Материалдар / Әз – наурыз» мейрамына арналған сценарий.

Әз – наурыз» мейрамына арналған сценарий.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға дайын сценарий
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Әз – наурыз» мейрамына арналған сценарий.

Жүргізуші:

Жетпіс жеті сөзден тұратын ж әрпінен басталытын өлең жолдарымен сіздерді құттықтағым келіп отыр ағайын!Қабыл алыңыздар!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жаны жай жүзі жылы жақсылар және жалынды жастар.Жаңа жыл жаңашылдыққа , жақсылыққа жетелесің! Жаратқанымыз жарылқап, жер жаһанды, жақсылық жауласын, жүрегімізде жылулық жоғалмай, жаманшылық, жоқшылық жоламасын, жанұямызға жылулықтың жаңбыр жауғай, жастарымыз жұмыс жасап, жұртымыз жоғарлатсын, жігерлі жүректі жігіттеріміз жасқанбасын, жұдырықтай жұмылып жомарттық жасасын, жайқалған жауқазындай, жібектеріміздің жанарын жаутандатпай жат жүрістің жолын жабайық. Жаңа жыл жемісін жегіссің, жұлдызымыз жарқырап, жақсылықты жағалап жүрейік, жанымыздағы жүзі жылы жандардан, жабығып жабырқамайық, жалғыздық жоғалсын, жақсылыққа жеткізер жүрісімізден жаңылмайық ардақты ағайын! Мерекелеріңіз құтты болсын!


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Мектеп оқушылар ұйымы дайындаған «Әз- Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Садвакасов Алтай Нөгербекұлына беріледі.

1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Шашу шашу


Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Зухра мен Нұрияның орындауында ән: «Нұрлы көктем»


Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойы Наурызымның
Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.
Балаларымыздың биін тамашалайық

7-сыныптың орындауында «Қазақ биі»


1-жүргізуші:

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!


Нұржігіттің орындауында « Ол көктем оралмайды» әнін қабыл алыңыздар.


жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.




Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Назарларыңызға 1-сынып оқушыларының биін тамашалауға шақырамыз.



Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр – әніміз
Кәусардың орындауындағы « Наурыз -көктем » әнін қабыл алыңыздар

Наурыз тойы – тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса
Назарларыңызға 9- сынып орындауында «Қазақ биін» ұсынамыз.

Жарасып, жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап
Аяжанның орындауында « Наурыз -көктем »

Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз
Наурыз бұл – береке
Құтты болсын мереке!

Ләззаттың орындауында «Қара жорға керім-ай» биі

Наурыз тойым, Наурыз тойым
Құтты болсын, халайық!
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.- дей келе Назира мен Аружанның орындауында ән: « »




Келді, келді Наурыз айы,
Ән салайық бәріміз.
Келді, келді Наурыз айы,
Би билейік бәріміз!
Дильназдың орындауында «Тәжік биі»


Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боялды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды

Сандуғаштың орындауында ән: « Наурыз тойы »

Бұл мұсылман Жаңа жылы,
Қуануда даламыз.
Бұл мұсылман Жаңа жылы,
Шырқап әнге саламыз!

Аружанның орындауында ән: « Нұрлы көктем »

Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Гүлнұрдың орындауында би «Күй шашу»









Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.

Айшаның орындауында ән: « Наурыз – думан»

Ауыл жастары өнерлеріңіз болса ортаға шақырамыз

Жүргізуші:

Тыныш болсын даламыз,
Таза болсын ауамыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Ырысымыз көп болсын 
Ұлыс бақты болсын ! 
Әр күніміз жақсы болсын ! 
Достығымыз берік болсын ! 
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! 
Келер жылға дейін сау болыңыздар!


Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдік.
Тойға қазан түсірдік!
Құйдық алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамыз бәріңді


Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!


Бата


2 жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні болатын ойын-сауықтың, атқарылар жөн-жоралғыларының түрлері мейілінше мол. Сол сияқты мен де бүгін сендерге Наурыз жұмбақ жасырайын, сендер жұмбақтарды шешіңдер:


Жапанда бір айдаһар білесің бе,

Жаны жоқ қимылдарға денесінде.

Ішінде сүйектері бақша-бақша,

Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.

(Киіз үй)

Көтерейін десем, ауыр кілем,

Көтермейін десем, тәуір кілем.

(Жер)

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса,

Тағы да бір мінезі бар таңғажайып,

Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

(Домбыра)

Келеді үлкен алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып,

Әрбірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам Мұнан қашып. (Бір жыл)



Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,

Аузына тістеп алған шиден таяқ,

Жүрген сайын белбеуін қабаттайды,

Беріпті әсемдікті аямай-ақ.

(Ұршық)

Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады.
(Сүт)











Раушангүл Шарипова

Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі