Кіріспе
Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – халық ауыз әдебиет түрлері. Себебі халық ауыз әдебиет мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне халық ауыз әдебиет түрлері тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан халық ауыз әдебиетінің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Халық ауыз әдебиеті мектепке дейінгі балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге т.б. уағыздайды. Оның үстіне халық ауыз әдебиет түрлері жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - жақсы үлгілердің алғы шарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан осы әдістемелік құрал өзекті мәселеге арналған деп білемін және де халық ауыз әдебиет арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған
мәселе.
Осы әдістемелік құралдың нәтижелерін теориялық тұрғыдан:
- халық ауыз әдебиеті жанрларын классификақиялауда;
- халық ауыз әдебиеті жанрларынан оқулық түзу үшін мәтіндер
алуда;
практикалық тұрғыдан:
-мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері әрбір сабақтан тіл дамыту жұмыстарына;
-болашақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан кезде қосымша көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалана алады.
Әдістемелік құрал мақсаты: Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамыту.
Әдістемелік құрал міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін.
- жалпы ауыз әдебиеті туралы қысқаша сипаттамасы;
- бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін;
- халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы маңызын шешіп алу
қажет.
Әр тәрбиешінің алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақты ұлттық рухани біліммен қаруландыру. Халық педагогикасының бір бөлігі - халық ауыз әдебиеті.
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі.
Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын- бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы- мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақтар, жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланатын дүниелер.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.
Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілікке сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
-
Мақал-мәтелдер
-
Жұмбақтар-жаңылтпаштар
-
Ертегілер
-
Аңыз-әңгімелер
-
Тыйым сөздер

Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі:
-
Баланың қиялын, фантазиясын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
-
Әдеби образды тану, қабылдау әдісі қалыптасады.
-
Ойын, ойнау, сөздік қорын, тілін дамыту.
-
Баланы жеке тұлға ретінде дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде, интеллектуалдық дамуында, оның шығармашылық мүмкіндіктерін байыта түсуіне көп септігін тигізеді. Сол себептен, халық ауыз әдебиетімен таныстыруда әдіс-тәсілді қолданудың маңызы зор.
Осы әдістерді қолдануда тірек-сызбаның алатын орны бөлек, себебі сөздік қорының аздығынан және халық ауыз әдебиетінің мазмұны терең, күрделі болғандықтан тірек-сызба мен әдіс-тәсілдер жұмысты жеңілдетеді. Тірек-сызбаны қолдануды бастамас бұрын, алдын-ала жұмыс жүргізу қажет.
Тірек-сызбаны қолдану баланың дамуына тигізетін әсері мол. Оны мына таблицадан көруге болады.

Тірек-сызба баланың тіл байлығын жетілдіреді, белсенділігін арттырады, ол жан-жақты ізденеді, практикалық іс-әрекетте болады, шығармашылығы, тілі дамиды, құрбыларын тыңдауға үйренеді, еркін ойлауға мүмкіндік береді, өз ойын тұжырымдайды, өз ойын айтуға үйренеді.
Мектепалды балаларының сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем-образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемен топтап ұсынған. Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б. балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді.

Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керектігі мақал - мәтелдерде толық қамтылады. Мысалы: Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар», т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі - еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.
Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық баланың сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады.
1) Балаларға түсінікті болуы үшін мақал-мәтелдердің қысқа түрін алу қажет.
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарар», «Жылқы – малдың патшасы», «Отан оттан да ыстық» және т.б.
2) Мақал-мәтелдерді лексикалық тақырып бойынша қарастыру орынды.
3) Мектепке дейінгі балалардың мақал-мәтелдерді меңгеру деңгейі жоғарылаған сайын күрделендіріп беру керек, яғни алғашқыда қысқа түрдегілерін берсек, одан кейін кем дегенде екі жолдан тұратындарын беру керек.
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін мақал - мәтелдерді төмендегідей түрлерде қолдануға болады:

INCLUDEPICTURE
"http://www.rusnauka.com/32_PVMN_2011/Pedagogica/5_97250.doc.files/image006.gif"
\* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE
"http://www.rusnauka.com/32_PVMN_2011/Pedagogica/5_97250.doc.files/image007.gif"
\* MERGEFORMATINET
Осындай тіректерді қолдану балаларды жалықтырмайды, керісінше олардың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, тек қана сөйлеуін дамытып қоймай, олардың таным үрдістерінің дамуына да ықпалын тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үзбей жүргізілетін және тіл дамытуға мүмкіндік беретін халық ауыз әдебиетінің бірі - жаңылтпаштар. Ол баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне тартымды қылықтарына күле отырып, оларды дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретеді.

Жаңылтпаш - халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол туралы С. Сефуллин: «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін құрған орында айтылатын айтыстың бірі –жаңылтпаш. Бұл да ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың тілге ұстануларына, ойнақы, қырлы сөздерді тақпақша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға жас кезінен сабақ-ойын болатын нәрсе осы-жаңылтпаш.»- деген Жаңылтпаш көбінесе мектепке дейінгі балаларға лайықты шығарма. Олай дейтініміз - жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, ол көбінесе балаға ғана тән нәрсе.
Бүлдіршіндер балабақшаға келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Балалардың көбінесе, дұрыс айта алмайтын, тілі келмейтін «р» дыбысы. Осыған байланысты «р» дыбысын құрайтын дұрыс айруға бағытталған жаңылтпаштар да көп. Мысалы:
Ай, Тайқарбай, малыңды жадыраға жай, Тайқарбай
Ай, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай т.б
Осы жаңылтпашты жылдам айтқызғанда бала жаңылып, «р» -дың орнына «и» дыбысын айтуы да кездеседі
Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Сәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды. Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған. Мысалы: «с» мен «ш» дыбысын дұрыс ажыратып айту үшін:
Шеше, неше
Кесе сынды кеше,
Сондай-ақ, осы дыбысты шатыстырмай айтуға үйретуге байланысты,
Торта қойдым, орта ойдым
Орта қойдым, жорта қойдым,- деген сияқты көптеген жаңылтпаштарды айтуға болады. Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескерген жөн. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек. Осы балалар категориясына неғұрлым жаңылтпашты көп қолданса, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгереді. Сонымен қатар, сөздерді бұрмалап айтпау үшін ойын айқын да дәл сөйлеуге жаттықтырады. Жаңылтпаштардың әр сөйлеміндегі баланың тілі келіңкіремейтін сол «р», «с» дыбысының әлденеше рет қайталанып келуін қарастырған.

Халық ауыз әдебиетінің келесі бір түрі - жұмбақтар. Халық ауыз әдебиетінде жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Жұмбақтың балаларға пайдалы жағы - өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Зерттеуші Ш. Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама берген: «Жұмбақ дегеніміз- адамның қай затқа болса да поэтикалық көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі». Жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, балалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәйкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын , логикасын, тілін дамытуға мән бердік. Баланың ақыл-ойын дамытуда танымдық қабілеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады. Жұмбақтар өз ішінде құстар, үй жануарлары, дала жануарлары, өсімдіктер өлкесі, адам дене мүшесі туралы т.б. түрлері болады.

Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез-келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді. Тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі болуға тиіс. Жұмбақ айту мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Бастауыш сынып оқушылары мен «білгіштер жарысын», «жұмбақ жарысын» немесе «білгіштер сайысын» белгілі бір тақырыпта немесе мерекеге қарсы ұйымдастыруға болады. Жұмбақтарды психикалық дамуы тежелген оқушыларға үйрету немесе шештіру кезінде жеңілден қиынға қарай ілгерлеген жөн.

Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді. (Ақ тиін)

Қалдырмай баласын бір елі,
Қалтаға салып ап
жүреді.
(Кенугру)

Жағасында бұлақ,
Жайылып жүр.....(Лақ)
Маңайын түгел
көріп,
Биіктен қарайды...(Керік)

Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы...(Арыстан)

Ертегілер - халық өмірін бейнелейтін көркем шығармалар. Ертегінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана - сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні балалар сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы, тапқырлық ой-пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, балаларды бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді.

Халық ертегілерінің ішінде ең көп тарағаны - хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла-тәсілдері балаларға ой салады. Бұл ертегілер баланың санасын оятып, мақсат-мұрасына жетуге үйретеді. Ертегі жөнінде Мұхтар Әуезов: «Ертегілер жас баланың ой – санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді»,-деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар: Ертегінің барлық кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екіншіден, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық» «Түлкі мен тауық», т.б жатады. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салып шешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді.
Ертегілерді балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануда көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Солардың негізгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: ертегілерді рөлдерге бөліп оқыттыру; ертегі желісімен суреттер салғызып, сол сурет негізінде ертегі мазмұнын сұрау; ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау; оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні балағы түсінікті болуы үшін қысқартып немесе артық шұбылаңқы сөздерін алып тастап қолдану.
Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану баланың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды, қайта олардың таным процестерінің, басқалармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Ұрпақ санасында ұлттық қасиеттерді қалыптастыру тіл мен дін, салт пен сана, ұлттық дәстүр арқылы жүзеге асады. Халқымыз ғасырлар бойы сайын даланың қатал табиғатымен бетпе-бет келгенде, шапқыншы жаумен шайқасқанда, бейбіт өмірдің мамыражай тірлігінде жинақталған бай тәжірибесінен көрген-түйген қорытындысы ретіндегі ырым-тыйым сөздердің ұрпақ тәрбиесінде қазір де мәні жойылған жоқ.Ізгілікті аңсаудан туған ырымдар, бәле-жала кесапаттан сақтандыратын тыйымдардың тәрбиелік мәні өте зор. Ырымдар мен тыйымдар халқымыздың әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан бұлжымай орындалып отырған. Ырым мен тыйым сөздер бір-бірімен сабақтас, өзектес болады. Халық ұғымындағы ырым ұрпаққа өнегесі, шапағаты тиетін, ізгі қасиеттер жұғысты болса екен деп қолданылатын ғұрыптың түрі. Ол негізінде жақсы ниет пен көңілге медеу, тілекке сүйеніш табу үшін қолданылады. Киелі, қасиетті ерекше бір рухтан сол арқылы медет тілейді. Ал кей әрекеттерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салады. Осы жерден біз осы екі ұғымның өзара байланысты қанаттас жүретінін аңғарамыз. Осы айтқанымыз сенімді болуы үшін мына мысалдарға назар аударыңыз: бүйіріңді таянба; үйге, ауылға қарай жүгірме; таңдайыңды қақпа; тізеңді құшақтама. Осы сөздерден жамандық шақырады деп ырымдап, тыйым салған. Ал дүбірлі ас пен тойдан сарқыт алу, үйге оң аяқпен кіру, отқа май құю үстіндегі жақсы тілек болашақтан күтер үкілі үмітпен ұштасып, сәттілік пен береке, ізгілік ұрпағыма болса екен деген қалау аңғарылады.

Көк – ті жұл – ма,
жас–тай со –лар –сың.
Нанды жерге тастасма.

Есікті керме.
Жо – лау – шы – дан « қай - да ба – ра - сың ? » деп сұ – ра – май - ды, « жол бол - сын !» дей - ді .

Сә – би қо – лын – да - ғы зат – та – рын « ша - шу » деп шаш - са, ол үй -де той бо – ла - ды.

Ұл ба – ла - ға көз ти – мес ү - шін ке – кіл не – ме – се тұ – лым қой - ған. Ал қыз бол - са тұ - мар не көз - мон - шақ тақ - қан.

Нә-рес-те дү-ни-е-ге кел-ген-де ы-рым-дап а-тақ-ты, ұ-лы кі-сі-лер-дің а-тын (сол кі-сі-дей бол-сын деп) а-зан ша-қы-рып қой-ған.
Қорытынды
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын дамытуға, сөз қорын байытудағы тәсілдердің бірі – халық ауыз әдебиетімен таныстыру.
Әдістемелік құралда халық ауыз әдебиет түрлері: мақал-мәтел, жаңылтпаш, ертегілер, тыйым-ырым сөздер және жұмбақтарды мектеп жасына дейінгі балалармен тірек суреттер, сызбалар қолданып жұмыс жасауға тиімді түрлері берілген.
Әдістемелік құрал мына міндеттерді шешеді:
-
тірек кестелер мен белгілерді тез ұғынып, есте сақтап баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай жасау;
-
байланыстыра сөйлеу дағдыларын, суреттер, сызбалар арқылы дамыту;
-
балалардың көру, есту, ойлау қабілеттерін танымдық іс-әрекеттері арқылы жетілдіру;
-
қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп дұрыс, анық айтуға машықтандыру.
Жалпы әдістемелік құрал мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне әдістемелік құрал ретінде қолдану үшін ұсыныла алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп.
1991ж. 3-376.
2. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы
«Мектеп» 1969ж. 77-796.
3. Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж.
143-2016.
4. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның ауыз
әдебиеті 2003ж. 34-536.
5. 10. Қазақ халық әдебиеті: І-ші том Ертегілер Алматы «Жазушы» 1988ж. 47-546.
6. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары» Алматы «Ғылым» 1981ж. 157-2026.
7. Қалқабаева М. «Балалар әдебиеті-тәрбие құралы» Алматы «Мектеп» 1976 ж. 68-1016.
8. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы «Мектеп» 1979ж." 33-386,
9. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп» 1994ж.24-76б.
10. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж. 122-126 б.
11. Бастауыш мектеп ІІҮ. Сайлыбаева «Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту» 2004 №5 25-26 бет.'
12. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер» 2004 №2 47-49 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауыз әдебиеті

шағым қалдыра аласыз