400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Азот қышқылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Азот қышқылы көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат. Таза күйінде тығыздық 1,51 г/см3. Ол — 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен майда тамшылар түзеп “түтіндейді”. Азот қышқылы жарық әсерінен біртіндеп ыдырайды: 4HNO3=4NO2+O2+2H2O. Бөлініп шыққан азоттың қос тотығы қышқылда еріп, оны қоңыр түске бояйды. Азот қышқылы аса өткір қышқыл, қуаты жоғары тотықтырғыш. Сұйытылған ерітіндісінде ол толық Н+ және NO3— иондарына ыдырайды. Көптеген металл еместер азот қышқылында өзіне тиісті қышқылдар түзгенше тотығады. Мысалы: күкірт азот қышқылмен қосып қайнатқан кезде күкірт қышқылына айналады. Азот қышқылы алтынплатинатанталродийиридийден басқа металдардың бәрімен әрекеттесіп, олардың нитраттарын немесе оксидтерін түзеді. 1 көлем азот және 3-4 көлем тұз қышқылынан тұратын қоспа “патша арағы” деп аталады. “Патша арағы” азот қышқылымен әрекеттеспейтін металдардың кейбіреуін, соның ішінде алтын мен платинаны да ерітеді. Азот қышқылы азот тыңайтқыштарын, қопарылғыш заттар, бояулар тағы басқа заттар алу үшін қолданылады. Азот қышқылының тұздары — нитраттар да суда жақсы ериді. Өндірісте азот қышқылын аммиакты оттегінің қатысуымен толықтыру арқылы алады

Азотты қышқыл HNO2 - сұйық ертінді түрінде ғана кездесетін бір негізді, әлсіз қышқыл.
Түсі - ақшыл аспан көк.
Тұздары - нитриттер - улы, күшті электролиттер, түгелдей дерлік суда жақсы ериді. Ең маңыздысы - натрий нитриты, медицинада қолданады.

Азотты қышқыл

HNO2

Молекула құрылымы

Газтәріздес сәтінде азотты қышқылдың молекуласы 2 конфигурацияда болады:

транс-изомер

цис-изомер

Екінші құрылымы тұрақты болып келеді, себебі цис-HNO2(г) DG°f = −42,59 кДж/моль, ал транс-HNO2(г) DG = −44,65 кДж/моль.

Химиялық қасиеттері

Сулы ертіділерде тепе-теңдік сақталады:

Қыздырғада азот оксиді(ІІ) NO мен азот қышқылы құралады:

Азотты қышқыш - әлсіз, сулы ертіділерді диссоциация жасайды. Сірке қышқылынан күштірек. Тұздардан қүшті қышқылдармен ығыстырылады:

Тотықтырғыш та тотықсыздандырғыш та қасиет көрсете алады. Күшті тотықтырғыштар (КMnO4, К2 Сr2O7, H2Oт.б.) оны азот қышқылына дейін тотықтырады:

Күшті тотықсыздандырғыштар (KJ, H2S т.б.) азот тотығына дейін тотықсыздандырады:

Азотты қышқыл мен оны тұздарының ертіндісіне KJ және крахмал ертінділері құйса, ертідінің түсі көгереді.

Алынуы

Азотты қышқылды суға азот оксидін(ІІІ) еріткенде алуға болады:

Және азот оқсиді(IV) суға еріткенде алынады:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.04.2021
670
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі