Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері 3-сынып математика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері 3-сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптаңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін қалыптастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту және бөлу тәсілдері


Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық: Көптаңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу

тәсілдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақ хандығының құрылуына үлес қосқан хандар мен

батырдарды таныстыру.

Тәрбиелік: Ұлттық ойындардың ерекшелігін білуге, есептерді жылдам әрі

қатесіз, түсініп шығаруға үйрету.

Отаншылдыққ, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: слайд, ілме қағаз, сызба, қима қағаздар, тест

парақшасы, оқулық.

Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру .

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз.

Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз!

1-слайд Құрметті қонақтар, оқушылар ! Математика сабағына қош келдіңіздер!

2-слайд Биылғы 2015 жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. 

3-слайд

Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

4-5 слайдтар Елбасқарған хандар мен батырларды таныстыру

8-қазан күні біздің Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы на байланысты дүбірлеген той болды. Ол тойға жер-жерден, көрші мемлекеттерден көптеген қонақтар келді. Қазақ елінің құрылуы туралы сахналандырылған көріністер қойылды. Ән шырқалып, би биленді. Қазақтың ұлттық ойындарының барлық түрлері көрсетілді. Келген қонақтар қазақ халқының ұлттық ойындарына таң қалып, қатты қызықты. Онда бүгін біз де осы тойға өз үлесімізді қосайық. Бүгінгі сабағымызды қазақтың ұлттық ойындарына арнаймыз.

-Балалар, қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

- Ұлттық ойындардың қандай пайдасы бар?

- Ұлттық ойындардың қандай ерекшеліктері бар?



«Алтыбақан» ойыны 8-слайд

- Бүгінгі ойындарды ойнамас бұрын, Алтыбақан теуіп алайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік:

Қима қағаздар таратылады

Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеңдер.

7 864 24 035 128 542 1 302 120

65 987 5 326 544 648 20 455



Жаңа сабақ

1

a

200

15

6

120

b

30

30

40

5

c

5

9

100

15

d

4

2

4

3

+b+c d





Кестеге қарап, өрнек құр.



2

а) 1 234·2=2 468

(1 000+200+30+4)·2= 1 000·2+200·2+30·2+4·2=2 000+400+60+8=2 468

Көптаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту үшін:

  1. Көптаңбалы көбейткішті разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу.

  2. Қосындыны санға көбейту ережесін пайдаланып, разрядтық қосылғыштарды біртаңбалы көбейткішке көбейту.

  3. Алынған нәтижелерді қосу.

«Қыз қуу» ойыны 9-слайд

- Бұл қандай ойын? Шартын кім біледі? (оқушының жауабы)

-Онда бір қыз, бір бала болып осы есепті шығарайық. Есепті дұрыс шешкен бала қыздың бетін сүйген болып есептеледі. Ал келесі есепті шешкен қыз баланы ұрған болып есептеледі.

22 341·2= 123 200·3= 111 202·2=

ә) 2 468꞉2=

(2 000+400+60+8)꞉2=2 000꞉2+400꞉2+60꞉2+8꞉2=1 000+200+30+4=1 234

Ойынды әрі қарай жалғастырамыз

44 682꞉2= 369 600꞉3= 444 804꞉4=





«Теңге алу» ойыны 10-слайд

- Бұл қандай ойын? - Қалай ойналады? (оқушының жауабы)

3

-Балалар, мына есепте қонжық сендерге «Біліміңді пайдалан!» деп тұр. Ал, қане ойланайық!

-Онда ,теңгені кезек-кезек ілуге дайындалайық. Кім есепті дұрыс шешсе теңгені ілген болып есептеледі. Қай қатар көп теңге жинаса сол қатар жеңімпаз болып табылады.

а) 4·6 000=24 000 7·7 000=49 000 4 000·8=32 000

9 ·8 000 =72 000 8 ·7 000= 56 000 9 000· 5 =45 000

5 ·6 000 =30 000 9· 9 000 =81 000 7 000· 4 =28 000



ә) 14꞉ 000 =7 2 000 63 000꞉  9 =7 000 51 000 ꞉ 3 =17 000

30 000꞉ 5 =6 000 18 000꞉ 3= 6 000 54 000 ꞉3= 18 000

81 000 ꞉9 =9 000 18 000꞉ 9 =2 000 96 000 ꞉6 = 16 000





«Көкпар» ойыны: 11-слайд

- Бұл қандай ойын? - Қалай ойналады? (оқушының жауабы) - Ал балалар серкені қазандыққа салу үшін келесі есепті шығарайық.

4



А

В

?



_Shape4 Shape3 Shape2

500 000м

_________________________

Shape5 Shape6

700 м

700 м





АВ=500 000м

Әрқайсысы -700м жүрген

S - ?

500 000+700+700=501 400м



. Сергіту сәті.

«Бәйге» ойыны 12-слайд

- Бұл қандай ойын?



Асық ойыны «Қанталапай» 13-слайд

- Бұл қандай ойын? Қалай ойналады? - Енді осы ойын бойынша №5 есепті шығарайық. Енді асықтардағы есептерді орындайық.

5

а) 10см2 ·2=20см2

ә)500мм2 ·5=2 500мм2=25см2



«Күш салыстыру» 14-слайд

Күш салыстыруда күрес, қол күрес сияқты түрлері бар.

-Бұл ойындар қалай ойналады? Қандай пайдасы бар?

- Ал біз күшімізбен қоса білімімізді де салыстырайық. Кім жылдам шығарса сол оқушының күші көп.

6

309· 2 +516꞉ 4=618+129= 747

9 800- 408 ꞉ 2=9 800-204= 9 596

10 000 -623+ 420꞉ 2= 9 377+210=9 587



7

48 мин+32 мин=80 мин=1 сағ 20 мин

45 мин+25 мин=70 мин=1 сағ 10 мин

2 сағ 45 мин+54 мин=2 сағ 100мин=3 сағ 40 мин



«Ақ сүйек» ойыны: 15-слайд

- Бұл қандай ойын?

- Қалай ойналады?

-Бұл ойын кеш батқанда ойналатын ойын. Бұл ойынның шарты: жігіттің немесе қызбаланың көзін байлайды. Малдың жілік сүйегін лақтыру керек, көзін шешіп сүйекті іздейді. Біз осы ойын бойынша №8 есепті орындайық.

754 898 908 534

213 506 279 309

541 392 629 225

Қорытынды: 16-слайд

- Балалар, біз қандай тақырыпты қорытындыладық?

- Қандай есептер шығардық?

- Ойынның қандай түрлерін білдік?

Үйге тапсырма:

4 (ә) №6 2-бағаны №7 2-бағаны

Бағалау

Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1036
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі