Материалдар / "Әз наурыз" тәрбие сағаты

"Әз наурыз" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты ата- аналармен бірге өткізуге өте жақсы. 2-3 сынып бірігп өткізссе болады.
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ – НАУРЫЗ!


Ұлдардың «Қазақ» биі.

Қымбат:Уа, халайық ағайын! Ұлыс оң болсын! Ертеден келе жатқан ізгілікпен мейірімділіктің береке мейрамы – Наурыз құтты болсын!

Қарлығаш:Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын!Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Қымбат: Наурыз ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан мұсылман халықтарының жыл басы мерекесі. Бұл күні барлық табиғат, жан – жануар қайта түлеп, жаңа тілек, жаңа армандар туады.

Қарлығаш: Адам баласы бір – біріне тек жақсылық, ақ ниет, ақ тілек тілейді. Бәрін жаңарта гөр, ақ мол болып, қазанымды асқа толтыр, малымды құтты қыл, басымды аман ет, Жаңа несібе – ырыздық бере гөр, елдің іргесін аман ет! – деген ақ тілектермен мерекемізді бастайық!

Қамаш апай: «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру – сырқаудан, пәле жаладан аман болады» деген.«Жалғыз шала сәуле болмас» деген, қарақтарым, төрге қос шырақты жағып қой(шырақ жағамыз). «Береке басынан басталады» демекші, «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын – тасқын, жауын – шашын көп болсын» деп ыдысты дәнге, аққа, суға толтырып қоялық(бидай, қатық, су үстелге қояды). Әйелдер атып келе жатқан күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн – Ана!» деп иіліп сәлем береді. «Кеудесі түкті Жер – Ана, құт жарылқа!» деп жаңа егілген ағашқа ақ бүркеді(өзі ағашқа ақ бүркеді).

Қымбат: Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Олай болса оқушыларымыздың наурызға арналған жыр шумақтарын тыңдайық.

Нұрбек

Ерасыл

Айнұр

Шыңғыс

Қарлығаш: Жиренше шешеннің өнегесін тамашалаңыздар: Көрініс 4 «Б» Ақелді, Ескелді, Ертіс.

Тақпақтар

Ақнар

Бота

Аяулым

Еркежан

Қымбат: Наурыз келсе, құт келгені,Халайық! Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып, би билеп қарсы алайық. Биші қыздарымыздың орындауында «Көктем» биі (гүлдермен 15 қыз).

Тақпақтар

Аяла

Алишер

Лина

Ақмәр

Қымбат:Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата ортамызға келіп тұр.

Қарлығаш: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердін ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөлеме екен?

Дәулет «Түркі елі!

Расул «Иран елі»

Қымбат: Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін Құдай ұзағынан сүйіндіргей! Келесі кезекті «Орыс» биіне береміз.

Амина «Ауған елі»

Талғат «Араб елі»

Аяжан «Үнді елі»

Қарлығаш: Наурыз тойың, наурыз тойың,

Құтты болсын, халайық!

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық. Нұрбектің орындауында «Наурыз» әні.

Қымбат: Қазағымның салты – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен – кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге, - деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек...

..............Наурызшешек

Каусар «Наурызек»

Рәнә «Наурызша»

Ақбөпе «Наурызнама»

Динара«Наурызкөже»

Қарлығаш: Өлең өрлеп, жыр самғай,

Үйлесті әсем сәніміз.

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас кәріміз.

Би билейік бәріміз.

«Шляпа» тобының биін тамашалайық

Қымбат: Төрлет, жаңа жыл! Қазақ елінің табалдырығынан бақ болып атта. Қазақ жеріне береке болып кір. Жаңа жыл барлығыңызға бақыт сыйласын! дей отырып келесі кезекті әнге берейік 4 «Ә» сынып Нұрәділ.

Қарлығаш: Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден бата сұраймыз. Балаларыңызға бата беріп жіберіңіздер.

Қымбат: Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Олай болса «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Алайда біздің ойынымыз ерекше болмақ: әр сыныптан екі ұлдан шығып жылдамдыққа тартысады. 1,2,3 деп саналады арқанды кім бірінші үлгеріп алады сол жеңімпаз!

Қарлығаш: Бұл да «Арқан тартыс». Алайда, бұл ойында қыздардың ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.Мақалдың жартысын айтамыз сендер жалғасын табасыңдар. Тапқан оқушы арқанда алдыға жылжиды.

  1. Бал тамған тілден, (у да тамады)

  2. Білімсіз өмір, (сөнген көмір)

  3. Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)

  4. Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)

  5. Еңбек адамның (екінші анасы)

  6. Туған жердің қадірін, (Шетте жүргенде білесің)

  7. Армансыз адам. (Алысқа бармас).

  8. Талап қылмай, (мұратқа жетпес)

  9. Білекті бірді жығар. (Білімді мыңды жығар.)

  10. Тіл мәртебесі (ел мәртебесі)

  11. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, (сыйнатын тәңірі).

Қымбат:

  1. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, (өзге тілде ойлау қауіпті).

  2. Тілі өлген ел (тірі өлген ел).

  3. Тіл сүйексіз болса да, (сүйектен өтеді).

  4. Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.

  5. Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.

  6. Еңбегінен ел таныр.

  7. Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.

  8. Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.

  9. Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.

  10. Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт (жер соғар). 

  11. Өнерлі (өрге) жүзер. 

  12. Ақыл көпке жеткізер, Өнер (көкке жеткізер). 

  13. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің (сөз алтын). 

  14. Бай болмасаң бай болма Өнер, білімге (сай бол). 


Қарлығаш: Келесі ойын кезегі « Теңге ілу» (ұлдар мен қыздар шығады)

Қымбат: «мен анамның көмекшісімін» (қыздар шығады)

Қарлығаш: «Баласы мен анасы» (ұлдар шығады)



Қымбат:Наурыз тойын тойлайық міне, ағайын, 
Амандықпен туа берсін күн сайын.
 
Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға 
Мерекені бүгінгі мен жабайын.
 
Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
 
Бейбітшілік нық болсын елімізде.
 
Достықпенен жайнай берсін отанымыз
 
Желбіресін қазақ туы көгімізде!
 




Қазақ биі кірген жок

Сөз беретін жер кірген жоқ

Ұлдардың қазақ биін басына кіргіздім бола ма?








Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі