АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ақтөбе қаласы. №51 гимназия КММ
Биология пәнінің мұғалімі: Қартбай Г.Е
Ақтөбе өңірінде де біраздан бері агроөнеркәсіп кешенін дамыту барысында өнімділікті арттыру нәтижесі байқалып, халықты азық түлікпен,көкөністермен қамтамасыз етудің ең тиімді жолының бірі тамшылатып суару әдісін егін шаруашылығына батыл енгізу мәселелері ауылшаруашылық мамандарын қызықтырып отыр .
Қазіргі таңда ауылшаруашылық саласында еңбек өнімділігін арттыру міндеті қойылғаны бәрімізге белгілі. Еліміздің ауылшаруашылық мамандары бүгінгі күнге жаңа технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне бет бұра бастады. Шыны керек, осы әдіске көшкелі бері еліміздің түрлі аймақтарында егін шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтардың саны артып келеді. Тамшылатып суару әдісінің тиімділігін анықтау мақсатында №51 гимназия мұғалімдері 2021 жылы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінің тәжірибе алаңында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тәжірибе барысында колледждің тәжірибелік учаскесінде астық дақылдарды өсіруде тамшылатып суару әдісін қолданудың ерекшеліктерін сынап көру мақсатында 1 га жерге тамшылатып суару негізінде бидайдың Саратовская-50 , арпаның Илек-36 сорттары өсірілді.Нәтижесі айтарлықтай өте жоғары болды.
Ақтөбе облысының топырақ-климаттық жағдайлары зерттелді.Зерттеу барысында жылдық жауын – шашын мөлшерінің 135-350 мм (Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжі және ААШТС метеопосты орналасқан аймақта-297 мм) болғаны анықталып, астық дақылдарды суармасыз өсірудің тиімсіз екендігін ескере отырып,тамшылатып суару арқылы өнімділікті жоғарылатуды жоспарладық. Әрине жауын-шашынның бұл мөлшері өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін жеткіліксіз.Оның үстіне қолайсыз ауа-райы ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Соңғы жылдары қыста қардың аз болуы салдарынан,сондай ақ жазда жауын-шашынның аз болуы себепті Ақтөбе өңірінде астық дақылдарды өсірудің көлемі азайып барады.Нәтижеде шаруа қожалықтары бұрынғы астық егілетін жерлерге майлы дақылдардан мақсары өсіру ,сонымен қатар суармалы әдіспен жоңышқа өсіру,бақша дақылдарын тамшылатып суару әдісімен өсіруге көше бастады.
Зерттеу материалдарымен әдістері. Зерттеу жұмыстары 2020 жылы Ақтөбе ЖАШК аумағында орналасқан тәжірибелік учаскесінде жүргізілді. Топырақты егуге дайындау жұмыстары Ақтөбе ЖАШК тәжірибе учаскесінде 2020 жылдың 30 сәуірінде МТЗ -82 тракторына ПЛН-4-35 соқасын тіркеп жерді 27 см тереңдікте жырту жұмыстарымен бастадық .Мамырдың 1-2 аралығында жерді тырмалап,егуге дайындап қойылды. Зерттеу және бақылау объектілері ретінде дәнді дақылдардан жаздық жұмсақ бидайдың Саратовская 50 сорты және жаздық арпаның Илек 36 сорттарымен тамшылатып суару ленталары алынды.Отандық селекцияның бұл екі сорты - "Ақтөбе ААШТС" ЖШС, Ақтөбе облысы бойынша пайдалануға рұқсат етілген, ҚР Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалған.Ал негізгі зерттеу жұмыстары астық дақылдардың осы сорттарын тамшылатып суару нәтижесіндегі алыңған өнімділікті анықтау болып табылады.Тұқым себу жұмыстары мамырдың 3-4 аралығында жүргізіліп,себу тереңдігі 6- ~ 165 ~ 8см,себу мөлшері гектарына 150кг мөлшерінде егілді. Тұқым себу жұмыстарына МТЗ-80 тракторына СЗ-3,6 дән сепкішін қолдандық .Жалпы егістік алаңы 1 га жерді құрап,соның 0,450га жеріне бидай,0,550 га жерге арпа тұқымы себілді .Қатар арасы 20см ,өсімдіктердін арасы 5см аралықта тұқым себілді.Жаздық бидай мен арпа сорттарының көшеттері оларды 8 мамырда егілгеннен кейін 8-9-шы күні шығып бастады. Мамырдың 15-20 күндері егістік толық көктеп шыққаннан кеин тамшылатып суаратын ленталар тартылды. Зерттеу нәтижелері бойынша астық дақылдарды алғашқы суару жұмыстары маусым айында түтік шығару кезеңі толық өтіп болғаннан кейін басталып,аптасына 1 рет тамшылатып суару әдісімен ылғалдап отырылды. Маусымның аяғында масақтану кезеңінде астық дақылдардың суға талабы арта түсіп, суару мөлшерін 2 есеге арттырылды. Шілде айында ауа температурасы 30-350 С қызғанда 2 рет өсімдік тамыры ылғалданылып отырылды.Қыркүйек айының ортасында суару процесі тоқтатылды. Астық толықтай тамыз айының басында пісті.Астықтың толық пісіп-жетілуі кезеңінде зерттелетін сорттардың биологиялық өнімділігін анықтау үшін (г/м2 ц/га-ға қайта есептей отырып)1кв м алаңынан әрбір сорттың 3-4 сынама бауларын қолмен іріктеу жүргізілді.Механикаландырылған жинау процесі "Wintersteiger classic" шағын селекциялық комбайнымен толық пісу кезеңінде (15-20 тамызда) жүзеге асырылды.Сынамалық бауларды толық құрылымдық талдау зертханалық жағдайда "Ақтөбе АШТС"ЖШС селекция және тұқымшаруашылығы бөлімінде жүргізіліп анықталды. Алынған нәтиже бойынша суармасыз егілген бидайдан алынған жалпы биологиялық өнімділігі 1 шаршы метрден алынған сынамада 15,6ц/га ,ал тамшылатып суару нәтижесінде алынған өнімділік бидайдан 33,6ц/га,ал,арпадан 40,5ц /га на құрады.
Демек тамшылатып суарудың ерекшелігі өнімділіктің 2 есеге артуымен және де 1000 тұқым массасының ауырлығы өте жоғары болатындығын дәлелдеп отыр.
Сондықтан тамшылатып суару әдісінің ауылшаруашылығындағы маңызы өте жоғары,өйткені бұл әдістің өсімдікке әсері тікелей,яғни түтіктер көмегімен суды баяутамшылату арқылы суаруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар,оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше суару түрі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Г.Ж Ещанова Өсімдік өнімдері қндірісінің технологиясы Астана 2019жыл 28-51 б.
-
Жаңабаев Қ, Саудабаев Т, Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы, 1996
-
Ә. Ізтаев., Б. Отыншиев. Астықтану және диқаншылық «Қайнар», 1994
-
4. И. Сейітов., Т. Саудабаев., Ш. Әбдірашев. Агрономия негіздері.,«Ана тілі» 1995.
-
Бараев А.И. Яровая пшеница в Северном Казахстане. Алма-Ата, Кайнар», 1976.
-
Карпенко М.В., Сулейменов М.К. Посев яровой пшеницы. В пшеница в Северном Казахстане. Алма-Ата, «Кайнар» 1976 г.
7.. Федосеев А.П. Агротехника и погода. Л., 1979,
8.Оспанбаев Ж., Атакулов Т., Ержанова К., Абильдаева Д. Влияние капельного орошения на урожайность сортов озимой пшеницы в условиях предгорной зоны Алматинской области// Известия НАН РК, серия аграрных наук, №1. 2016 – С. 85-87 2. Кузин А.И. и др.
9.Влияние капельного орошения на изменение физических и химических свойств почвы.//Научный журнал КубГАУ, №129(05), 2017.
10. Полымбетова Ф., Маманов Л., Әбиев С. Қазақстанның жаздық бидайы 1991 ж. 99-105 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз