Материалдар / "Азамат болу - арманым"

"Азамат болу - арманым"

Материал туралы қысқаша түсінік
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
4352
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Азамат болу - арманым

Мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:-Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.-Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.-Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: , күн шуағы, бетше, түсті қағаздар, қайшы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі

Шаттық шеңбері-         Амансыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бәріміз шеңберге тұрып амандасып алайық.Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады.                                                       Алдымыздан кезіккен,                                 Көп танысты көреміз.                                 Бәріне де ізетпен,                                 Біздер сәлем береміз. -Рахмет, балалар, енді орнымызға отырайық. Әңгімелесу Барлығымыз мына сұрақтарға жауап берейік.- Балалар, біз кімбіз?- Адамбыз.- Адамды қоршаған орта қалай аталады?- ТабиғатСалыстыру- Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.  Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Адам болу – арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.Әңгімелеу- Енді барлығымыз бері қарап, мені мұқият тыңдалық. Мен сендерге Абай Құнанбаев атамыздың « Ғылым таппай мақтанба » өлеңін оқып беремін.Ғылым таппай мақтанба                                     Ғылым таппай мақтанба,                                     Орын таппай баптанба,                                     Құмарланып шаттанба,                                     Ойнап босқа күлуге.                                      Бес нәрседен қашық бол,                                      Бес нәрсеге асық бол,                                      Адам болам десеңіз.                                      Тілеуің өмірің алдыңда,                                     Оған қайғы жесеңіз.                                      Өсек, өтірік, мақтаншақ,   Еріншек, бекер мал шашпақ-                                      Бес дұшпаның, білсеңіз.                                      Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қой-  - Өлеңнен не түсіндіңдер?- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?- Неден аулақ бол дейді? Сызбаны көрсетіп түсіндіру.              
Бес асыл ісБес дұшпан
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымӨсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Топпен жұмыс- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына бетшеге жазайық.(бетшені толтыру) 
                     Ақ тізім             Қара тізім
Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты, Қамқор, көпшіләдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ, мақтаншақ, тентек.
 - Ақ тізімге жақсы қасиеттерді, ал қара тізімге жаман қасиеттерді әр оқушы бір-бір сөзден жазып шығады..   Соңында екі оқушыға оқытамын.ДәйексөзАдамның ең жаманыталапсыз( Бұл нақыл сөз Абайдың 44-ші қара сөзінен алынды.)Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.Осы дәйексөзді дәптеріміздің соңындағы « Менің дәйексөздерім » деген беттегі, бүгінгі сабақтың тақырыбының астына жазып алайық.Ойын: « Мен адаммын »- Қазір ойын ойналық.Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені...деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т.б.Мұғалім: Өте жақсы, жарайсыңдар.Тыныштық сәті    Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бойымыздағы жаман қылықтарымыз сыртқа шығып, оның орнына шипалы ауамен бірге жақсы қасиеттердің де бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді 1,2,3 деп көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.Мақал – мәтелдер айтайық. Мұғалім: Балалар, Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Ойланып көрелік. Кәне, кім айтады?- Өтірік сөз өрге баспас.- Еріншектің ертеңі таусылмас.- Жалқаудың жаны тәтті.т.б.Мұғалім: Рахмет, балалар! Бәріміз де мақал-мәтелдерді көп біледі екенбіз.Енді кезекті тағы да ойынға берелік.Ойын: « Мен қандай баламын? »   Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.М: Балалар, қараңдаршы, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.Қорытындылау -Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда адамның адамгершілік қасиеттері туралы, адам деген ардақты атқа лайық болу үшін қандай болу керектігі жөнінде әңгімелестік.- Енді осыларды қорыта келе « Бүгінге бес тапсырма » алайық. Ортамыздан бес оқушы тұрып, « дәл бүгіннен бастап, мен әдепті боламын » деген сияқты өзіне тапсырма алады. Кәне, кім бастайды?-         Дәл бүгіннен бастап, мен тәртіпті боламын.-         Дәл бүгіннен бастап, мен өтірік айтпаймын.-         Дәл бүгіннен бастап 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ