Материалдар / Азаматына қарап елін таны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Азаматына қарап елін таны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі ұлдар жұмысына арналған жоспар бойынша өткен іс-шара туралы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
759
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Азаматына қарап елін таны


Халқымыз әрқашан ұрпақ тәрбиесін бәрінен жоғары қойып, ұл мен қызының саналы да тәрбиелі болып өсуіне, елі мен тегіне жаман атын естімеуге бар күш-жігерін соған арнап, бар жиғанын бала үшін құрбан ететін ерекше қасиетімен белгілі емес пе?! Осы орайда С.Бекбосынов атындағы орта мектебінде «Сардар» ұлдар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Азаматына қарап елін таны» деген тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесуге ауыл азаматтары, өз отбасындағы тәрбиесі арқылы өзгеге үлгі болатын Қасымжанов Мәдениет, Серікбаев Ербол, Медеуов Жанат, Мұсағалиев Қанат, Тұрғазыұлы Аслан сынды азаматтар шақырылды. Аталған кездесуге 7-10 сыныптың ұл оқушылары, мұғалімдер және мектеп директоры Б.К.Тілеубай қатысты.

Шара барысында әрбір азаматқа дайындалған арнайы презентация арқылы жиынға шақырылу себебі айқындалып, ауылдағы еңбек жолдарына байланысты бейнероликтер ұсынылып, сол тақырып аясында әңгіме өрбітілді. Алдымен сөз кезегі ауған соғысының ардагері, ұл-қыздарына тәрбие берумен қатар, олардың өнер жолындағы табанды еңбек етуіне үлес қосып отырған, еңбектің батыры атанған Өртқали Қасымжановтың ұрпағы Қасымжанов Мәдениет ағамыз адамдар арасындағы достық, ер балалар арасындағы жолдастық сезімі туралы өмірден мысал келтіре отырып, әсіресе өзінің майдандас достары жөнінде кең көлемде мағлұмат беріп, өрелі әңгімеге арқау болды.

Архат ауылында өзіндік орыны бар, көпбалалы отбасынан шыққан Ербол ағамыз ауыл имамы ретінде оқушыларды сабырлыққа шақыра отырып, жақсы мінездің сауыты – сабыр болатынына тағы бір мәрте көз жеткізгендей болды.

Адал еңбек, өн бойындағы қарапайымдылығымен елге сыйлы азамат Жанат ағамыз адамдар арасындағы қарым-қатынас кезіндегі сөз мәнеріне терең ой тастай отырып, адам жанын жадыратар сөйлеу мәдениетіне және ортада өзін өзі ұстау мағынасындағы әңгімесі арқылы ой тербетер тағылымды дүниені ортаға салды.

Тек қана қазақ халқына тән «қара шаңырақ» ұғымының қашанда өзектілігі жоғалмасы анық. Осы орайда кездесу қонағы ретінде шақырылған Қанат Амантайұлы өз бойындағы еңбекқорлығының әкеден және анадан тараған өнегесі ретінде жауап қайтарып, ана мен туыстарды сыйлау, жан-жағыңмен ерекше қарым-қатынасты қалыптастыру және ұқыптылық пен еңбекқорлық туралы орамды ой тастады.

Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында өз бойындағы атбегілік өнерімен ауылда өзіндік орыны бар Аслан Тұрғазыұлы атадан балаға мирас болып келе жатқан саф өнердің қыр-сырына үңіле отырып, адами қасиетттің иесі ғана қасиетті жылқы малын дәріптей алатындығын ескеру қажеттігін басып айтты.

Кездесудің екінші бөлімінде түрлі сұрақ-жауаптар қою арқылы ашық кездесу өз ажарын аша түсті. Осыдан кейін «Алып анадан туады» бөлімінде арын жанынан артық қойған соғыс жылдарындағы Ақила, Биби, Тиыштыбала сынды аналар есімі айшықталып, арнайы бейнеролик арқылы «НЕ істедің, айтшы, достым «Анама» деп?» сауалы тасталып, кеш қонақтарынан басталған жауап анаға деген жақсылық өз ісіңнен басталу қажет деген оймен астасты. Әсіресе ұл балаларға қойылған осы сауал барысында жауап берушілер өз аналарын құрметтеу, оларға деген сүйіспеншіліктері мен жетістіктері арқылы қуантуға үлес қосатындарын ашып айтты.

Шынында да, біз жақсы дүниені аспаннан, алыстан іздемей жанымыздағы жандар арасынан осындай адамдардың ғибратты өмірлері арқылы жеткізу қажеттігін көп мойындай бермейміз. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа көз алдында жүрген ағаларынан үйренері көп екендігін саналарына жеткізуді мақсат ете отырып, адамгершілік қасиеттерін айшықтауға бағытталған шарадан көп ой түйдік деп есептеймін. Осы шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Н.Жанпеисова мен әскери жетекші Қабиденов А.Б. өз тараптарынан дайындалған символикалық сыйлықты қонақтарға ұсына отырып, ұрпақ тәрбиесіне ат салысқан жандарға ризашылықтарын білдірді.

Қабдиқызы А.

С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің педагог-психологы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!