Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғалімдеріне арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Мұғалімнің аты-жөні:Табынчаева Сания Рсбаевна

СЫНЫП: 7

Қатысқаноқушылар саны: 25

Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.4.1.3 - азық – түліктерде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін дәлелдеу

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Органикалық және бейорганикалық заттар, нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Химия,физика

Алдыңғы оқу

Зертханалық жұмыс «Судың тірі ағзалар үшін маңызы мен қасиеттерін зерттеу». Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор, ) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек. Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Суретке байланысты тілек» тренинг

Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.




1-топ

2-топ

3-топ



Суреттер

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Тірі ағзалар құрамындағы заттардың екі тобы. Тірі ағзалардағы химиялық үдерістер (процесс) мен құрамбөліктерді (компонент) зерттейтін биохимик-ғалымдар барлық заттарды органикалық және бейорганикалық деп үлкен екі топқа бөледі. Бейорганикалық заттар жансыз табиғатта көп мөлшерде кездеседі. Су бейорганикалық заттардың ішінде ең маңызды зат болып табылады.

Судан басқа бейорганикалық заттарға оттек, сутек, темір және бір химиялық элементтен тұратын басқа барлық жай заттар жатады. Со- нымен қатар бейорганикалық заттарға тұздар (кальций фосфаты – Са- 2РО3), қышқылдар (азот қышқылы – НNО3, фосфор қышқылы – Н3РО4

және т.б.) сияқты күрделі заттар жатады.

Органикалық заттар – негізінен тірі ағзаларда түзілетін заттар.

Органикалық заттардың сипаттамасы. Органикалық заттарға нәруыздар, майлар, көмірсулар мен нуклеин қышқылдары жатады. Нуклеин қышқылдар (ДНҚ) тұқымқуалаушылықты сақтау үшін қажет. НҚ – нуклеин қышқылы.

Көмірсулар немесе қанттар. Атауы айтып тұрғандай олардың дәмі тәтті.

Көмірсулар көп мөлшерде жүзім, қауын, қарбыз, өрік, алмұрт, алма сияқты тәтті жемістердің құрамында болады. Сонымен, күріш, бидай, сұлы, арпа, жүгері дәндерінде көмірсулар мөлшері көп. Сүт құрамында нәруыздар, майлар мен көмірсулар теңдей, ал су көп мөлшерде болады, сондықтан сүт – сұйық.

Нәруыздар – жасушаның негізгі органикалық заттары. Ағзадан суды алып тастағанда нәруыздар орташа 70–80% болады. Бұл басқа органикалық әрі бейорганикалық заттарға қарағанда көп. Көмірсулар сияқты нәруыздардың 1 грамы ыдырағанда 17,6 кДж энергия түзіледі. Бірақ көмірсулар бірінші кезекте энергия берсе, нәруыздар энергия түзеді, одан басқа жасушалар үшін құрылыс материалы болып табыла- ды. Сондықтан олар тірі ағзалар құрамында көп болады. Өсіп жатқан жас ағзаға, спортшыларға, сондай-ақ жүкті әйелдерге нәруыздарға бай тамақ қажет.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Стикердегі диалог» әдісі

(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Топтарға тапсырма:

1-топ: Органикалық және бейорганикалық заттарды атаңдар.

2-топ: Тірі ағзалар құрамында қандай заттар көп? Жансыз (өлі) табиғатта қайда кездеседі?

3-топ: Нәруыздар, майлар мен көмірсулар қандай өнімдерде болатынын атаңдар.



Оқулық.

Кеспе мәтіндер.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.


Ортасы

10 минут







Қолдану

Жануарлар өнімдерінде нәруыздардың мөлшері көп. Бұған бірінші кезекте ет, сондай-ақ жұмыртқа, сүзбе жатады. Жоғарыда сүттің құрамы туралы айтылды. Ірімшік құрамында нәруыздарға қарағанда майлар көп. Нәруыздар, майлар мен көмірсулардың пайыздық құрамы тамақ өнімдерінің қаптамасында көрсетіледі.

Нәруыздар – жасушаның негізгі органикалық құрам бөлігі, сондықтан олар өсімдік өнімдерінде де болады. Өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, қытайбұршақ нәруыздарға бай.

Майлар – энергия сыйымдылығы ең көп органикалық зат.

1 грамм май ыдырағанда шамамен 38,9 кДж энергия бөлінеді. Жа- нуар майына: қойдың, сиырдың, балықтың т.б. жануар майы жатады. Тұқымдарының құрамында май көп болатын өсімдіктерден өсімдік майын алады. Оған мақта, күнбағыс, рапс, қыша (горчица), сафлор т.б. өсімдіктер жатады.

Жалпы, ағза қажетті заттарды алу үшін алуан түрлі тамақпен қоректенуі керек.

Сонымен қатар ата-бабамыздаен мұра болып қалған – ұлттық тағамдарымыздың адам денсаулығы үшін мәні зор. Олар – қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, уыз, сүзбе, қаймақ, сары май және т.б.

Халқымыздың, негізінен, сүтке сүйеніп, оны әрі тамақ, әрі сусын еткені рас. Жаздың күні сауған сүттен қыстық азық-түлігін даяр- лап алудағы сүт тағамдары технологиясын әбден жетілдіре білген ұлтымыздың ұлылығына тәнті боласың.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі

1-топ:

Жауабын жазады.Олар ыдыраған кезде бөлінетін энергия мөлшері қандай?

2-топ:

Нәруыздар, майлар, көмірсулар мен нуклеин қышқылдарының ағзадағы қасиеттерін талдаңдар.

3-топ:

Құрамындағы органикалық заттардың рөліне байланысты өнімдердің маңызы туралы жарнама жасаңдар.

Талдау

«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

1.Оқулық материалдарын пайдаланып, «Органикалық заттардың маңызы» деген тақырыпқа эссе жазыңдар.

2.Қалай ойлайсыңдар, адам үшін дұрыс тамақтану негізгі міндет болып табыла ма?




«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.




Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

Сергіту сәті

2 минут


Сергіту сәті


Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

«Карточкадағы терминдер» әдісі

Орталық цилиндр құрылысы,тамырдың өткізгіш қызметі,Перицикл мен камбийдің орналасуы,жасуша құрылысының ерекшелігі,тамыр сіңіретін судың қозғалысы деген сөздер топтарға таратылады.

Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы терминді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді.



Карточкада жазылған терминдер



Бағалау

5 минут









Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Стикер

дегі диалог» әдісі

«Пкірлер» парағы әдісі

«Броундық қозғалыс»

«Карточкадағы терминдер» әдісі

Балл














Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері







Бағалау парақшасы










Қағаз қиындылары.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2018
1379
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі