Аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету əдістері

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету əдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі күнге дейін аутизм проблемасы бойынша әр түрлі елдерде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бала аутизмінің шығу тегі мен ерекшеліктері туралы әр түрлі ғылыми болжамдар мен пікірлер айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету əдістері


«Аутизмді 21 ғасырдың науқасы деп атайды.Егер өткен ғасырдың 70-ші жылдары əрбір он мың жаңа туған нəрестенің біреуінде ғана «аутизм» диагнозы ұшырасқан болса, 2013 жылы əрбір елуінші нəресте осы дертке шалдыққан. Тағы бір деректерге сүйенсек, ересектер мен балаларды бірге есептегенде, аутистік спектр көріністері мың адамның алтауында кездеседі екен, əрі қыз балаларға қарағанда ұл балалар арасында шамамен 4 есе жиі ұшырасатын көрінеді». 1943 жылы доктор Л. Каннер алғаш рет бала аутизмін психологиялық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеледі. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оның ерте жастағы бала аутизмі (Каннер синдромы) деп атады, оның байқалуының негізгі түрлері:

- қоршаған адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты орнатуға үлкен қиындықтар;

- тәртіптің қайталанатын, бір текті түрлерін үнемі қайталай беруге талпыну;

- белгілі бір объектілермен іс-әрекеттерге қатты берілу;

- сөйлеу тілін меңгеру мүмкіндігінің сақталғанымен, сөйлеу тілінің болмауы (мутизм) немесе сөйлеу тілінің адамдармен қатынаста пайдаланбауы;

- басқа салаларда танымдық қабілетінің жақсы болуы;

Бұл бұзылыстар ерте, 2,5 жасқа дейін байқалады деп мәлімдейді доктор Л. Каннер.

Қазіргі күнге дейін аутизм проблемасы бойынша әр түрлі елдерде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бала аутизмінің шығу тегі мен ерекшеліктері туралы әр түрлі ғылыми болжамдар мен пікірлер айтылады.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек әлем бойынша бұл дертке шалдыққандар саны 65 миллионнан асады делінген. Ал соның ішінде біздің елде осы диагноз бойынша тіркелгендер саны мыңнан асады екен. Дерек көздерінде соңғы он бір жыл ішінде аутизмге шалдыққан балалар саны 20 есеге өскен, ол дегеніміз дүниеге келген әрбір елуінші сәби осы аурумен туылады дегенді меңзейді. Ал аутизм қыз балаларға қарағанда көбіне ер балаларда жиі кездеседі екен.
Біздің елімізде кейінгі жылдары иппотерапия əдісі кеңінен қолданылып жүр. Əсіресе тірекқимыл аппараты зақымданған балаларды емдеу мақсатында қолданылып жақсы нəтижелерге қол жетуде.
Иппотерапия балалардың ойлау, есте сақтау, зейін қабілеттерін дамытады. Ат үстінде отыру адамнан үнемі зейінін шоғырландыруды, жинақылықты, дəлдікті, өзінің əрбір қимылын бағу мен басқаруды, жоспарлауды талап етеді. Бұл, əрине, өз кезегінде психикалық үдерістерді белсенділендіреді.
Арт-терапия да заманауи педагогикада кеңінен қолданысқа ие болған əдістердің бірі.

Арт-терапия ең алдымен ұсақ қол моторикасы мен қиялды, қол мен саусақ координациясын, шығармашылық қабілеттерді дамытады. Өнер арқылы балалар өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді, өзара сенім атмосферасы туындайды. Аутизмдегі ең негізгі белгі – вербальдық жəне əлеуметтік коммуникация қиындығы. Олар тілдік қарым-қатынас жасаудан мүлдем бас тартуы мүмкін. Сондықтан олар өз сезімі мен ойын сурет, бейне, түстер арқылы жеткізе

алады.
«Аутист балалар
техникамен тез тіл табысады, өздерін сенімдірек сезінеді, əрі өзінің іс-əрекеті мен сөзі үшін өзгелерден қысылмайды т.б. Мысалы, Speech Buddy,Speech Communicator бағдарламалары сөйлеу тілін дамытуға арналған, Therapy Images бағдарламасы визуальды стимуляцияға арналған, Autism Emotion –эмоцияларды тануға үйретеді. Əртүрлі зияткерлік тапсырмалардан тұратын бағдарламалар да толып жатыр. Сондай-ақ ересектерге арналған Able – əлеуметтік дағдыларды жетілдіреді.

АВА туралы және оның аутизм үшін неге жиі қолданылатынын біліңіз. Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі ол – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез – құлықты қолданбалы талдау (анализ) әдісін атауға болады.

Томатис терапия әдісі

Томатис терапия — арнайы аудио-вокалдық жаттығы әдісі. Мақсаты- мидың есту арқылы алған ақпаратты қабылдап, өңдеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл әдіс негізінде жаттығулардың арқасында сөзді қабылдау және түсіну процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. PECS — карточкалар арқылы баламен қатынасқа түсу жүйесі. Бұл бағдарлама-баланың негізгі қарым-қатынас дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Аутизм синдромы бар балалар өзге балалар сияқты қарым-қатынасқа түсіп, әрекеттесе алмайды сондықтан, жоғарыда айтылған әдістерді қолдана отырып ерекше балаларға әлеуметтік ортаға бейімделіп, қарым-қатынасқа түсуге көмектесуге міндеттіміз. Әрине ол үлкен шыдамдылық, төзімділік және еңбекті қажет етеді. Бүгінгі таңда ол біздің барша қоғамның алдындағы жауаптыда өзекті мәселелердің бірі.АВА – терапия - бұл – мінез – құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. АВА ғылыми тұрғыда адамның мінез – құлқын өзгерту үшін, мінез – құлыққа қоршаған орта факторларының әсерін зерттей отырып, осы факторлармен әрекет етеді.Аутизмі бар балалармен жұмыс істеуде АВА әдісін алғаш болып 1963 жылы Лос - Анджелестегі Калифорния университетінің докторы Ивар Ловаас пен оның әріптестері қолданған болатын. Кез – келген мінез – құлық өзімен кейбір салдарларды алады, егер балаға мінез – құлық ұнаса, ол бұл мінез – құлықты қайталайды, ұнамаса қайталамайды, осы әрекеттер негізге алынды.

Son – Rise бағдарламасы. Бұл 35 жыл бұрын ұлдары Раунның (Raun) аутизм диагнозына жауап ретінде ата – аналары Барри Нейла Кауфман мен Samahria Lyte Кауфманның шығарған бағдарламасы болатын. Son – Rise бағдарламасының авторы Барри Нейла Кауфман болып табылады. Аутизмнен толық сауыққан Раун Кауфман қазір Американың аутизмді емдеу орталығында ғаламдық білім беру директоры. Son – Rise бағдарламасы әлемнің 78 елінде шамамен 25000 балалар мен ересектерді емдеуге көмектескен. Бұл бағдарлама баланың өзіндік сарынына сүйенеді. Ересек баланың аутистік әлемін бұзбай оның қайталаушы және дәстүрлі әрекеттеріне жаңа түсініктер мен саналылық бере отырып, оның әлеміне қосылады. Сенсорлық интеграция мен стимуляция әдісі(СИС, заттық терапия). Денедегі барлық жүйке жүйелерінен миға түсетін сигналдар байланысы мәселесімен айналысады.
Холдинг – терапия». Соңғы уақыттарда аутист балаларды түзету жұмыстарында Батыста «холдинг - терапия» (ағылшын тілінен «hold» - ұстау) деген атпен танылған әдісті қолданамыз. Әдіс эмоционалды бұзылыстарды түзетуде қолданылады. Бірақ алғаш ерте жастағы балалар аутизмінен зардап шегетін балаларға жасалып, қолданылды. Бұл әдістің авторы дәрігер Марта Велш. Холдинг емінде ана баланы өзіне жақын тартады, оны құшақтайды және бетпе бет қатты ұстап тұрады. Аутизмі бар балалармен әңгімелесу кезінде бала өзін жалғыз, сыныптастарымен қалыптаспаған достық қарым-қатынастарын сезінгені ангықталады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2025
55
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі