Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Азаматтардың моральдық құқықтарын қорғау аспектілері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Азаматтардың моральдық құқықтарын қорғау аспектілері
Шегебаев Мақсат Талғатұлы, Қойқараев Нұрбол Талғатұлы
Алматы қаласы, «Тұран» Университеті
shegebaev.maksat99@mail.ru; k.nurbol369@mail.com
Түйіндеме
Бұл мақалада, азаматтық қоғамдағы моральдық құқық құндылықтары жайында және ҚР құқықтық нормаларындағы азаматтық құқықтық қатынастарды реттелу үрдісі мен ондағы белгілі бір субъектілерге келтірілген морльдық зиян нормаларына студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде қарастырылған.
Кілт сөздер: Азаматтық кодекс, моральдық зиян, мораль, азамат, құқық қорғау, қоғам, үрдіс, саяси, әлеуметтік, жалпыәлемдік, сот, қаулы
Моральдық зиян әлі күнге дейін ауқымды зертелмеген. Мораль деген сөзі әр азамат әр түрлы түсінеді. Және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда, қоғамдык катынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтык құқыктың: құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъсктілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі кұқыктық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын бір немесе бірнеше кұқық бұзушылыктар жасаған кұқык бұзушылықтар жасаған құқық бұзушылық одан әрі ушықтырута алып келуі итермелеуі мүмкін [1]. Бұл, өз кезегінде жәбір көрген тарапты озбырлыкка (рұқсат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасау-ға итермелеуі мүмкін. Тұлғалардың бұзылған құқыктары мен мүдделерін бірдей калпына келтіруге, аталған тенденциялардың кауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық күқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.
Моральдық зиян – бұл азаматтық құқықта жеке және заңды тұлғалардың өзіндік беймүліктік игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылу, соның ішінде жәбірленушіге қарсы жасалған құқық бұзушылықтың салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы [2].
Моральдық зиянды өтеу – ҚР Азаматтық кодексінде бейматериалдық игіліктерді қорғау тәсілдерінің бірі. Егер азаматқа моральдық зиян оның өзіндік беймүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттермен не азаматқа тиесілі басқа бейматериалдық игіліктеріне қол сұғушылық әрекеттермен келтірілсе, сондай-ақ заңда көзделген өзге де жағдайларда сот зиян келтірушіні аталған зиянды ақшалай өтеуге міндеттей алады. Азаматтың мүліктік құқығын бұзушының әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген моральдық зиян заңда көзделген реттерде өтелуге тиіс. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде сот зиян келтіруші кінәсының деңгейін, өзге де мән-жайларды ескереді. Сот моральдық зиян келтірілген адамның жеке өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оның басынан кешірген тән және жан азабының деңгейін де ескеруге тиіс. ҚР АК-нің 951-бабына (3-тармағы) сәйкес азаматқа келтірілген моральдық зиян мына жағдайларда зиян келтірушінің кінәсына қарамастан өтеледі:
-
азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру арқылы зиян келтірілсе;
-
азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алудың, қамауда ұстау, психиатр. немесе басқадай емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімш. жазаны заңсыз қолданудың салдарынан зиян келтірілсе;
-
ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы зиян келтірілсе. Заңда өзге де жағдайлар қарастырылуы мүмкін [3].
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндет-темелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық қүқықтық шарттар қатысушыларының араеындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауалкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттык катынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бүзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі кұқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).
Осы негізде, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінін ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азатматтық күқықтык өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.
Азаматтарға тиесiлi өзiндiк мүлiктiк емес игілiктер мен құқықтарды қорғау және оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеу мәселелерiн реттейтiн заңнаманы сот практикасында дұрыс әрi бiркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулысы туралы құқықтық іс-әрекеттерді талдап көруімізге болды:
1. Жеке тұлғаларға тумысынан немесе заң бойынша тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот арқылы қорғаудың, сондай-ақ оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеудiң адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың тиiмдi кепілі болып табылатынына соттардың назары аударылсын.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi — АК) 9 және 141-баптары мен республиканың басқа да заңдарына сәйкес, сот өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды қорғауды:
-
құқықты тану;
-
өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттік органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актілерін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану;
-
өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың бұзылуы салдарын жою;
-
моральдық зиянды өтеу арқылы жүргізедi [4].
Бұл өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердiң жиынтығын, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек қолдану арқылы қорғайды. Өзiндiк мүлiктiк емес құқықтарды қорғаудың АК-де көзделген тәсiлдерiн сот осындай құқықтарды қорғау еңбек туралы, неке және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау туралы және басқа да заңнамалық актілерде арнайы бекітілмеген жағдайларда да қолдануы мүмкiн.
Бұзылуы, айырылуы немесе кемсiтiлуi жәбірленушіге моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын өзіндік мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесiлi игiлiктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсiну қажет. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiрін, денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін, бостандығын, жеке басына қол сұқпаушылықты, ал азаматтың заңмен берілген құқықтарына тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол сұқпаушылық, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясы, телефон, телеграф хабарларының және хат алысу құпиясы; атын пайдалану; өз бейнесiне; авторлық және аралас құқықтар туралы заңнамаға сәйкес авторлық және басқа да мүлiктiк емес өзiндiк; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жерiн таңдау, анық ақпарат алу құқығын, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады.
Бұл жерде моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.
Қорта келе, менің ойымша ҚР АК-ге енгізілген өзгертуді ескеріп Жоғарғы Соттың жоғарыда аталған Нормативтік қаулысының «ар-намыс» және «қадір-қасиет» ұғымдарын судьяларға түсіндіретін бөлігін толықтырса, оған «жеке» деген сөзді кіргізсе, сонда барып барлығы орын-орынын табар еді. Соттар азаматтық Заңнама нормаларын дұрыс пайдаланар еді, ал журналистер өз құқықтарын қорғауда қосымша кепілдік алар еді. Судьялар өздерінің заң әдебиетіндегі жарияланымдарында «ар-намысты» жеке тұлғаның да, заңды тұлғаның да қоғам санасындағы келбетінің оң бағалануы деп қателеседі. Оған себеп болып отырған – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы №2 Нормативтік Қаулысында «ар-намыс» және «қадір-қасиет» ұғымдарына берілген қазіргі түсінік [5].
Және де онда «ар-намыс» ұғымына берілген түсініктегі «тұлғаны қоғамдық бағалау» сөздерінің орнына «тұлғаны обективтік бағалау» деп көрсетілсе деген ұсыныс бар. Мұндай формулировка судьяларға ғана емес, ар-намысты қорғауға байланысты сот дауына қатысушыларға да түсінікті болар еді, және де қазіргі нарықтық қатынастар субектілерінің талабында қанағаттандырар еді. Ескі «қоғамдық» формулировкасы Одақ кезіндегі терминді еске түсіреді. Оның үстіне, филологтардың өздері «қоғам» лексемин «қоғамдық қайраткер», «қоғамдық мүдде», «қоғамдық қауіпсіздік» сияқты көптеген тұрақты сөз тіркестерінде пайдалану бұрынғы дағдымен келе жатыр, онда ортақ іс, ортақ мүдде, бүгінгі әрекет ету сияқты қандай да бір ортақтық ұғым жоқ дейді. Бұдан бізде Жоғарғы Соттың соттарға берген түсіндіруінде пайдаланатын «тұлғаны қоғамдық бағалау» сөз тіркесі семантикалық құндылықтан жұрдай, оны ауыстыру керек деген ой туады.
Сонымен, адамды объективтік бағалауға қатысты біз ұсынып отырған формулировка заман талабына сай келеді және оның көмегімен мәні жағынан өте жақын екі ұғымның-«ар-намыс» пен «қадір-қасиеттің» жігін ашу оңайға түседі. Ал, оларды ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау жөніндегі істерге қатысты сот «процесінде пайдалана отырып сот тараптар жинақтаған дәлелдемелерді дұрыс бағалай алар еді».
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Верховский Д. А. Мораль және құқық-мәдени-әлеуметтік реттеу//Гуманитарлық жаршысы, МАГИСТРАНТТАР. Л. Н. Толстой.2014 ж. №4 (12)
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
3. Қазақстан Республикасының азаматық кодексі (жалпы бөлім). ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді, № 269-XIIІ.
4. ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы қаулысы
5. Моральдық зиянды өтеу мәселесіне байланысты құқықтары қорғау http://www.minber.kz/2012/01/қазақстан-журналисі-моральдық-зиянд