12.11.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилінің
формалары
Қазақ тілі 9
сынып
Сабақтың мақсаты: а)
қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік бере отырып,
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыру;
ә) түрлі әдістерді
пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау
қабілеттерін арттыру;
б) сабақ
барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға
машықтандыру;
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша
материалдар т. б
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен амандасу,
түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)
Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға
өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар
қоямын.
Стиль дегеніміз
не?Стиль-қарым-қатынас барысында тілдік бірліктерді сұрыптап
пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнері.
Тіл стильдері нешеге бөлінеді? 1. Ауызекі
сқйлеу стилі 2. Көркем әдеби стилі 3. Ресми іс-қағаздар стилі. 4.
Ғылыми стилі 5. Публицистикалық стиль (кітаби тіл
стилі)
Кітаби тіл стилі өз
ішінен нешеге бөлінеді? 4-ке 1.Көркем әдеби стилі 2. Ресми
іс-қағаздар стилі. 3. Ғылыми стилі 4. Публицистикалық
стиль.
Көркем әдебиет стилінің
қолданылуы.Көркем әдебиет
стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем
шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше
ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда
қолданылмайтын сөздер мен сөз
тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек
қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен
де турады.
Ресми іс – қағаздар стилінің
қолданылуы. Ресми
стиль — ресми қатынастар
аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми
құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те
аталады.
Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар
қойылады:
-
түйіндеменің дәлдігі немесе бір
мағыналылығы;
-
айқындық немесе жүйелілік;
-
логикалық, яғни қайшылықтың болмауы,
дәлелділігі;
-
баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің
болмауы.[1]
Ғылыми стильдің
қолданылуы.Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде
сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір
дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге
нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі
қажет.
Публицистикалық стильдің
қолданылуы.Публицистика (латынша: көпшілік,
әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда
жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық
талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі
бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы
қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа
стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді.
Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси
тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды,
шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне
жатады.
Жаңа сабақты
түсіндіру.
Күнделікті қарым - қатынас, негізінен,
ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөйлеу барысында
өзіндік мақсат, тілдік құрылым, қолданыс ерекшеліктері
байқалады.
Ауызекі сөйлеу
стилі
Мақсаты: Кеңесу, көзбе - көз тілдесу мен
пікірлесу, ой бөлісу
Қолданылу аясы: Еркін әңгіме - сұхбат,
дауласу, көпшілік алдында сөйлеу кезінде
қолданылады.
Стильдік сипаты: Сөздер мен сөз тіркестерін
еркін қолдану, даярлықсыз өткізілуі. Ым - ишара
қолдану
Тілдік амал - тәсілдері, сөйлеу тілі
ерекшеліктері: Лексикалық ерекшеліктері. Қарапайым, бейтарап,
диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, метонимия,
эвфемизм еркін қолданылады. Фонетика - морфологиялық ерекшелік.
Дыбыстарды түсіріп айту, оқшау сөздермен эмоционалды -
экспрессивті, қысқарған сөздер қолданылуы. Синтаксистік
ерекшеліктер. Сұраулы, лепті, толымсыз, риторикалық сұраулы
сөйлемдер қолданылып, диалогқа
құрылады
Сөйлеу тілінің бұл сипаттарын жазушылар
көркем әдебиетте кейіпкердің бейнесін ашып, мінезін таныту
мақсатында әдейі
пайдаланады.
Сөйлеу стилі адамдардың бір - бірімен
күнделікті қарым - қатынасында ауызекі тілдесу түрінде жүзеге
асады. Бұл стиль түрін жазушылар әдебиетте кейіпкердің бейнесін
ашып, мінезін таныту мақсатында көркемдегіш сөздерді пайдаланады
екен. Мыс:
- Ананы қара, аузы аңқайып кетіпті. «Жоғарғы
ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреп» деген осыған айтылған
сияқты.
Жаттығумен жұмыс: 22 -
жаттығу. Мәтінді оқып
стилдерді анықтаңдар.
Талдау
жұмыстары: Томар
Бірыңғай жуан
буынды сөз Т - қатаң
Екі буыннан
тұрады: ашық, бітеу О - жуан, еріндік,
ашық
Буын үндестігі
бар М - үнді
Томар түрінде
тасымалданады А - Жуан, ашық,
езулік
Екпін соңғы
буында Р - үнді
1 -
Тапсырма: Сөйлемдерді ауызекі сөйлеу стилінің түрлеріне қарай
талдаңдар.
Ол кезде біз
Сұлутөрдің Қосарық деген жерінде
тұратынбыз.
Бұлай деп кім,
қашан қойып жүргені бізге беймәлім.
Бірақ әр жерде
бір тапал тамдардың арасымен ирелеңдеп ағып жататын арық бар
болатын.
Неше жылдар
бойына су шайып, мүжіле - мүжіле арнасының екі жиегі биіктеп,
жарқабақтанып кеткен.
2 –
тапсырма. Ауызекі сөйлеу стилінде
түсіндір
Бақыт деген -
сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ
бақытты боп жүргенің,
Бақытын да,
басқасын да білмеуің
Бақытсыз - ақ
ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы
менің мынау білгенім,
Бақыт деген -
бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол –
тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп
азаптанса кімде - кім
Білімді бекіту: Өткен тақырыптар бойынша
бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап
беремін.
Үйге
тапсырма:
Тақырыпты
оқу
Ауызекі сөйлеу
стиліне көркем әдебиеттен 5 сөйлем жазып
келу.
27 -
жаттығу.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай
білімдері күлегештер арқылы бағаланады.