"Бабалар тілі - мыңжылдықтар тілі" сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бабалар тілі - мыңжылдықтар тілі" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қызыл тілдің құдіреттілігін, халықтың рухани кәусар бұлағы – көркем сөздің қуатты күшін, мәнін, дәрежесін, байлығын түсіндіру. Оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізуде сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, тіліне, тарихына сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, патриоттық сезімге баулу, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

50 орта мектеп








Тақырыбы:

«Бабалар тілі мыңжылдықтар тілі» тіл сайысы



Өткізген: Қазыбекова С.Қ, Қонысбаева Н.Е















2018-2019оқу жылы

«Бабалар тілі мыңжылдықтар тілі» тіл сайысы

Мақсаты: Қызыл тілдің құдіреттілігін, халықтың рухани кәусар бұлағы – көркем сөздің қуатты күшін, мәнін, дәрежесін, байлығын түсіндіру.
Оқушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізуде сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, тіліне, тарихына сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, патриоттық сезімге баулу, тәрбиелеу.


1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпыхалықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілетін зор құрмет.
2 - жүргізуші: 1989жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Армысың ардақты анам - қазақ тілім,
Бір өзіңнен тараған өнер - білім.
Құтты болсын, бүгінгі тіл мейрамы
Жарқын болсын әрқашан келер күнің.
1 - жүргізуші:
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2 - жүргізуші:
Қазақ тілім - саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім - анам тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Екеуі бірге
Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — далам тілі, өз тілім,
Туған тілім — адам тілі, өз тілім.

Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қатысушыларды 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау және топқа ат қою

Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:

1.Сіз білесіз бе?
2.
«Сөз ойла , тез ойла»
3. Сөз тапқанға...

4.Кім тапқыр?

5.Бұл кім? Бейне сұрақ

6. «Өлең сөздің патшасы»

Ендеше қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

І бөлім. Сіз білесіз бе?

Экранда көрсетілген ұпай сандарын таңдап, сол ұяшықта берілген сұраққа жаууап береміз.

10ұ. Абайдың шын аты. (Ибраһим)
10.ұ Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
10ұ Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)

20ұ. . Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі)

20.ұ Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
20ұ.
Көп тілді білетін адамды қалай атайды? (полиглот)

30ұ. Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегін» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

30ұ. Жеті қазынаға не жатады? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

30ұ. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге? (себебі бір қоянды тормен бірге алды)

ІІ бөлім. «Сөз ойла, тез ойла»

Қазақстан, тәуелсіздік, қанағатшыл

Шарты:Аталған сөздердегі әріптерді пайдаланып, сөз құрау.

ІІІ бөлім. Сөз тапқанға...

Қатысушылар қойылған сұраққа өздеріне берілген әріптерден басталатын сөзбен жауап беру керек

1 топ.

1. Қандай елде тұрасың? 
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма ? 
3. Досың кім ? 
4. Қазір жылдың қай мезгілі ? 
5. Көршіңмен татусың ба? 
6.
Екі жерде екі неше
7. Елтаңбада не бар? 


2топ.

1. Бүгін қандай күн? 
2. Сенің көзің қандай? 
3. Жігіттер сырға таға ма? 

4.Жасың нешеде? 
5. Қандай тағамды ұнатасың? 
6. Бала оқытатын адамды кім дейміз? 
7. Наурыз көжеге не салады? 


3 топ

1. Кім болғың келеді ? 
2. Сенің анаң қандай адам ? 
3. Сыныпта неше оқушы бар? 
4. Қыздар неден қорқады? 
5. Сәукелені қай кезде киеді? 

6.Жерде не бар? 

7.Алма тәтті ме ? 



ІҮ бөлім. «Кім тапқыр?»

Сайыскерлерге мақал- мәтелдер , тұрақты сөз тіркестері сурет түрінде беріледі. Суретке қарап мақалды табу қажет. Дайын болсақ бастаймыз.

1 топ

1.Ақша – қолдың кірі

2.Тапқан тапқандікі, ешкі баққандікі

3.Асықпаған арбамен қоян алар

4.Екі қайықтың басын ұстаған суға кетер

2 топ

1.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

2.Айтылған сөз, атылған оқ

3.Доп ойнаған тозар, асық ойнаған азар

Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар

4.Бес саусақ бірдей емес

3 топ

1.Жігітке жеті өнер де аз

2.Қызым саған айтам, келінім сен тыңда

3.Қыздың жолы жіңішке

4.-----------------------------------------------------------------------------------------------

Ү бөлім. Бұл кім? Бейне сұрақ

Экранға назар аударып, сіздерге берілген тұлға туралы барынша көп мәлімет жазылуы керек

ҮІ бөлім. «Өлең сөздің патшасы»

Қатысушылар еркін тақырыпта өлең шығару керек.



Әділ қазылардан әділ бағасын сұраймыз.

Жеңімпаз топты құттықтаймыз! Барлық сайыскерлерге, көрермендерге алғысымызды білдіреміз!

Ана тілім –тірлігімнің тірегі, 
Тілмен ғана кірер адам реңі. 
Тілсіз қоғам –өлі ,мынау дүние 
Түсініксіз тылсымменен бір еді. 
Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем, 
Тілсіз нені білдіре алам, не білем! 
Тілім барда ғана мынау ғаламның 
Кілтін табар саналысы сезінем,- 
ана тілімізді әр уақытта құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық.  Көріскенше күн жақсы. Сау болыңыздар            



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі