Материалдар / Азамат соғысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Азамат соғысы

Материал туралы қысқаша түсінік
азамат соғысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
105
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1














➢ Азамат соғысы- мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.
➢ Интервенция- бір мемлекеттің басқа елдің ішкі істеріне зорлықпен қол сұғуы
▪ 1918-1920 жылдардағы Ресейдегі азамат соғысының себебі кеңестердің билікке келуі
▪ Ресейдегі азамат соғысының себебі кеңестер экономикалық-саяси дағдарысты шеше алмады

ҚЫЗЫЛ АРМИЯ(БОЛЬШЕВИКТЕР) АҚГВАРДИЯШЫЛАР(МЕНЬШЕВИКТЕР)
Кеңес Одағын құрушылар Уақытша және Патша үкіметін қолдаушылар
(Кулактар, кадеттер, эсерлер, Шура ислами)
В.И.Ленин Алашорда үкіметі
Михаил Фрунзе Казактар
Михаил Тухачевский Александр Колчак
Василий Чапаев Александр Дутов
Петр Кобозев Борис Анненков
Әліби Жангельдин Мұхаммеджан Тынышпай
Амангелді Иманов Мұстафа Шоқай
➢ 25-Чапаев дивизиясы Орал мен Орынборды
қорғаған әскери бөлім
➢ 22 және 25-Чапаев дивизиясы ақ
гвардияшылармен ұрыс жүргізді
Америка(интервент)
Англия (и)
Франция(и)
Германия(и)
Чехословакия(и)
Жапония(и)
Түркия(и)
















М.Н.Тухачевский А.В.Колчак
1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақ жері
А.И.Дутов Б.В.Анненков М.В.Фрунзе


Page 2

Уақыт: Оқиғалар:
1918 жылы
25 мамыр
Антанта елдері Чехословак корпусын Ресейге қарсы айдап салды.
Чехословак корпусы бүлік шығарды.

1918 жылы
мамыр
Қазақстанда Азамат соғысы басталып, алғашқы ошақтары Орынбор, Орал мен
Жетісу болды.
1918 жылы
мамыр-
маусым
Қазақстанның солтүстігінде «Сібір үкіметі» билікке келді.
1918 жылы
шілде
Атаман Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен
байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы
Дутовпен, Омбыдағы Уақытша үкіметпен, Самарадағы Құрылтай жиналысының
Комитетімен одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты.
1918 жылы
тамыз
Иран мен Закаспийге ағылшын әскерлері енгізілді
1918 жылы
қараша
Омбыдағы Уақытша Сібірлік ақ гвардияшыл үкіметті басқарған Атаман Колчак
армиясы Жетісу бағытында операция бастап, «Сібір армиясының» ІІ Жеке Дала
корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісуға Анненков дивизиясын жіберді.
Солтүстік Жетісуда үлкен шайқастар болды. Дутовқа қарсы әскери қимылдарға
төтенше комиссар П.Кобозев басшылық етті. Қазақ жерінде Атаман Дутов пен
Солтүстік майданда Анненков бастаған әскер ерекше қатыгездік көрсетті
1918 жылы Бөкей Ордасында кеңестік тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылып, Құрметті
Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1918-1920
жылдары


Партизандық қозғалысты басқарғандар:
➢ Қостанай уезі:М.Летунов,Г.Муляр,А.Миронов,К.Иноземцев,И.Эльбе,А.Жиляев
➢ Ой болысы: Кәкімжан Саркин
➢ Кеңарал болысында: Өтеп Ыбыраев(1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске
қатысқан)
Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар:
- Ә.Әйтиев,С.Арғыншиев, Ә.Майкөтов, М.Жәнібеков, А.К.Войцеховский, А.В.Азаданов,
К.М.Михалкович, В.В.Мей
1918 жылы
маусым-
1919 жылы
қазан
Черкасск қорғанысы. Партизандар отряды атаман Анненков тобына 13 ай бойы
тойтарыс берді. Черкасск қорғанысына 1919 жылдары тамыз айында Жетісу
майданының қолбасшысы Л.П.Емелов көмекке келуге тырысып, сәтсіздікке ұшырап,
қайтыс болды. 1919 жылы қазан айында Анненков әскерлері Черкасскіні алып, 1800
адамды қырды.
Черкасск қорғанысының тарихи мәні:
✓ Колчак әскерінің Жетісуға шабуылы тоқтатылды
✓ Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол
берілмеді
✓ Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарды
1919 жылы
22 қаңтар
Қызыл Армия Орынбор қаласын азат етті.

1919 жылы
26 қаңтар
Қызыл Армия Орал қаласын азат етті.

1919 жылы
көктем
Семей облысын ақ гвардияылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар Тарбағатай мен
Алтайда құрылған «Алтайдың тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
1919 жылы
маусым
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және
Оңтүстік топтарына жүктелді. М.В.Фрунзе бастаған Шығыс майданының Оңтүстік
топ әскерлері Уфаны азат етті.


Page 3

1919 жылы
шілде
25-ші Чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскері бригадасы Оралды ақтардан азат етті.

1919 жылы Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы М.Н.Тухачевский Солтүстік пен
Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл пен Ақмоланы жаудан босаттты.
1920 жылы Түркістан өлкесінде байырғы халықты әскерге күшпен жинау жарияланды
1920 жылы
5 қаңтарда
Түркістан майданының әскерлері күшімен Атырау азат етіліп, Орал майданы
жойылды.
1920 жылы
наурыздың
аяғы
Қазақ жеріндегі соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
1920 жылы Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей Ордасы, Орал, Торғай облыстарында 37 әскер
бөлімдерін құрылды.
1920 жылы Семейде Колчак үкіметі құлатылып, әскери революциялық комитет құрылды
Орал, Жетісу және Ақтөбе майдандары жойылып, Қызыл Армия Колчак әскерін
талқандады. Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.
1918-1920
жылдары
Алғашқы қазақ әскери басшылары өсіп жетілді. Түркістан мен Қазақстан жерінде
«Мұсылман бөлімдері» құрылды. Әліби Жангельдин Ақтөбе майданына қару-жарақ
жеткізді.
➢ Дала өлкесінің төтенше комиссары- Ә.Жангельдин
➢ Торғай уезінің әскери комиссары- А.Иманов
➢ Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі- Б.Қаратаев
Әскери бөлімше командирлері мен комиссарлар: Т.Әлиев, А.Асылбеков,
С.Арғыншиев, Б.Алманов, Ж.Жәнікешов, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев,
А.Оразбаева.
Нәтижелері:
➢ 8 млн адам қаза тапты
➢ Мал саны күрт азайды
➢ Қазақ ауылдары мен қыстақтары материалдық жоқшылыққа ұшырады
➢ Қатігездік пен зорлық зомбылық үрей мен ертеңгі күнге сенімсіздікті туғызды.
























Орал майданы
(1920 ж. 5 қаңтар)

Орынбор майданы
1920 жылы шілде А.Дутов
А.Дутов теміржолды кесіп тастады

АҒЫЛШЫН
ӘСКЕРІ
Жетісу майданы
(1920 ж. наурыз)
Алаш партиясы Дутовпен
одақ құрды
АЛАШ
ПАРТИЯСЫ
ТҮРКІСТАН
МАЙДАНЫ
Анненков шабуылдары
М.Фрунзе шабуылдары
М.Тухачевский
Атырау
1920 ж. 5 қаңтар


Page 4













Мерзім: Ақпараттар:
1918-1920
жылдары
Әскери коммунизм- азамат соғысы кезінде қалыптасқан экономикалық және саяси
жүйе
Әскери коммунизм саясатының негізгі белгілері:
➢ Азық-түлік салғырты
➢ Жеке саудаға тыйым салу
➢ Азық-түлікті теңгерме ұстанымы бойынша бөлу
➢ Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру
➢ Еңбек міндеткерлігі
➢ Басқаруды орталықтандыру
➢ Жергілікті бюджетті жойып, тікелей мемлекеттік бюджетке қосу
➢ Өнімдей айырбас-бөлу жүйесі енгізілді
➢ Өнеркәсіпті национализациялау
➢ Дүние-мүлікті тәркілеу
➢ Кулактармен күрес
1919 жылы
қаңтар
Азық түлік салғырты енгізілді. Азық-түлік салғырты - ауылшаруашылығы өнімінің
артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
➢ Өлкенің адам және материалдық байлықтары күштеу әдісімен жүргізілді
➢ Ұсақ өндірушілер майдан артельдеріне бірікті
➢ Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді
➢ Еңбек салығы енгізілді(Егістіктерді суландыру,жол салу,отын дайындау,жүк тасу)

Әскери коммунизм саясаты шаралары:
Жеңілөнеркәсіп:
✓ Өлкеге азық түлік дайындауға орталықтан 11 500-ге жуық жұмысшы келді
✓ Қостанай уезі, Ақмола мен Семей облыстарынан 6 млн пұт астық жиналды
✓ Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады
✓ 1918 жылы қаңтар-наурыз айларында Петроградқа 6 млн пұт астық жіберілді.
✓ 1919 жылы сәуірде алғашқы сенбіліктер өткізілді
Ауырөнеркәсіп:
✓ 1919 жылы желтоқсанда Александров-Гай-Ембі теміржол желісі салынды(Орал
Ембі мұнай ауданын Орталық Ресеймен байланыстырды)
✓ 1920 жылы Атыраудан Орталық Ресейге 600 мың пұт мұнай әкетілді
✓ Семейде 500 жұмысшы паравоздарды тегін жөндеп, сенбіліктер өткізді
✓ 1920-1921 жылдары еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды
✓ Петропавл-Көкшетау теміржол желісі салынды.
✓ Империалистік соғыс пен Азамат соғысы кезінде мұнай өндіру 4 есеге
қысқарды(1913 жылмен салыстырғанда)
✓ Империалистік соғыс пен Азамат соғысы кезінде Қарағанды көмір өндіруі 5 есеге
қысқарды(1913 жылмен салыстырғанда)


Page 5

Қарсылықтар:
✓ Әскери коммунизмге қарсы толқулар Петропавл, Ақмола және Орал уездерінде
болды
✓ 1921 жылы соғыс жылдарындағы экономикалық саясатқа қарсы Ақмола, Семей
және Орал губернияларында толқулар өтті



ҚАЗАҚ АКСР-ның құрылуы
















Уақыт: Оқиғалар:
1919 жылы А.Байтұрсынұлы «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес
өкіметі жағына шығарып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді
1919 жылы
4 сәуір
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті шешімімен Алашорда мүшелеріне
кешірім(амнистия) жасалды.
1919 жылы
10 шілде
В.И.Ленин «Қырғыз(Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық
Комитет»(Қазревком) туралы декрет құрды:
▪ Әскери және азаматтық басқарма
▪ 1919-1920 жылдары 15 ай қызмет етті
▪ Казревкомның органы болған баспасөз «Ұшқын» газеті болды
▪ Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашты
▪ Орал қаласында тұңғыш коммунистік сенбілік өткізілді
➢ Қазревком басшысы: С.Пестковский
➢ Қазревком мүшелері: В.Лукашев, Ә.Жангельдин, А.Байтұрсынұлы, М.
Тұнғаншин, С. Меңдешов, С.Сейфуллин, В.А.Радус-Зенькович, А.Авдеев,
Б.Қаратаев, Ә.Әйтиев, Ә.Әлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников
➢ Құрамында: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Семей, Ақмола,
Орал, Торғай облыстары
➢ Міндеттері: контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресті, өлкеде мемлекеттік
және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, өлке кеңестерінің съезін дайындау
1919 жылы
19 қыркүйек
Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы жөнінде шешім қабылданды
1920 жылы
9 наурыз
«Алашорданы» тарату жөнінде Қазревкомның шешімі қабылданды.
1920 жылы
7 шілде
Орынбор республика құрамына енгізілді
С.С.Пестковский С.Меңдешов


Page 6

1920 жылы
20 тамыз
«Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру
туралы» декрет шықты.
Астанасы:
✓ Орынбор (1920-1924 жылдары)
✓ Ақмешіт(1924-1929 жылдары)
✓ Алматы (1929-1997 жылдары)
Аумағы: Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск
уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі.
1920 жылы
4-12 қазан
Орынборда Қырғыз(Қазақ) АКСР кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді.
Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.
Жоғарғы өкімет органдары:
✓ Орталық Атқару Комитеті, төрағасы- С.Меңдешов
✓ Халық Комиссарлар Кеңесі, төрағасы- В.А.Радус-Зенькович
Қырғыз(Қазақ) АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы:
▪ Қазақ халқының ғасырлық арманының орындалуы
▪ Патша үкіметі заңсыз тартып алған жерлердің бір бөлігі қазақтарға қайтарылды
▪ Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі
▪ Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам
«Қырғыз(Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.
✓ Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құрудың негізгі қағидалары анықталған құжат
1921 жылы ➢ Қостанай аймағын республика құрамына қосуды А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин
жан-жақты дәлелдеді.
➢ Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семейге қатысты мәселе 5 рет қаралып,
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,Ә.Ермеков пен М.Сералиндердің тарихи дәлелдерінің
арқасында шешілді.
➢ Ақмола мен Семей облыстары Сібір ревкомы Қазақ АКСР-іне берілді.
➢ Жайық пен Ертіс аралығындағы казактардың 10 шақырымдық жері қазақтарға
қайтарылды.
Қазақ АКСР-
на енгілізген
жерлер:
(1921-1922
жылдары)
✓ Семей облысы(Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері)
✓ Ақмола облысы( Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір
бөлігі)
✓ Торғай облысы( Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері)
✓ Орал облысы (Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері)
✓ Маңғыстау уезі
✓ Закаспий облысы Красноводск уезінің 4, 5-Адай болыстары
✓ Астрахань губерниясының бір бөлігі(Каспийдің солтүстік-шығысы)
✓ Бөкей Ордасы мен Каспий теңізі жағасындағы болыстар
Қазақ АКСР-
на енгізілген
жерлер
(1924 жылы)
✓ Сырдария облысы(Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің көп
бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі)
✓ Самарқан облысы(Жизақ уезінің бірнеше бөлігі)
✓ Жетісу облысы( Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі)

1924 жылы
16 қыркүйек
Орта Азия республикаларын ұлттық мемлекеттік тұрғыдан межелеу туралы Түркістан
ОАК-нің Төтенше сессиясы қаулысы шықты . В.Ленин қазақ жерінің бірігуін
қолдады. Халқының көп бөлігі орыстар болған Орынбор губерниясы Қазақ АКСР-ның
құрамынан алынды. Астана енді Қызылорда(Ақмешіт) болды.
➢ Республика аумағы- 2,7 млн км
➢ Халқы: 5 млн 230 мың (1 млн 468мыңға көбейген)
➢ Қазақтар- 61,3% (1926 жылғы санақ)
1925 жылы
15-19 сәуір
Ақмешітте Қазақ АКСР-і Кеңестерінің V съезінде «Қазақ» атауы берілді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!