Ауылымның ажары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауылымның ажары

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты.

Тақырыбы:Ауылымның ажары

Мақсаты: 1. Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.

2. Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін дамытады.

3. Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақ түрі:

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі:

1. «Ауылым – алтын бесігім» тақырып;

2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі;

«Ауылдың даласыз күні жоқ, Даланың ауылсыз құны жоқ»

3. ҚР картасы;

4. Суретті ребус;

5. Сабақта пайдаланылатын тақырыпшалар:

6. Бейнетаспа «Ауылым»;

7.Кітап көрмесі;

8. Кесте «Мал шаруашылығы», «Көгалдандыру».

Шығармашылық жұмыс түрі:

Кіріспе: «Қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Жерімізді жау баспасын деп,

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

Біздің Отанымыз –Тәелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңісті далам, кең далам.

Тудым, өстім есейдім...

Ен далам – анам, мен балаң!

Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса, бүгінгі сабағымызды суретті ребус шешуден бастасақ..

Ауылым – алтын бесігім

Бейнеролик көру

«Ой қозғау»:

«Ауыл» дегенді, «алтын бесік» дегенді, «туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ауыл кімдердің мекені?» осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,

Ұят болды, ұят болды-ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?

Мұғалім: Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен «Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.

Оқушы: Ауыл десем, мал елестер көзіме,

Ауыл десем, дән елестер көзіме

Ауыл десем ер саламын құр атқа

Ауыл десем, ән естілер құлаққа

Мұғалім: Міне, ауыл жайлы бірер сөз қозғасақ, «Ауылым – алтын бесігім» тәрбие сағатында өз ауылымызға тоқтасақ.... (бейнетаспадан ауыл көрінісі)

Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда ойымызға не түйдік.(Оқушылардың ойлары сұралады). Қазіргі мектепте отырған жоғарғы сынып оқушылары - ертең ауыл діңгегін нық ұстайтын азаматтар. Олар ауыл тарихын, мектеп тарихын естен шығармастай өз ауылына адал еңбек етіп, ауылды көркейтетін - 2030 жылдың жастары.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі