Материалдар / ауылымның әсем табиғаты

ауылымның әсем табиғаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс-шара, тәрбие сағаты, бастауыш сынып жетекшісіне Меркі туралы оқушыларға таныстыру мақсатында пайдаланса болады. "Меркі" ребусы ұсынылған. Меркі өңірінің ақын қызы Шырын Мамасерікованың "Атажұрт" өлеңі берілген."Меркі шипажайының суреті берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
912
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ауылымның әсем табиғатыМақсаты: Меркі өзінің тау тасымен, көрікті ғимараттарымен, әсем табиғатымен мақтана алатындығын оқушы санасына жеткізу; өз ауылының әсем табиғатын құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттерБарысы:ҰйымдастыруБалалар, біз бүгін Меркі бойынша саяхатқа шығамыз.
  • Меркінің қандай көрікті жерлерін айта аласыңдар?
  • Меркі шипажайы
  • Сыпатай мешіті
  • Жауғаш ескерткіші
  • «Ақ ниет» демалыс орны
  • «Көктал» ойын-суық демалыс алаңы т.с.с.
Сен өз ауылыңа келген шетел қонақтарына қай жерлерді көрсетер едің?-Ойланбастан бірден тауға апарар едік. -Оларға Меркі шипажайын таныстырып, таудың бөктерінде орналасқан демалыс орындарын көрсетер едік.Киелі Меркі мекені,Өзіңді мақтан етемін.Көрмеппін мұндай өлкені,Көркіңе сүйініп өтемін.Ребус «Меркі»,,,,, , ,,,,,, Эссе жазу. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»,-деп дана халқымыз Отанын, туған жерін қадірлеуді бірнеше ғасырлар бұрын бойына қасиет тұтқан. Өйткені адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адам Отанынан қашықта жүрсе, туған жерін, елін аңсап, сағынады.











Менің де пір тұтатын өз Отаным бар. «Әркімнің өз жері-жұмақ»,-деген асыл сөздің астарында қаншама сыр, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші… Менің кіндік қаным тамған жерім-қасиетті Меркі жері. «Меркім» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақ сезіммен айта аламын. «Меркі» мен үшін жұмақтың төріндей. Неге десеңіз, ауасы демге шипа, таза, табиғаты керемет, көрікті. Он жеті ұлттың өкілін бір шаңырақтың астына, бір үйдің баласындай жинаған мекенде тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Мұның өзі біз үшін жетістік. Себебі татулығы жарасқан ел қашанда берік ел болады.Атажұрт.Шырын МамасеріковаҚарашығы көзімнің,Алтын ұям өзімнің.Туған жерге арналар,Бал-шырыны сөзімнің.

Арманымдай ең биік,Атажұртым – жерұйық.Ақын етті албырттау,Жүрегіме жыр құйып.

Қазынасы халықтың,Тайқазанын тарихтың.Жамбасына жасырып,Жатқаны да анық шын.

Киесі бар ғаламат,Суы – шипа, жері – абат.Атажұрттан басталар,Елге деген махаббат.

Сұлу ғарыш көгінен,Рахман нұры төгілген.Алтын ұям, туған жер,Бақ кетпесін төріңнен!..

Қорытынды. Әрбір адамның өзінің туып-өскен жері бар. Оның ауасы да, суы да оған ерекше әсер береді. Сондықтан өз ауылыңды ұмытпа, қолдарыңнан келгенде оның көркеюіне үлес қоса біліңдер.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ