Материалдар / «Азия елдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Азия елдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Азияның экономикалық географиялық жағдайы және саяси картасының қалыптасуы 2. Тарихи географиялық аймақтардың экономикасы 3. Табиғат жағдайлары мен қорлары 4. Халқы 5. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

География пәнінен «Азия елдері» тақырыбына ашық сабақ


Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут)

Батыс Еуропа елдері

Жоспар:

  1. Еуропаға жалпы сипаттама

  2. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

  3. Халқы

  4. Еуропаның жеке аймақтары

1-тапсырма: «Ойлан, тап!» ойыны

2- тапсырма: Еуропаның «Ергежейлі елдері» кестесін толтыру

3 –тапсырма: Толықтыруды қажет ететін тест


ІІІ. Жаңа сабақ (30 минут)

Жоспар:

  1. Азияның экономикалық географиялық жағдайы және саяси картасының қалыптасуы

  2. Тарихи географиялық аймақтардың экономикасы

  3. Табиғат жағдайлары мен қорлары

  4. Халқы

  5. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі



ІV. Бекіту (20 минут)


1- тапсырма: «Танымдық» ойын арқылы сұраққа жауап алу

2- тапсырма: «Бақытты сәт аралы» cөзжұмбақ

3- тапсырма: Географиялық диктант


V.Бағалау (5 минут)


VІ.Үйге тапсырма беру (3 минут)


VІІ.Пайдаланған әдебиеттер (2 минут)








Сабақтың тақырыбы: Азия елдері

Сабақтың мақсаты:


1. Білімділік: Азия елдері жайлы түсіндіру, меңгерту

2.Дамытушылық: Азияның жеке аймақтары туралы ой-өрісін одан әрі дамыту

3.Тәрбиелік: Азия елдерінің табиғат жағдайларын білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаз, электрондық оқулық

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы

Пәнаралық байланыс: Тарих, саясаттану, қоғамтану т.б.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеп, журналға белгі соғу

3. Оқу құралдарын реттеу

4. Жаңа сабаққа зейінін аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Батыс Еуропа елдері

  1. Еуропаға жалпы сипаттама

  2. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

  3. Халқы

  4. Еуропаның жеке аймақтар

1-тапсырма: «Ойлан, тап!» ойынында 8 сұраққа жауап алу





  1. Еуропаның аралдармен қоса есептегендегі ауданы неше млн км2 жуық? (10 млн км2)

  2. Еуропаның қазіргі саяси картасында нешеден астам ел бар?

(40-тан астам)

  1. Еуропа елдерінде қанша мемлекетте монархиялық құрылым сақталған? (12мемлекет)

  2. Монархиялық құрылымда мемлекетті кімдер басқарады?

(король, королева, князь, герцог)

  1. Еуропада шамамен қанша млн адам тұрады? (738 млн)

  2. Еуропалықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы қанша жас?

(76 жас)

  1. Еуропа жерінде нешеден астам этнос өкілдері тұрады?

(80-нен астам)

  1. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге қанша адамнан келеді? Ресейді қоспағанда. (100)

  2. Бұрын кеңестер құрамында болған еуропалық мемлекеттер егемендік алғаннан кейін, аумағын тұтас сақтап қалған ел.

(Ресей Федерациясы)

2- тапсырма: Еуропаның «Ергежейлі» елдері кестесін толтыру

Сәйкес жауабын тап!

«Ергежейлі» елдер атауы


Астанасы

Андорра князьдігі


Вадуц

Мальта Республикасы


Гибралтар

Лихтенштейн княздігі


Ватикан

Сан-Марино Республикасы


Андорра-ла-Велья

Гибралтар иелігі


Монако

Монако князьдігі


Люксембург

Ватикан мемлекеті


Сан-Марино

Люксембург

Ұлы герцогтігі


Валлетта

Дұрыс жауабы

«Ергежейлі» елдер атауы


Астанасы

Андорра князьдігі


Андорра-ла-Велья

Мальта Республикасы


Валлетта

Лихтенштейн княздігі


Вадуц

Сан-Марино Республикасы


Сан-Марино

Гибралтар иелігі


Гибралтар

Монако князьдігі


Монако

Ватикан мемлекеті


Ватикан

Люксембург

Ұлы герцогтігі


Люксембург

3 -тапсырма

1.Толықтыруды қажет ететін тест.

а. _________Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі.

ә. Еуропа ________ дінінің кең тараған орталығы болып табылады.

2.Еске салушы тест.

1. Еуропа жерінде нешеден астам этнос өкілдері тұрады? (80нен астам)

2. Еуропа су ағынының қалыңдығы жөнінен (295 мм-дей) дүние бөліктері ішінде нешінші орынды алады?

3. Балама тест.

1. Мың адамға шаққандағы туу көрсеткіші 11 адам болса, өлім-жітім көрсеткіші 11 адамға жетіп отыр.

а ) иә б) жоқ

2. Еуропаның жеке аймақтары 8-ге бөлінеді

а) иә б) жоқ

4. Таңдамалы тест.

1. Миллионерлер қалалар

а. Оңтүстік Еуропа

ә. Орта Еуропа

б. Солтүстік Еуропа

2. Еуропалықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы

а. 74

ә. 75

б. 76

5. Таңдамалы тест

1. Еуропаның аймақтары

а) 2 ә) 3 б) 4

2.Шетеелдік Еуропаның 25%-ын құрайтын халық

а) Оңтүстік Еуропа ә) Шығыс Еуропа б) Орталық Еуропа

Тест кілті

1. а) Еуропа

ә ) хрестиан

2. а ) 80

ә ) 2 орында

3. а ) иә

ә) жоқ

4. 1 – ә

2 – б

5.1- б

2- ә






ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Азияның экономикалық географиялық жағдайы және саяси картасының қалыптасуы

  2. Тарихи географиялық аймақтардың экономикасы

  3. Табиғат жағдайлары мен қорлары

  4. Халқы

1. Азия – екі жарты шарда бірдей орналасқан ең үлкен дүние бөлігі, оның алып жатқан ауданы 44,6 млн км2-ты құрайды. Мұнда Жер шары халқының жартысынан астамы тұрады және ТМД елдерін қоспағанда 45 мемлекет орналасқан.

Азиядағы ежелгі мемлекеттер, ірі өзендер аңғарында қалыптасты. Адамзат тарихындағы төрт ұлы «өзендік өркениеттің» үшеуі Азияда пайда болып, шарықтау шегіне жетті. Ежелгі Азия мемлекеттерінде шаруашылықтың жергілікті табиғат жағдайларына мейлінше бейімделген салалары, осыдан 4 мың жылдай бұрын Тигр және Евфрат өзендерінің аралығында (Месопатамия) адамзат тарихындағы алғашқы қалалар пайда болды.

Азия айрықша «Көшпенді өркениеттің» бесігі болды. Қара теңіз бен Сары теңіз аралығында созылып жатқан шексіз Ұлы дала көшпенділердің ежелгі Ғұн мемелекеті қалыптасты. Қазақстанның байырғы халқы – қазақтар осы ұлы өркениеттің бір тармағын құрайды.

Ежелгі дүние жүзілік соғыстан соң ыдырай бастауы иеліктердің көпшілігінің тәуелсіздік алуына алып келді. Қазіргі кезде Үнді мұхитындағы кейбір бытыраңқылы ұсақ аралдық аумақтар ғана иеліктер түрінде сақталып қалды.

2. Дүниенің ешбір бөлігінде Азиядағыдай айқын ажыратылатын аймақтар жоқ. Азия аумағында әлеуметтік –экономикалық, географиялық жағынан мүлде ұқсамайтын бес тарихи-географиялық аймақ қалыптасты:

1. Оңтүстік-Батыс Азия

2. Оңтүстік Азия

3. Оңтүстік-Шығыс Азия

4. Шығыс Азия

5. Орталық Азия


Бұл аймақтар өзіндік ерекшеліктермен айқындалады. Олар: 1) географиялық жағдайы, оның ішінде тарихи тұрғыдан бірінен-бірі оқшау орналасқан табиғи шекараларының болуы; 2) табиғи жағдайлары және ресурстары; 3) өзіндік тарихы; 4) ерекше әлеуметтік мәдениеттің болуы;

5) экономикалық дамуындағы стратегиясының өзгешелігі.






Азия құрлығының геосаяси аймақтық тұрғыдан бөлінуі, 2015 ж.

Аймақтар

Ауданы

Халқы

Көрсеткіштер

млн км2

% есебімен

млн адам

% есебімен

Оңтүстік-Батыс Азия (Таяу Шығыс)

6,8

21,5

296

7,2

Оңтүстік Азия

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!