Бабалар салған ізімен... Қорқыт ата және қобыз сазы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бабалар салған ізімен... Қорқыт ата және қобыз сазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Видео материалдар мен қосымша вордволда жасалған тапсырмалар бар. Балаларға қызықты болуы үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін______________________

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Педагогтің Т.А.Ә.

Мырзабекқызы Индира

Күні:

27.11.2023

Сынып: 5 б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бабалар салған ізімен...

Қорқыт  ата  және  қобыз  сазы

Құндылық

Ар-ұят құндылығы

Мақсаттары

Оқушыларға Қорқыт атаның өмір жолынан күйлерінің шығу тарихынан түсінік беру. Қобыздың жасалуы туралы мағлұмат беру.Қорқыт ата кесенесінің тарихи мәнін ашып түсіндіру

Көрнекіліктер

Плакатқа  салынған  қобыздың  суреті,  

Қорқыт  ата  портреті  мен  кесенесінің  суреті.

Интербелсенді тақта, бейнероликтер




Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі.









Сабақтың ортасы

































































Сабақтың соңы

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу. Қызығушылықты ояту


«Күн! Тас! Қоршау!» ойыны

Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!»,«Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар əрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді.

«Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате жібермеген топ жеңімпаз атанады.



Бүгінгі  тәрбие  сағатымыздың  тақырыбы,  «Қорқыт  ата  және қобыз  сазы»  деп  аталады. (Тәрбие  сағатының  жоспарымен  таныстырып  өтіледі.)

Күй  атасы-Қорқыт.

       Қорқыт (VІІІ  ғасырда  өмір  сүрген)- ақын,  асқан  күйші,  аты  аңызға  айналғын  кемеңгер  тұлға,  ұлы  ойшыл  адам  болған. Оның  әкесі  Қарақожа  сыр  бойын  мекендеген  оғыз  тайпасына  жататын  Баят  дейтін  рудан  шыққан. Анасы  Алтыншаш  қазақ  құрамына  Қыпшақ  руынан,  туған  жері  қазіргі  Қостанай  облысы,  Аят  өзенінің  Тобылғыға  құятын  сағасында   туған.Қорқыттың  дүниеге  келуі  туралы  аңызда   былайша  әңгімеленіледі.Қорқыт  анасының  құрсағында  үш  жыл  бойына  жатқан  көрінеді.Қорқыт  ерекше  бір  ғаламат  жағдайда  дүниеге  келеді.Сол  күні  яғни  Қорқыт  дүниеге  келген  күні  алай-дүлей  боран  соғады. Айналаға  қара  түнек  орнап,  нөсерлі  жуын  жауыпты.Күн  тұтылып,  үш  күн  бойы  күннің  көзі  көрінбепті.Сырдарияның  жағасы  мен  Қаратаудың  айналасын  қара  тұман  бұлт  басып,  оны  халық  «Қараспан»  деп  атаған.Анасының  құрсағында  үш  жыл  жатқан  нәресте  дыбыс  шығарып,  елдің  үрейін  алған.Қорқыт  дүниеге  келгеннен  кейін  бірден  сөйлей  бастап,  бірден  жүріп  кеткен.Қорқытқа  нағашылары  «Таутайлақ»  тұқымынан  туылған  ботаны   сыйға  тартыпты.Қорқыт  жиырма  жастан  бастап  асқан  күйші,  қобызшы  болады.Ол  бір  жерде  отырмай  елелді  Желмаямен  кезіп,  қобызымен  күй  тартып,  бақсылықпен  айналысқан.Өзінің  күйімен  адамды  аурудан  жазып,  өлімнен  арашалайтынжұртты  аузына  қаратқан  шешен,  болашақты  болжайтын  бақсы,  ел  басқаратындарға  ақыл  айтатын  кемеңгер  көсем  болған.

Ақын абыз Шешен,  көсем,

Қорқыт   Күйші,  балгер

Әуезші,  елші

    Қорқыт  және  басқа  бақсылардың  ой-санасы өзгелерден  ерекше,  өзі  әрі  әуезші,  әрі  елші,  болашақты  болжай  алатын  көреген  көсем  болған.

Ажалдан қашқан - Қорқыт



Қобыздың  жасалуы  туралы.

 Қылқобыз- ысқышпен  ойнайтын,  қос  ішекті  ескі  музыкалық  аспап. Халық  арасындағы  аңыздарға  қарағанда  қылқобыздың  пайда  болуы  8  ғасырда  өмір  сүрген  күй  атасы  Қорқыттың  есімімен  тығыз  байланысты.Қорқыт  туралы  аңыздарда  оның  қылқобызының   дүниеге  келуінде  мынадай  аңыз  бар.Қолына  тиген  аспаптың  бәрін  де  сөйлете  білетін  асқан  күйші  және  түрлі  музыкалық   аспапты  жасаушы,  қолының  месекері  бар  ұста  болған.Ол  домбыра,  сырнай  жасаумен  қанағаттанбай  жаңа  бір  аспап  жасап  шығарып,  табиғаттың  тылсым  тіршілігін  музыка  аспабының  үніне  мүлгіткісі  келеді.Құшақ  жетпес  қарағайды  кесіп,  содан  жасамақ  болады.Оның  үңгіп,  шауып,  күнге  кептіріп,  бірнеше  күн  әуре  болады. Бір  күні  ұйықтап  жатып  түс  көреді. Түсінде  періште  аян  келтіреді. Сонда,  Қорқыт  жасап  жатырған  қобызың  алты  жасар  нар  түйенің   жілігіндей  екен. Енді  оған  нар  түйенің  терісінен  шанақ,  ортекенің  мүйізінен  ойылған  тиек,  бесті  айғырдың  құйрығынан  қыл  ішек  керек. Осылардың  басын  қосып  жасаған  қобызың  сарнағалы  тұр,- деп  ақыл  береді.

     Қылқобыз  жасап  алып,  әлемді  күңірентіп  күй  толғаған  дейді.


Қорқыт кесенесі туралы



Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға жасырынған сөздерді табу ойынын ойнату


Оқушылар əрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт











Мұғалімді тыңдайды






























https://www.youtube.com/watch?v=g6NzgicQxRQ&t=5s






















https://www.youtube.com/watch?v=rW3CSsVJg0Q

https://wordwall.net/ru/resource/64566725




 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2024
670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі