Материалдар / Ауызша есептер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауызша есептер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпқа арналған ауызша есептер жинағы, әдістемелік құралы. Математика пәнінен қосымша сабақтар өткізуде мұғалімге көмекші құрал. Онда түрлі логикалық тапсырмалар мен танымдық тапсырмалар жинағы беріледі. Оқушылардың шапшаң ойлауы мен дәлелдей білу қасиетін арттырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
1799
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі

«№3 орта мектебі» КММ



Ауызша есептер жинағы


(1- сыныпқа арналған)


Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі

Мауленова Г.С.



Лисаков қаласы

2013 жыл



Кіріспе.


Қазіргі заман талабына сай білім беруде жеке тұлғаның бәсекеге сай болуына аса назар аударылып отыр. Осы орайда жас баланың құзыреттілігін дамыта отырып, өз бетінше ойлана алуға және өз ойының қаншалықты дұрыстығын дәлелдей алатындай деңгейдегі білім беруді басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізу мұғалімдерге жүктеліп отыр. Ақпараттандыру мақсатында даярланған электрондық оқулықтар мен ғаламтор жүйесінің жас баланың жан-жақты дамуына тигізер үлесі молдығына өзіміз де куә болып жүрміз.Десек те, бұл оқытуға біржақты қарамай, іс-тәжірибеміздің арқасында оқушылардың ауызша да тез ойлана алуына, шешімді дұрыс қабылдауына, өз шешімін дәлелдей алуына, араторлығына, өзгеден өзінің ойлау шапшаңдығының айырмашылығын тани білуіне ықпал жасайтындай әдістерді қолданғанымыз дұрыс.Оның тиімділігі жеке тұлғаның өз ортасына тез бейімделуінде, өз ойын ашық айта білуінде және өзін-өзі тануында.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлауы, қабылдауы және есте сақтауы тура мағынада дамиды. Мысалы: тас жүрек, ол бала үшін- жүрегі тастан жасалған. Яғни, 6-8 жас аралығындағы балалар сөзің терең мағынада айтылатындығын түсінбейді, оған аса мән де бермейді.Сондықтан, жас бүлдіршіндердің ғылыми тұрғыда түсінуін қалыптастыру үшін, әр нәрсенің аты мен затын, сипатын, жалпы кейбір заттардың басқа да мағынада айтылатындығы туралы әрдайым мағұлымат беріліп отырғаны дұрыс.6-7 жастағы оқушылар көзбен көріп, қолмен ұстағанын жақсы есте сақтайды. Түрлі түсті суреттермен берілген тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылықтары артады. Ал, 8-9 жаста олар сол заттар туралы терең ойланып, қайдан келгенін, не үшін қажеттілігін іздене бастайды.Мұндай өсу сатылары қалыпты деңгейді сипаттайды. Бүгінгі білім берудегі талапқа сай бұл даму кезеңдері жасарып келеді. Енді 5-6 жастағы бүлдіршіннің өз тек қолмен ұстап, көзбен көріп қана қоймай, оны өз бетінше саралып, өзінің ойымен дәлелдей алатындай жағдайда отыруы тиіс. Әрине, мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылар үшін көптеген қиындықтар туып отырғаны рас.Әсіресе, салыстыру, айырмашылығын табуда балалар қиналады. Алғашқы кезде салыстыруды біржақты ғана көреді. Мысалы: «Алма мен допты салыстыруға бола ма?» деген сұраққа, олар көбіне «Жоқ алманы жейміз, ал доппен ойнаймыз» деген жауаппен шектеледі.Ал, әрі қарай оқушылардың ойын дамыту мұғалімнің еншісінде. Түрлі сұрақ-жауап арқылы баланың ойы мен қатар тілін де дамыту керек. Сондықтан да , төменгі сынып оқушыларының дамуына көмектесу үшін әр сабақта және сабақтан тыс уақытта да түрлі дамыту ойындары мен жаттығуларды үзбей жүргізсе, олардың логикалық ойлау дәрежелері де қалыптаса бастайды.

Бастауыш сыныптан бастап өткен тақырыпты қорытындылай алуға, мағынаны ажыратуға, салыстыра білуге және өз ойын дәлелдей алуға үйрету. Оқушы бойына осындай қасиеттерді қалыптастыру үшін математика саласының алар үлесі зор. Берілген тапсырманы оқи отырып, оқушы өз бетімен оның мағынасын терең саралап түсінуге, оны жүйелеп талдап барып, нәтижеге жетуге жаттығады. Ойлау қабілетін дамытатын тапсырманы шешкенде мұғалім нақты да дұрыс бағыт бере білу керек. Егер оқушы қате шешкен күйде де оны түзетпей, оған «Сен басқаша ойланып көрші, немесе мүмкін былайша тәсілмен шығарған дұрыс шығар» деген бағыт-бағдар берген дұрыс. Сонда оқушы басқаша ойлауға тырысып көреді, өзіне деген сенімділік пен жауапкершілікті де сезінеді. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша бірінші сынып табалдырығын аттайтын оқушылар жасына сәйкестелінген тапсырмалар жиынтығы ұсынылып отыр. Әсіресе, құзыреттілігін дамытуға арналған тапсырмалар мұғалімге карточка ретінде қолдануға дайын.

Бұл әдістемелік жинақта 1-сынып оқушылары тек ауызша есеп шығарып қана қоймайды, жан-жағындағы қоршаған заттармен , жан-жануарлар және олардың атауымен, адамдардың қарым-қатынастарымен танысу да жүзеге асырылады. Мазмұнын талдау барысында жаңа атаулармен таныстырып, тілін дамытып, ойын әрі қарай шарықтатуға болады. Оқушының қызығушылығын арттырып, тез есептеу жылдамдығын тудырып, күлкілі де әзіл түрде , кейде қимылын жасату арқылы жүргізілетін тапсырмалар түрі ұсынылады.Бұл тапсырманы қосымша сабақтарда да, күнделікті сабақ арасында да пайдалануға болады. Әсіресе, факультатив сабақтарында оқушыны сергіту және шапшаң ойлауға жаттықтыру ретінде пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар, есеп мазмұны оқушыларды кәсіп иелерімен, шетел өмірімен, аңдар мен жануарлар, өсімдіктер туралы мағұлымат алуға көмектеседі, сөздік қорларын молайтады деп ойлаймын. Тапсырмаларды үйге беруге де болады. Көбіне сыныпта талдап орындаған дұрыс. Әсіресе логикалық тапсырмалардды жақсы оқитын оқушының өзі шеше алмай қалады. Ондайда , қосымша сабақта әр талшығына дейін ойлап талдау керек екендігін үйрету қажет. Тек математикалық есеппен ғана шектелмей, үлгі ретінде берілген түрлі дамыту тапсырмаларын орындаса, оқушының сана-сезімі толықсып, ойлап сөйлеу, ойлап айту, ақылға салып зерделеу сезімдері басым болары анық.














Сын пікір


Болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты бағыттың бірі- жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғысы- тұлғаның өздігінен ізденіп, шешім таба алатындай құзыреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Оқытудағы мұндай өзгерістер мұғалімдер үшін сабақтың тиімділігі мен әр деңгейдегі оқушымен жеке жұмыс жасауына қосымша материалдар тапшылығымен қиындық тудыртып келеді. Көп басылымдар орыс тілінен аударылып, ұсынылуда. Осы орайда автордың жинақтаған ауызша есептер жинағы математика пәнін жақсы меңгеруде оқушылар үшін де, мұғалім үшін де өте тиімді. Жинақта бірінші сыныптар үшін математикадан өтілетін тақырыптардың барлығы да қамтылған. 1 сынып - оқушының ойлары дамып келе жатқан, қызығушылықтары мол деңгейдегі кезең екендігі мәлім. Беріліп отырған тапсырмалар олардың тілі мен қоса ойының да дамуына жағдай жасайды. Көп қиындық тудырмайды, мұғалімнің де көмегінсіз орындауға болатын есептер де бар. Сондықтан, бұл тапсырмаларды тақырыптарды пысықтау барысында белгілі бір уақыт көрсеткішіне сәйкестендіріп, жылдамдығы мен есте сақтау деңгейлерін тексеру үшін де қолдануға ыңғайлы. Тапсырмалар қызықты, тек қана ауызша сөз есептер ғана емес өлең есеп, танымдық тапсырмалар, логикалық тапсырмалар мен құзыреттілігін дамытатын тапсырмалар да енгізілген. Бұл құралдың оқушының шығармашылық белсенділігін тудырып, мұғалім үшін таптырмас көмек болары анық. Сондай-ақ, қосымша сабақтарда да, жеке жұмыс жасау үшін оқушыға үй тапсырмасы ретінде де қолдануға болады. Бұл әдістемелік құрал мұғалімдер мен оқушыларға өз септігін тигізеді деп ойлаймын.



«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі»

әдіскері - Т.Б. Мурзабулатова.





Бағдарлама

1 сынып

( аптасына 1 рет – барлығы 33 сағат)


Тақырыбы

Сағат саны

1

Қосуды ауызша тез есептеуге арналған тапсырмалар

1

2

Азайтуды ауызша тез есептеуге арналған тапсырмалар

1

3

Құны мен айырмашылықты табуға арналған есептер

1

4

Cанды бірнеше бірлікке арттыру және кеміту

1

5

Құнын табу және бірнеше бірлікке арттыру есептері

1

6

Өткен тақырыптардың бәрін қамтитын тапсырмалар

1

7

20-ға дейінгі сандарды қосып – алу

1

8-9

Белгісіз қосылғышқа арналған есептер

2

10-11

Салыстыруға арналған тапсырмалар

2

12

«Сонша» ұғымы және екі қосылғыш арқылы үшінші қосылғышты табуға арналған есептер

1

13

Барлық өткен тақырыпты қамтитын тапсырмалар

1

14-15

Белгісіз азайтқышты табуға арналған есептер

2

16

Өткен тақырыптарды қамтуға арналған тапсырмалар

1

17-21

Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар

5

22-23

Қызықты өлең есептер

2

24-28

Танымдық тапсырмалар

5

29-33

Құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

5


Қ
осуға арналған тапсырмалар.


Сиқыршы туралы есептер.


  1. Сиқыршының сол қолында 2 сиқырлы таяқша, оң қолында 1 таяқша бар. Сиқыршыда барлығы неше таяқша бар ?

  2. Сиқыршы қалпағынан 3 ақ және 2 қара қоян шығарды. Сиқыршы қалпағының iшiнен неше қоян шығарды?

  3. Сиқыршының иығында 2 тоты құс отыр, және сонша тотықұс төбесiнде ұшып жүр. Есепте неше тотықұс туралы айтады ?

  4. Сиқыршы қораптың iшiне 4 көк және 1 қызыл доп салды да, қолымен араластырып едi, бәрi де жоғалып кеттi. Неше доп жоғалып кеттi ?

  5. Сиқыршы сиқырлы таяқшасымен 4 көк және 2 жасыл шарларды қызыл түске айналдырып жiбердi. Неше қызыл шар шықты ?

  6. Сиқыршы 5 жасыл қорапты жоғары, ал 2 қызыл қорапты төмен орналастырды. Сиқыршы қанша қорапты артық орналастырды ?

  7. Сиқыршы 5 шарды ұлдарға, ал 3 шарды қыздарға сыйға таратты. Балалар барлығы неше шар алды ?

  8. Сиқыршы қалтасынан жаңбырдан қорғанатын 2 қолшатыр және күннен қорғанатын 4 қолшатыр шығырды. Ол барлығы неше қолшатыр шығарды ?

  9. Сиқыршы қайшысыз қызыл лентаны- 4 бөлiкке, ал жасыл лентаны – 5 бөлiкке бөлдi. Онда қанша бөлiк лента пайда болды ?

  10. Сиқыршының костюмiнде 2 қалта бар, және жасырын 6 қалтасы бар. Барлығы костюмнiң неше қалтасы бар ?



Қ
оңыздар туралы есептер.



  1. Жапырақта 4 май қоңызы отырды. Оларға тағы 3 – еуi ұшып келдi. Май

қоңыздары нешеу болды ?

  1. Бес зауза қоңызы емен жапырағымен жүзуге шықты. Оларға 3 суқоңыздары жүгiрiп жеттi. Қанша қоңыз жиналды ?

  2. Төрт бұғықоңыз жекпе-жекке шықпақшы болды. Оларға сонша мүйiзтұмсық қоңыздар да қосылмақшы болды. Жекпе-жекке неше қоңыз қатысатын болды ?

  3. Алты жауынгер-қоңыз өздерiмен тең сонша ұлулармен шайқасқа шықты. Олар көмекке 2 қоңыз келгенде ғана жеңiске жеттi. Ұлуларды неше қоңыз жеңдi ?

  4. Бес өртсөндiргiш- қоңыз шеруге шықты. Олардың соңынан тағы 5 әртүрлi қоңыздар ердi. Шеруге неше қоңыз қатысты?

  5. Үш сүңгуiр-қоңыз су астынан өздерiне үй жасады. Мұны естiп оларға сонша қоңыз қоныс тойына келдi. Тойда қанша қоңыз болды ?

  6. Ызылдауық-қоңыздар жүгiруден жарыс ұйымдастырды. Бiрiншi жүгiрiсте 4 қоңыз, екiншiде сонша қоңыз жүгiрдi. Мәреден барлығы неше қоңыз жүгiрiп өттi ?

  7. Аю- қоңыздың 6 жерасты жолы болды, және ол тағы 2 жол жасады. Аю- қоңыздың жерасты жолы нешеу болды ?

  8. Төрт қоңыз жылы жерге жаяулап жүрiп жеттi. Ал 3 зауза қоңызы осы жерге ұшып жеттi. Жылы жерде неше қоңыз тұрады ?





Африка жайлы есептер.





  1. Екi нанду түйеқұсы және 6 эму түйеқұсы жүгiруден жарыс өткiздi. Жарысқа барлығы неше түйеқұс қатысады ?

  2. Керуендегi 3 түйенi тағы да 2 түйе қуып жеттi. Керуен неше түйемен аттанды ?

  3. Баобаб ағашының басында 5 маймыл отырды. Ағашқа тағы 2 маймыл өрмелеп мiндi. Ағаш басында барлығы неше маймыл отыр ?

  4. Құдық жиегiнде 4 пальма ағашы және 5 алма ағашы өсiп тұр. Құдық басында барлығы неше ағаш өсiп тұр?

  5. Арыстанның жанұясында 4 ересек арыстан және 3 кiшкентай арыстандар өмiр сүредi. Қанша жанұя мүшесi бар ?

  6. Мартышканың енесi 4 апельсин үзiп алды, ал өзi 1 апельсин үздi.Қанша апельсин үзiлдi ?

  7. Алты ақ түстi мүйiзтұмсық жолда 3 қара түстi мүйiзтұмсыққа жолықты. Жолда неше мүйiзтұмсық кездестi.

  8. Африкалық баланың қолында 2 банан бар едi. Ол тағы 6 банан үзiп алды. Бала неше бананды үйiне әкетедi ?

  9. Африкандық қыз 1 алма үшiн 7 ананас бердi, сосын көңiлденiп тағы 2-еуiн бердi. Қыз 1 алма үшiн неше ананас айырбастады ?

  10. Бамбук ағашында 7 маймыл отыр. Оларға 3 маймыл келiп қосылды. Ағаш үстiнде неше маймыл отыр ?



Азайтуға арналған тапсырмалар.




Тәттiлер туралы есептер.


  1. Анасы 5 кәмпит әкелдi де , Маржанға 3-еуiн бердi. Анасында неше кәмпит қалды ?

  2. Тәрелкеде 5 тәтті тоқаш жатыр. Оның 2-еуi желiндi. Нешеуi қалды ?

  3. Дүкен сөресiнде 6 торт жатыр. Оның 3-еуi сатылып кеттi. Сөреде неше торт қалды?

  4. Қорапшасында 4 вафли болған едi. Оның 2-еуiн алып тәрелкеге салды. Қорапшасында неше вафли қалды ?

  5. Барлығы 10 вафли таяқшалары бар. Осының 6-уынан торт жасады. Неше вафли таяқшасы артық болған ?

  6. Жараста 8 мармелад болды. Ол досына 3-еуiн бердi. Өзiнде нешеуi қалды ?

  7. Қорапта 8 зефир болды. 5 зефирмен тортты әшекейледi, ал қалғанын аспазшылар жеп қойды. Аспазшылар неше зефир жедi ?

  8. Циркте көрсеткен өнерi үшiн аюға 6 қорап печенье тарту еттi. Аю сол жерде 4-еуiн жеп қойды. Қанша қорабы кейiнге қалды ?

  9. Анасы ауладағы жарыс үшiн 10 шоколадты медаль даярлады.Оның 5-еуiн жеңiмпаздарға сыйлады. Анасында неше медаль қалды ?

  10. Айжанның сөресiнде 10 шоколад жатты. Ол 4-еуiн үстелге қойды. Сөреде неше шоколад жатыр ?


Құны мен айырмашылықты табуға арналған есептер.





Спортшылар туралы есептер.


  1. Марафонға 8 жүйрік қатысты. Жүгіріс кезінде 3 жүйрік аралықтан шығып қалды. Қанша жүйрік әрі қарай жүгірісті жалғастырады ?

  2. Гимнастика үйірмесіне 5 спортшы қатысты. Жаттықтырушы тағы да 2 спортшы қабылдады. Үйірмеге неше спортшы қатысады ?

  3. Аулада 6 ер бала футбол қызығына түсіп жатыр еді. Оларға 4 қыз бала қосыла кетті. Ауладағы футболшылар нешеу болды ?

  4. Яхта-клубта 6 желкен болды. Тағы 4 желкен құрастырды. Яхта-клубта барлығы неше желкен болды ?

  5. Мергендер көздеп атуға 10 белгі қойды. 8 белгіні атып түсірді. Қанша белгі сол қалпында қалды ?

  6. Суға жүзуші жаттығу кезінде бассейінде 7 рет су астымен жүзді де, 3 рет құлаштап жалдады. Жүзгіш бассейінді неше рет жүзіп өтті ?

  7. Саяхатшылар 5 күн жаяу жүріп, одан соң тағы 5 күнді қайықпен жүзіп өткізді. Саяхаттары неше күнге созылды ?

  8. Шаңғыдағы мерген нысананы көздеп 5 рет атты да, 4 рет тигізді. Шаңғышы-мерген неше рет мүлт кетті ?

  9. Сегіз- ескекті қайыққа 6 адам отырды. Қанша орын бос қалды ?

  10. Ұшақтан 7 парашютшы секірді.Олардың 3-еуі шатырларын тез ашты да, қалғаны түсерде ғана ашатын болды. Қанша парашютшы батыл ?

  11. 7 парашютшы белгіленген жерге дәл түсу үшін секірді. Бірақ олардың 3- еуі ғана нысанаға түсті, ал қалғаны қасына түсті. Неше парашютшы нысанаға түсе алмады ?

  12. Шахматшылар жарысын 8 адам бастап еді, екінші турда тағы 2 шахматшыны қосты. Жарысқа неше шахматшы қатысты ?

  13. Бір аулада 3 ер бала скейт теуіп жүрді. Келесі күні тағы 5 ұл өздеріне роликті тақтай сатып алды. Енді бұл аулада қанша бала ойнайды ?

  14. Альпинистер 6 күн тауға өрмеледі, және тағы 3 күн одан төмен түсті. Альпинистердің саяхаты неше күнге созылды ?



Рисунок 92

Рисунок 89
Құстар туралы есептер.


  1. Аулада 3 тауық балапаны және 2 үйрек балапаны қыдырып жүр. Аулада қанша балапан жүр ?

  2. Жемсауыттан 5 балапан тамақтанды. Оларға 3 қаз балапаны қосылды. Жемсауыттан қанша құс тамақтанды ?

  3. Бір тауық, 3 үйрек, 4 қаз және 5 күрке тауық өзен жағасына келді.Осы топтан неше құс суда жалдай алады ?

  4. Бес үйрек жағада қыздырынып жатты. Олардың 3-еуі аздан соң инелік қуып кетті. Қанша үйрек қалды ?

  5. Ана-тауық өзінің 7 балапанын жерден жем қазуға үйретті. 4 балапаны бұған үйреніп алды. Қанша балапан әлі жем қазуды білмейді ?

  6. Жас әтештің сол жағына 4 нағыз қанат шықса, ал оң жағында тек 3-еу ғана болды.Жас әтештің қанша нағыз қанаты бар ?

  7. Аулада 7 балапан жайылып жүрді. Оларға қарға ұшып келгенде, 3 балапан тығылып қалды да, қалғаны қарғамен соғысқа шықты. Қанша балапан қарғамен соғысты ?

  8. Үш күркетауық баласы 5 үйрек баласына кездесіп, бәрі жасырынбақ ойнады. Ойынға неше құс қатысты ?

  9. Күн астында 4 үйрек қыздырынып жатыр еді, оларға 5 қаз жүгіріп келді.Қанша құс болды ?

  10. Жеті кішкентай әтештер қақпадан секіруді үйреніп жатыр. Олардың 3-еуі секіріп өтті, ал қалғандары әлі үйренбеген. Қаншасы қақпадан секіре алмайды ?

  11. Көлшікте 6 үйрек жүзіп барады. Олардың 3-еуі сүңгіп кетті. Су бетінде қанша үйрек қалды ?

  12. Түнде 5 күркетауық қақпа үстіне, ал 3-еуі шатыр үстіне түнеді. Барлығы неше күркетауық түнеп шықты ?

  13. Ана-үйректің соңынан оның 5 балапаны, олардың соңынан 4 көрші- қаз балапаны еріп барады. Ана-үйректің соңынан барлығы неше құс кетіп барады ?

  14. Тауықтың астынан 4 ұл және 5қыз балапан шықты.Тауықтың неше балапаны бар?

  15. Сегіз күркетауық балапанын далаға жіберді. Оның 6-уы шегіртке қуса, қалғаны шөп жеуге кірісті. Қанша балапан шөп жеп жүр ?

Cанды бірнеше бірлікке арттыру және кеміту.


К


өбелектер мен инеліктер туралы тапсырмалар
.




  1. Көбелектің бір түрінің кәдімгі 2 көз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!