Аюдың апанында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аюдың апанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне қажет,сабақ өткізген кезде көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4.Аюдың апанында


Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.


Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады:

-Біз аюдың қасында

Жеміс- жидек тереміз,

Аю ұйықтамайды,

Аю ырылдайды.

«Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.


Ұсыныс: Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін- екі аюмен ойнауға болады.







5.Өзіңе жұп тап


Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.


Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір -бір жалаудан таратады. Даңғыраның белгісімен, шапалақпен – жалауын көтеріп алаңда жүгіреді. Келесі белгімен – даңғыраны бірнеше ұрғылаумен, шапалақпен, «Өзіңе жұп тап»- деген сөзбен, түстері бірдей жалаулары бар балалар жұп құрады. Әр жұп өз беттерімен фигура жасайды. Жұпсыз қалғандарға ойнаушылар мынадай сөздер айтады: «Арман, Арман, аузыңды ашпай, тезірек жұбыңды таба ғой». Содан кейін белгі бойынша баолығы алңға жүгіріп келеді: 5-6 рет ойын қайталанады.


Ұсыныс: ойында тақ сан ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қатысады. Тәрбиешіде әртүрлі түсті жалаулар болуы керек: ойын қайталанғанда балалардың жалаулары ауысады. Ойыншықтар белгі бойынша өздеріне жұп таңдайды.


6.Аттар


Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.


Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. /Шабарманның қолында -ауыздық/. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады.


Ұсыныс: ойында жүгірумен жүгірудің түрлерін кезектестіруге болады.ойнды түрлендіруге болады: ат шабуы, орманға саяхат, т.б..



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
1179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі