Материалдар / АУЫЗША СӨЙЛЕУ ШЕТ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ. АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АУЫЗША СӨЙЛЕУ ШЕТ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ. АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен - күнге даму үстінде. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2022
821
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АУЫЗША СӨЙЛЕУ ШЕТ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ. АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ


Жумабекова Мадина Есболовна


«Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» мекемесі


«0111000-Нeгізгі орта білім бeру мамандығының» 3 курс студенті

Жетекшісі: Жексембинова Ж.С., шетел тілі оқытушысы


Аннотация: Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен - күнге даму үстінде. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті.

Кілт сөздер: Ағылшын тілі, бастауыш сынып, оқып-үйрену, тіл үйрену, ерте жастан оқыту,сөйлеу дағдысын дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, қарым- қатынас құралы.


Шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отыр. Әрбір оқушы –ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны бізге белгілі.   Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей,гимназиялар  ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр. Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға және жұмыс істеуге   шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе 2 сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. [3]. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын, әрине, мұғалім. [2]. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда бұл әдіс сабақтың әр кезеңінде де қолдану тиімді.

 Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен - күнге даму үстінде.[1].

 Міндеттері:

  • Оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретуді қарастыру;

  • Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын талдау;

  • Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттілігін арттыруды қарастыру;

  • Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуды қарау;

1.1 «Сөйлеу»  сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде

Тіл –  қарым-қатынас құралы болып табылады. Тіл –  сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі  мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын  ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Үшіншіден, сөйлеу қарым-қатынас тапсырмаларын шешу мақсатындағы өз ойыңды жеткізу. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген.

Сөйлеу  әрқашан эмоционалды боялған  түрде бола алады. Сөйлеудің бұл  мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты.Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. К.А.Беляев-тың ойынша шет тілін игеру яғни, басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ, оны психологтар былай көрсетеді.[2]. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Бұл бөлімде сөйлеу мынадай қызметтерді ғана атқарады: атап айтсақ не үшін?Неге? Сөйлеуді қалай жүзеге асыру? Сөйлеудің 2-ші бөлімінде яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Сөзді жадыда сақтау үшін, оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса, оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады.

Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады:

  • жазу кезіндегі бірдей дыбысталу. Мысалы: two-too, one-won, see-sea;

  • мағына жақындығына байланысты. Мысалы: small-little;

  • мағынасының қарама-қарсылығына байланысты.Мысалы:ask-answer

Cөйлеу кезінде синтагматикалық байланыста үлкен рөл атқарады. Яғни, басқа сөздермен сәйкес келу негізінде, мысалы:«order» деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады.

  • order-something (order dinner, order breakfast, a new coat, etc.)

  • order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)

Осы сөздердің таңдалынып алынуына сөйлеушілер арасындағықарым- қатынас лексикалық сөздік қорлары қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынадай жағдайлар іске асады.

  • Күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер: Good afternoon, thank you, my name is, I am on duty, may I come in?

  • Сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту. Мысалы: «My name is» деген дайын тіркестен «name is» бірлігі өзгеріссіз қалып «my» түрін «his, her» немесе «my sister’s» деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей «мен» арқылы жүзеге асып 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. [1].

Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал, ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу құрылымының 3-ші бөлігі ойды жүзеге асыру бөлімі:

Сөйлеу,тыңдалым, оқу және жазумен тығыз байланыста. Тыңдалым мен сөйлеу, ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым-қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты. Мысалы: оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.[4].

Сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық мақсат негізінде де жүзеге асады, яғни, әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшелітерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Диалогтық сөйлеу – сөйлеу клишелерін және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады. Арнайы сұрақтарға мынадай мысал келтіре аламыз: «What do you do in the evening? Who will go to the cinema? My brother wil...» деген сияқты жауап алуға болады.[3].



Эксперименттің нәтижесінде жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлері көтеріліп, ауызша сөйлеуге деген қызығушылықтары артты. Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығы айқындалды. Экперимент барысында түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының жаңаша ойлау қабілеттері жоғарылап, шығармашылық қабілеттері дамып, ауызша сөйлеу іскерліктері мен дағдылары қалыптасты. Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологиялар айқындалды және оның ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудегі тиімділігі негізделді. Ауызша сөйлеуді дамыту қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс екені дәлелденді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.

Шет тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету керек.

Шетел тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі – шетел тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі – шетел тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді. Ғалым Л.В. Ляховицский: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады.Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек шет тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының шетел тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді» - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағылшын тілін оқытуда ана тілінің рөлі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.


ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ:


1. Әбдіғалиев С.Ә. Ағылшын тілін оқытудың негіздері. – Алматы: Қазақ Универитеті, 1992ж.

2.https://melimde.com/shetel-tiline-oituda-monologti-sojleu-iskerligin-aliptastiru-j.html

3. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» Педагогика.Әдістеме.Алматы, 2,2009.190б

4. Садыкова АК.,Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету. ИЯШ.№6,2007.С.30.

















Shape1





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!