Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауызекі сөйлеу стилі

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға қажет болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: Ауызекі сөйлеу стилі

Мектеп: «Созақ» жалпы орта мектеп- гимназиясы

Күні: 12.10.17

Мұғалімнің есімі: Тулепова Гулзина

Сынып: 9«А»


Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0




Жалпы

мақсаты

Оқушылар оқытудың жаңа әдіс-стәсілдерін үйренеді.Жаңа материалды өз беттерінше меңгере отырып, аталған стильдің маңызын танып біледі.



Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар: Стильдің ережесін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Стильдің тармақтарын біледі, мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:Ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стильдің ерекшеліктерін салыстыра алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Стильдік сипат,тілдік амал-тәсілдер, кеңесу,тілдесу т. б

Диалог құруға \ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:

Ауызекі сөйлеу стилінің қажеттілігі неде деп ойлайсың?

Сөйлеу тілінде қандай тілдік амал-тәсілдер қолданылады?

Не себепті ауызекі сөйлеу стилінде сөздерді немесе сөз тіркестерін еркін қолданамыз?

Ишара: Ауызды қимылдату, адамдардың суреті,қарым-қатынас белгілерін көрсету

Алдыңғы оқу

«Ауызекі сөйлеу стилі» туралы аудиожазба тыңдату

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

8 мин.

Сәлемдесу.Оқушылардың психологиялық ахуалын туғызатын тренинг. Оқушылар шеңбер құрып,тілектер жазылған үлестірмелі қағаздарды оқиды.

Топқа бөлу. Топқа әртүрлі киім стильдері арқылы бөлінеді

1.Классикалық киім

2.Қазіргі заман үлгісі

3.Спорттық киім үлгісі

4.Ұлттық киім

Ширату.

«Балмұздақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.Білімдеріндегі кемшіліктермен жұмыс жасалып, түзетулер енгізіледі.тілден шыққан сөз

-Стиль дегеніміз не?

-Стиль қай тілден шыққан сөз?

-Стиль неше тармаққа бөлінеді?

-Әр стильге мысал келтіріңдер.

Бағалау критерийі:

Стиль туралы мәлімет келтіре отырып, ойын анық жеткізе алады.

Дескриптор:

Стиль туралы оқушы толық біледі.


Тілектер жазылған үлестірме қағаздар

Shape1







Балмұздақ таяқшалары

Сабақтың

ортасы

27 мин.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:Білу. Түсіну.

Бағалау критерийі:

Мәтіндегі көтерілген мәселені оқып,стиль түрін анықтайды.

Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді.

1-тапсырма.(топтық жұмыс)

«Ауызекі сөйлеу стилі» мәтінін мұқият оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Постер қорғау

Дескриптор:

-көтерілген басты мәселені оқып ,қай стильге жататынын анықтай алады.

-ойын тиянақты сенімді жеткізеді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:Қолдану.

Бағалау критерийі:

Өлең жолдарын мұқият оқып, ауызекі сөйлеу стилінде жеткізеді.

2-тапсырма. (жұптық жұмыс)Өлең жолдарын мұқият оқып, ауызекі сөйлеу тілінде түсіндіріңдер.

Дескриптор:

Өлеңді мұқият оқып, ауызекі сөйлеу стилінде түсіндіріп бере алады.

Сергіту сәті.

Ойлау дағдыларының деңгейлері.Жинақтау.Талдау.

Бағалау критерийі:

Ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стильдің ерекшеліктері мен ұқсатықтарын ажыратады.

3-тапсырма. «Төрттік диаграмма» әдісі.(жеке жұмыс)

Ауызекі стиль мен жазба стильдің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын сызбаға салып жазыңдар.

Дескриптор:

Ауызекі стиль мен жазба стильдің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын тани біледі.



АКТ



«Басбармақ»

«1-1» әдісі



А-4 парақтары



Мәтін жазылған парақшалар.





+Shape2 , -,

белгілері арқылы








А-3 парағы

Сабақтың соңы

10 мин.


Жаңа сабаққа «» әдісі арқылы қорытынды жасалады.Түзету, толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Үйге тапсырма: Ауызекі сөйлеу стилінің адам өміріндегі маңызы

Келесі сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Көркем әдебиет стилі» тақырыбына ізденіс жұмыстары

Рефлексия: Бүгінгі сабақта не үйрендің?Үйренгеніңді өмірде қалай қолданасың?






«Бес саусақ» әдісі

Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

А-деңгей

Ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стилінің өзара айырмашылығына сызба құрастыр.

В-деңгей

Диалог құрау

С-деңгей

Газет беттерінен жазба стильге мәтін бөліктерін көшіріп жаз.

Өзара бағалау,
топтық бағалау, қалыптастырушы бағалау

«бірін-бірі бағалау» әдісі , бағалау парақшалары, өзін –өзі бағалау

Әдебиет, бейнелеу өнері


АКТ



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұраққа жауап беріңіз.

1.Көзделген мақсаттар мен міндеттер орындалды.

2.Бүгінгі сабақта оқушылар ауызекі сөйлеу стилі мен жазба стильдің өзара айырмашылықтарын үйренді.

3.Сабақ өз деңгейінде өтілді.

4.Саралау тапсырмалары жүзеге асып, өз нәтижесін көрсетті.

4.Уақытты әлі де болса үнемдеу керек деп ойлаймын.

5.Жоспарыма әзірше еш өзгеріс енгізуді қажет деп таппадым.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. «Ауызекі сөйлеу стилі » тақырыбындағы мәтінге постер жасау өте сәтті шықты.

  2. «Үштік диаграмма» әдісі ұтымды қолданылды.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1»Үштік диаграмма» әдісі сабақ мақсатына қол жеткізуге өз ықпалын тигізді.


2.Берілген мәтінді жұптық жұмыс арқылы талдау ұтымды шықты.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2018
1802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі