400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауылдағы жастарға жұмыс жоқ не себепті?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауылдағы жұмыссыздық , жас маман.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ауылдағы жастарға жұмыс жоқ не себепті?



Бүгінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне түйіндемелерін құшақтап, мамандықтарына сай жұмыс қарап жүргендердің дені ауыл жастары және көпшілігі орталықтан шалғай жатқан ауылдың тұрғындары көрінеді. Бұл – бүгін ғана туындап отырған мәселе емес. Сағызша созылып, түйіні шешілмей келе жатқан мәселе. Расымен де, ауылдың жастарына жұмыс табу қиынның қиыны. Ауылда жұмыссыздық есебіне тіркеліп, жұмыс таба алмай жүрген қаншама жас бар. Олар көп жылдан бері жұмыссыздықтың азабын тартып келеді. «Неге?» деген сұрақ туындауы мүмкін? Біріншіден, ауылда екі қолға бір күректің жоқтығы. Кімнің маңдайы шылқып жүр дейсің. Қолындағы азғантай малға қарап отырғандар бар. Тіпті, бағарға малы жоқтар да баршылық. Жұмыс болған күннің өзінде маусымдық қана. Көбісі жаз айларында егін салу, мал бағу, шөп шабу, отын дайындау сынды жұмыстарға араласады. Қытымыр қыс келгенде жұмыс таппай, қысылып шығатындығы анық. Екіншіден, қалаға жұмысқа кетейін десе, басында баспанасы жоқ. Сонымен қатар, кейбір жастардың ата-анасы қарт адамдар болған соң қараусыз тастап кете алмайды. Үшіншіден, «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» (Абай). Кей жастарды жұмыссыздық тентіретіп жіберді. Ата-анасының зейнетақысына жармасып, күнелтушілер де жоқ емес. Қолы бос жастардың бірқатары ішкілікке салынса, енді біреулерінің шаңырақтары шайқалып, жоқтықтың шырмауына шырмалғанын көзіміз көріп жүр. Тұрмыс сананы билейді. Көптеген жастардың шаңырақ көтермей, соқа басы сопайып жүргендігі де материалдық жағдайға барып тіреледі. Таяқ – екі ұшты. Мұның екінші жағы да бар. Үлкені мен кішісі бар қайтсек жақсы тірлік кешеміз деп жанталасқан мынау заманда, бәлкім, бұл сөзіме кейбіреулер келіспес. Дей тұрғанымен, нарықтық экономиканың мәнін түсінбей әлі де масылдық санадан арыла алмай жатқан замандастарымыз да жетерлік. Экономикалық дағдарыс белең алғанда жастар, көбінесе, халықтың осал тобына қосылады. Шыны керек, экономикалық өсім құлдыраған кезде жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, әсіресе, жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Тағы бір айта кетер жайт, жоғары оқу орнын бітірген жастардың бірден жұмысқа орналасып кетуі де қиын болып тұр. Қолында дипломы болғанымен, тәжірибенің жоқтығы оларға үлкен кедергі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.06.2023
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі