Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Б" дыбысы және әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша қызметкерлеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 14.01.2021жыл
Мектепке даярлық топ: “Балдырған”
Білім бері саласы: Коммуникация. Сауат ашу
Тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.
Мақсаты: Б дыбысымен таныстыру, балалардың ойлау қабулетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Б дыбысын қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жазу дағдысын қалыптастыру.
Билингвальды компонент: Балық-рыба-fish, бағдаршам-цветофор-traffic light, бала-ребенок-сhild.

Көрнекіліктер: суреттер, аквариумдағы балықтар, слайд.

Іс-әркет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай керемет таң! Балалар бүгін бізде ерекше күн, біздің тобымызға қонақтар келіпті. Олай болса қонақтарымызға амандасып, шаттық шеңберін жасап алайық.
    Біз балдырған тең басқан,
    Дос құшағын кең ашқан.
    Тілегіміз тыныштық,
    Ашық болсын кең аспан.
    Мықты болсын іргеміз,
    Бәрімізде біргеміз.

Балалар қонақтармен амандасып, шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдас-тырушылылық
ізденіс

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде қанша ай бар?

  • Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігі неде?

Жарайсыңдар балалар!

Балалар біз өткен оқу қызметімізде қандай әріп өттік?

Олай болса балалар М әріпінен басталатын сөздер айтыңдаршы.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, бірге жұмбақтың жауабын шешіп көрейік.



Жұмбақ
Қызықтырып әркімді ақ,
Суда жүзер жылтылдап.
“Б” әрпінен басталған
Сол жүзгіштің атын тап

Жарайсыңдар балалар!

Балық сөзі қай әріптен басталып тұр?

Балаларға аквариумдағы балықтарды көрсету .
Ал балалар олай болса бүгінгі өтетін оқу қызметіміздің тақырыбы “Б әріпі мен дыбысы”

  • Қане, бәріміз Б деп қайталайық.

  • Б дыбысын созып айтуға болмайды. Сондықтан “Б” дыбысы дауыссыз дыбыс болып саналады.

  • Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

Дидактикалық ойын: “Сөз ойла, тез ойла”

Б” дыбысынан басталатын сөздер айтайықшы.

  • Ия балалар дұрыс айтасыңдар.

  • Балалар осы “Б” дыбысынан басталатын сөздерді буынға бөліп көрейік.

  • Ба-лық Ба-қа Бал-та Бал-та

  • Ба-лық қанша буын?

  • Неге екі буын?

  • Жарайсыңдар балалар, өте керемет!
    Билингвальды компонент: Балық-рыба-fish, бағдаршам-цветофор-traffic light, бала-ребенок-сhild

Тіл жаттықтыру: Ба-ба- бақа
Та-та-тасбақа.

Бәріміз бірге қайталап тілімізді жаттықтырайық.

  • Балалар мен сендерге сиқырлы қағаз бергім келіп тұр, ол қағазда ешқандай жазу жоқ бірақ суға салсақ сиқырлы сөздер шығады екен. Сол сиқырлы сөздерді оқып көреміз ба?

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.

  • Ал балалар дәптерімізді ашып “Б” әріпінің баспаша түрін жазайық, дәптерімізге жазбас бұрын ауада жазып үйренейік. Бірінші ұзын таяқша сызып, одан кейін жартылай шеңбер сызып, сосын кішкентай таяқша сызымыз.

  • Олай болса бәріміз орнымыздан тұрып денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Baby Shark

  • Балалар балық судан жағаға шығып қалса өмір сүре алама?

  • Олай болса біз балықтарға арнап аквариум жасап берейік.

Жумысымызды жасап жатып балық туралы өлең шумақтарын айтып жіберсек

Су астында балық бар,
Сазан, шортан, бекіре.
Неше түрлі балық бар,
Шошытасың секірме.

Қазір қыс мезгілі.
3 ай бар

Қар жауады, күн аяз, суық болады.

М әріпі

Мысық, мата, мақта, т.б.









Балық





Б әріпінен басталып тұр.






Б әріпін қайталайды.


Көк




Балық,бақа, балта, балға, т.б.




Буынға бөледі. Екі буын, себебі құрамында екі дауысты дыбыс болғандықтан екі буынға бөлініп тұр.







Ия






Балалар ауаға “Б” әріпін жазады.










Балалар сергіту сәтін орындайды.




Балалар өлең шумақтарын қайталайды



Рефлексифті түзетушілік

  • Біз бүгін қандай жаңа әріп өттік?

  • Б” дыбысы қандай дыбыс?

  • Балықтарна не жасап бердік?

  • Б” дыбысынан басталатын сөздер естеріңде қалдыма?

Ал балалар оқу қызметіміз осымен аяқталды. Кім оқу қызметіне жақсы қатысты деп ойлайсыңдар? Бір-бірімізді бағалап жіберейік.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өткен әріпті қайталап. “Б” әріпін тануды,

Түсінеді: дыбыстық талдау жасап, дыбыстарды ажыратуды.

Қолданады: өткен дыбыстарды қосып, хормен оқуды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2021
431
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі