Материалдар / Ауыл шаруашылығындағы машиналарды күтіп баптау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауыл шаруашылығындағы машиналарды күтіп баптау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыл шаруашылығындағы машиналарды күтіп баптау туралы түсінік беру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Ауыл шаруашылығындағы машиналарды күтіп батпау





















Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру



XXI - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ 20120жылғы 13 қаңтар №541-!У «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» туралы заңы мен Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілген ЭКСПО - 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетілді . Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған азамат ретінде өз үлесімді қоспақшымын.
Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілікке шақыру. Ата - бабаларымыздың, судың да сұрауы бар деп тегін айтпағанын келер ұрпаққа жеткізу.

Заңға көз ж.гіртейік:

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру;

2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;

3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру;

4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;

6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;

3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

Энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу мәселелерін шешпей, Қазақстан экономикасын дамытатын тұрақты модель құру мүмкін емес. Осы саладағы шаралар жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып ынталандыру арқылы өнеркәсіп, электр энергетикасы, тұрғынүй-коммуналдық және көлік секторларын жаңартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстан билігі елдегі энергия ресурстарының қомақты қорына және дамыған энергетикалық инфрақұрылымға қарамастан, энергетикалық саясаттың негзігі басымдықтары дәрежесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытын таңдап отыр.


Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан саясат мыналарды көздейді: 

  1. өнім өндіру барысындағы энергия ресурстарын тұтыну саласындағы нормативтер;

  2. қуаттылық коэффициентіне қойылатын талаптар;

  3. жобалау құжаттамасына қойылатын жаңа талаптар;

  4. энергия тиімділігі саласындағы міндетті талаптарды көлікке, электр қозғалтқышына, әртүрлі типтегі ғимараттар мен құрылыстарға және архитектуралық шешімдерге қолдану;

  5. өнжірістің ірі кәсіпорындардағы энергия тиімділігін бағалауға энергетикалық аудит жүргізу бойынша талаптар;

  6. энергия аудиторлары мен энергия менджерлерін даярлайтын оқу орталықтарын ұйымдастыру;

  7. энергия сервистік келісімшарттар механизмдерін енгізу;

  8. қыздыратын шамды пайдалануға және энергия тиімділігі бойынша класы таңбаланбаған электртехникалық өнімдерді сатуға тыйым салу.

Энергия тиімділігі бөлігінде заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі түзетулер де енгізілді. 
Ағымдағы жағдайды тәуелсіз әрі объективті бағалау мақсатында және энергия үнемдеу және энергия тіимділігін арттыру саласындағы күрделі мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар жасау мақсатында «KAZENERGY» қауымдастығы Энергетикалық Хартия Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатына шолу» әзірледі. Шолуда экономика секторы бойынша энергия тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін қиындықтар мен тосқауылдар белгіленген және озық шетелдік тәжірибе ескерілген ұсыныстар ұсынылған. 
Нәтижесінде бүгін қабылданған жүйелік шаралардың жиынтығы ел экономикасын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ететін біртұтас энергия жүйесін қалыптастыруға, экологиялық жүктемені азайтуға, ЖЭК энергия балансына тартуға және энергиялық тиімді технологияларды енгізуге бағытталған.

Жаңармалы энергия көздеріне деген дүниежүзілік сұраныс ұдайы өсуде. 2050 жылға қарай олардың ғаламдық энергетикалық балансы 35%-ға дейін өседі деп деп болжамдануда. Бүгінде іс жүзінде барлық дамыған елдерде жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағдарламасы құрылып, іске асырылуда. Бұл энергияның тиімділігі ресурстарының таусылмайтынына, энергия тасымалдағыштардың әлемдік нарығындағы баға жағдаятына тәуелсіздігі, сонымен қатар экологиялық тазалығына байланысты. 
ЖЭК негізгі басымдықтары  — таусылмайды және экологиялық таза. Осы сапасы шетелде жаңармалы энергетиканың жылдам дамуына себепші болды және оның жуырдағы онжылдықта дамуына оптимистік болжамдар жасалды. 
Осылайша бүгінгі күні ЖЭК болашақ энергетиканы дамытудың негізгі бағыты болып отыр. Қазақстанның осы энергияны пайдалануға қажетті барлық ресурстары бар. Елдегі, әсіресе оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығын ескерсек, ЖЭК қолданылуын ұлғайту туралы мәселе өткір болып тұр. 
Жаңармалы энергетика көміртекті экономикалық даму мен парниктік газ шығарындылары ауқымының тиісті өсуі арасындағы тарихи өзара байланысты жоюға, осы арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңармалы энергетика бастапқы энергия көздерін әрі қарай әртараптандыруға және қашықтағы өңірлерде энергетикалық қызметтерге қол жеткізуге көмектеседі. . 
Жаңармалы көздерді пайдаланып өндірілген электр энергиясының үлкен көлемін жүйеге интеграциялау қиындықтары мен ағымдағы шығындарды әлемнің басқа елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып түсіндіруге болады. Қазақстандағы ЖЭК әлі де енгізудің ерте сатысында және осындай қиындықтарға ұшырауда.  
Осылайша Қазақстанда арзан көмірдің үлкен қоры және ірі көмір электр станциялары кешені бар екенін ескерсек, еліміз келесі жиырмажылдықта көмір отынын қолданады, десек те электр энергиясын өндірудегі көмірдің үлесі бара-бара азая береді.

«Сіз үйде энергетикалық тиімділікке қалай қол жеткізесіз?» деген сұраққа жауап іздейік.

-теледидарды қажетті режимге қою;

-жарық шамдарын ауыстыру;

-қуаттағыштарды босқа қоспау;

-тоңазтқышты соңғы энергия үнемдегіш моделіне ауыстыру;

-жылуды жоғалтпау сынды өз ұсыныстарын білдірді. Ел экономикасының тірегі саналатын энергетика саласын тиімділікке жеткізу үшін жан-жақты инфрақұрылымдардың барлығын қайта қарап, саралау қажет сияқты. Себебі барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бәрін кішкенеден,өзімізден бастайық. «Тамшы тама берсе, тасты теседі»,-деген бар.

















































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Егемен Қазақстан » газеті. 21 желтоқсан 2020 жыл

  2. «energo-audit»com Экономия электроэнергии

  3. «ecotechnica»com.ua Как экономить электроэнергию дома

  4. «electricalshoole»info Экономия электроэнергии

  5. «Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері» Е.В.Китаев. Оқулық.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!