК-ге келетін оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады және қолдайды. ИҚК-ге келетін оқушылар оқитын жалпы білім беретін сыныптардың мұғалімдерімен бірлесе отырып, олардың жалпы білім беретін сыныпта оқу процесінің ұйымдастырылуын анықтайды. Тьютор (жекеше сүйемелдейтін адам) оқушының жеке бағдарламасына және сабақ жоспарларына сәйкес ИҚК оқушыларымен жеке сабақтар өткізеді. Танымдық қызығушылықтарды, дағдыларды анықтау, қалыптастыру және дамыту бойынша оқушымен жеке жұмыс жасайды, талдау жасау және бағдарламаны одан әрі жаңарту үшін күнделікті мәліметтер (мінез-құлқы, нұсқауларды орындау және т.б.) жинауды қамтамасыз етеді, білім беру процесінде оқушыны сүйемелдеп бірге жүреді, оқу материалын игеру үшін жеке материалдарды дайындайды.

АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАЛҒАН КАБИНЕТ Кабинеттің арнайы жабдығы балаларға қажет болған жағдайда жеңілденуге, демалуға, балаға жеке қалыптастырылған кеңістікте білім алуға мүмкіндік береді, ал мамандар командасының ерекше оқушыларды оқыту үшін әрқайсысына жеке жағдай жасауға мүмкіндігі бар. Ол үшін кабинетте 4 аймақ бар: 01. Жеке сабақтар аймағы 02. Демалыс және моториканы дамыту бойынша сенсорлық жеңілдену аймағы 03. Топтық сабақтар аймағы 04. Жоба кураторының жұмыс істеу аймағы Педагог-ассистент – инклюзивті білім беру жүйесіндегі айтарлықтай маңызға ие буын. Ол сабақта және инклюзияны қолдау кабинетінде оқу материалын меңгеруге көмектеседі, сондай-ақ, жағымсыз мінез-құлықты түзетеді және баланың бойында әлеуметтену және қарым-қатынас дағдыларын дамытады. Көбіне даму ерекшеліктері бар балаларда есіру, жылау, қатты айқайлау және тағы сол сияқты жағымсыз мінез-құлық кездеседі. Педагог-ассистент алдымен баланы осындай жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға үйретеді. 2020 жылға дейін педагог-ассистенттер басқа мамандардың, атап айтқанда, дефектолог, логопедтердің, психологтардың және тағы сол сияқты мамандардың мөлшерлемесімен жұмыс істеуге мәжбүр болды. № 37 Фуркат атындағы жалпы орта мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті 2018 жылдың қыркүйек айында ашылғаннан бастап жұмыс істей бастады. Одан бөлек, инклюзияны қолдау кабинетінде тағы 5 ассистент-педагог және дефектолог, педагог логопед жұмыс істейміз . Олар аутизммен ауыратын, ақыл-ойы мен сөйлеуінің дамуы тежелген, церебральды сал ауруы, Даун синдромы бар 10 баланы оқытамыз. Инклюзияны қолдау кабинетіне 2018 жылдың қыркүйегінде келген балаларда жағымсыз мінез-құлық байқалып, оқу дағдылары дұрыс болмады. Инклюзияны қолдау кабинетіне алғаш келгенде 5-10 минут өткеннен соң, мінез құлықтары шыға бастайды, әр түрлі қылықтар көрсетеді. Әр бала әр түрлі болады. Бір жыл өткеннен соң бала сыныпта, кабинетте қатарынан жалпы алғанда 4-5 сағат отыра алады. Оқуды және жазуды үйреніп, сабырлы болып, басқа оқушылардың мазасын алмайтын болады. Ол үшін педагог әр баланың тілін дұрыс таба білу керек. Оқыту бағдарламасына АВА терапиясы білім беру жүйесінде қолданылады. АВА терапиясы - аутист балалар үшін ең танымал терапия.

Аутизм спектрінің бұзылуы (ASD) - бұл нейро-дамудың жағдайы АВА терапиясы коммуникация, әлеуметтік және оқу дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Шындығында «аутизм терапиясы» сияқты нәрсе жоқ. Көптеген адамдар Applied Behavior Analysis (ABA) -ды «аутизм терапиясы» деп атайды, себебі бұл ерте араласу және мектеп бағдарламалары үшін ұсынылатын және төленетін ең көп таралған терапия. ABA-нің аутизм спектрінде балаларға кеңінен таралған бірнеше себептері бар: ABA ұзақ уақыт бойы болды, өйткені 1900-ші жылдардың ортасында BF Skinner әзірлеген ескі «мінез-құлықтың» дамуы. Нәтижесінде, бұл жақсы ойластырылған және түсінікті (АБА - бұл барлық жағдайларда, ескі мінез-құлыққа қарағанда, мейірімді және кең ауқымды тәсіл). ABA-ның қорытындылары ондаған жылдар бойы қарқынды түрде зерттелді. ABA зерттеуге барады, себебі бұл терапия, анық, өлшенетін мақсаттардан басталады және әр терапевт сияқты бірдей әдіспен жүзеге асырылады.Себебі, ол әрбір терапевт сияқты өте көп іске асырылғандықтан, адамдарға АВА-ны енгізу үшін үйрету өте оңай. Әдетте, ABA бағдарламалары білікті мамандармен әзірленеді, бірақ содан кейін парапорфессионалды түрде жүзеге асырылады. ABLLS -R протакол бойынша білім алу. (Оценка основных языковых и учебных навыков (ABLLS): оценка, руководство по учебной программе и система отслеживания навыков для детей с аутизмом ... инвалидностью: протокол ABLLS`. Оған не кіреді: Ынталандыру, Көзбен үйрену, рецептивті сөйлеу, өтініш, граматика, топтық мінез құлық, оқу , математика, жазу, тамақтану, дәретхана, моторикасын дамыту, таным қабілеті, өз-өзіне күтім жасаудың барлығын ава терапиясын да қолданып үйретеміз. Айна әдісін қолданамыз. Айна әдісі – ол бетпе - бет отыру арқылы жүзеге асады. Педагог не істейді, бала соны қайталайды. Педагог-ассистент үнемі физикалық және эмоционалды түрде күйзелісте болады. Келесі минуттарда не болатынын білмейсің, өйткені бала сізді нұқып, не ұрып жіберуі мүмкін. Әр балаға, оның диагнозына, дағдыларына, мүмкіндігіне және мінезіне қарай қарым-қатынас жасаймыз. Біз баламен достасып, оның көңіл-күйіндегі өзгерістерді сезінуіміз керек. Ерекше қажеттілігі бар балаларға дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Олармен жұмыс істейтін маманның педагогикалық білімінен басқа, алдын-ала болжай алатын, түрлі жайттарға дайын болу үшін түйсігі де болуы керек. Инклюзивті бағыт- кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Шымкент қаласы №37 Фуркат атындағы жалпы орта мектеп директоры Г.С. Байбосынованың басшылығымен ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сыныптарда баланың дамуына мүмкіндіктер жасалды. Мектебімізде қазіргі уақытта инклюзивті оқушылармен жеңілдетілген оқу бағдарламасы негізінде жұмыс жасайды. Арнайы логопед, дефектолог,педагог- асистент осы балаларға жылулық пен қамқорлықты сездіріп, ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар.

Күтілетін нәтиже:

-Балалардың саусақпен ойнау арқылы ойлау қабілеті, ұсақ саусақ моторикасы дамиды. -Сөздік қоры молайып , тіл мүкістігі жойылады.

-Жазуды және оқуды үйренеді.

-Әлеуметтік ортаға бейімделеді.

ЖҮСІПБЕК ӘСЕМ СЕЙДІҒАППАРҚЫЗЫ

Дефектолог, №37 Фуркат атындағы жалпы орта мектеп Шымкент қаласы


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!