жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бағалағың келсе…
Вкладка 1
Бағалағың келсе…
Алдымен, өзімді таныстырып өтейін. Есімім Ализа және осы ақпарат жеткілікті. Онсыз да ақпарат көзі шексіз әлемде менің туған жерім, хоббиім сынды тақырыптар ешкімге керек емес болар. Тарихта ізі қалар тұлға болсам бізден кейінгі жастар өздері ақ оқып алады. Ал, қазірше осы!
Өмірге әркімнің көзқарасы әртүрлі. Бірі оны сүйеді, ал бірі өкініп ішінен күйеді. Бірақ, қуануға себеп іздеген сайын көбейе береді екен.
Құрметтім! Мен бүгін сіз үшін шынында, рухани құндылықтар мен ресурстадың бағасын білетін адамдардың ойын біліп жинақтадым. Мұндағы мақсатым оқыған жанға ішіндегі мұңнан арыларлықтай күш сыйлау.
Адам нені бағалауы керек?
Бірінші, айтқым келетіні : сізге ешкім қалай өмір сүруді үйрете алмайды. Айналаңызға қалауыңызша баға беріңіз. Бірақ, шынында да бағалы дүниелерді жіберіп алмағаныңызды қалаймын. Енді бір сәтке көзіңізді жұмып осы сәтте екеніңізді сезініңізші. Санаңыздағы жайсыздық сыйлайтын ойларды ұмыта тұрыңыз (өкінішке орай олар ешқайда қашпайды). Енді ойланбай сіз үшін өміріңіздегі ең бағалы 3 нәрсені айтыңыз. Мүмкін сіз отбасыңызды, жұмысыңызды, ақшаны, дүниеңізді, денсаулығыңызды ойлаған шығарсыз. Енді ойланған болсаңыз сол нәрселердің сізді әрқашан қуантқанын, жаныңызда берік болғанын тілеймін! Уақыт пен жүрек тыныштығын, сезім мен сенімді ойлаған жандар аз екеніне сенімдімін. Бірақ, аталған отбасы, қаржы, денсаулық секілді адам бақыттары – оның барлығы осыларға келіп тіреледі. Сіз отбасыңыздың амандығын қалайсыз. Себебі, сонда ғана сіздің жүрегіңіз тыныштық табады. Денсаулығыңыздың мықты болғанын қалайсыз. Себебі, өмірді мейілінше ұзағырақ әрі баянды сүргіңіз келеді. Дүниеңіз бен ақшаңыз да жүрек тыныштығы мен сезімнің кілті.
Бағалаудың шынайы мәнін түсінгіңіз, тағдыр мәжбүрлі бағалатқан адамдардың өмірлік тәжрибесін тыңдаңыз! Бір күннің (уақыттың) пайдасын білгіңіз келсе, уақытымен қоштасып жатқан адамдан сұраңыз.
Уақыттың, өмірдің бағасын түсінген кейіпкеріміз - Наталия. Украина елінің азаматшасы. Қазір Словакияда өмір сүреді. Отбасылы : күйеуі, 14жасар ұлы мен 4 жастағы қызы бар. Айтуынша, күйеуімен бірге қиын күндерді бастан кешірген. Қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Толығырақ : Жұмсақ тіндердің липосаркомасы - май жасушаларынан пайда болатын және жұмсақ тіндерге әсер ететін сирек кездесетін қатерлі ісік.
Кейіпкермен қызыға сұхбаттастым. Сұрақтарымды өте шынайы, ыңғайлы етіп қоюға тырыстым. Назар салып, барлық пафосты ұмытып, шынайылықпен оқығаныңызды қалаймын. Ал ендеше, бастайық:
– Өміріңіздің соңғы кезеңінде уақытқа деген көзқарасыңыз қалай өзгерді?
– Терең және шынайы сұрақтарыңыз үшін рақмет. Мен ашық және шын жүректен жауап беруге дайынмын - мүмкін менің тәжірибем басқа біреуге әсер етіп, оларға «қазір және осы сәтте» өмір сүруге қадам жасауға көмектеседі.
Бұрын уақыт сызықтық түрде ағып тұратын: жоспарлар, жобалар, «бір күні». Енді ол басқаша - болашаққа жол емес, қазіргі уақыттың тереңдігі. Әр күн толығырақ, өткіррек, құндырақ сезіледі. Тіпті қарапайым шәй ішу, сүйікті адамыңызбен әңгімелесу, үстелдегі күн сәулесі - бәрі тыныш мағынаға толы. Уақыт бір мезгілде қысылып, кеңейген сияқты: өткен мен болашақ артта қалды, ал қазіргі уақыт өмір сүруге тұрарлық жалғыз нақты аймаққа айналды.
– Сіз үшін ерекше қымбат немесе мағыналы болып қалған сәттер бар ма, әсіресе не қымбатқа айналды?
–Шынайылық. Барлық нәрседе. Сөзбен, үнсіздікпен, біреудің қасында. Заттар немесе мәртебелер емес, маска киюге орын жоқ сәттер қымбатқа айналды: таңертеңгі күлкі, шынайы әңгіме, қорыққан кезде қолыңды ұстайтын қол. Менің ауруым маған шындықты көріністен ажыратуды үйретті. Ал шындық әрқашан дерлік қарапайым, адами, жасандылықтан азат.
– Қазір шынымен маңызды болып көрінетін және керісінше, бұрынғы маңыздылығын жоғалтқан нәрсе?
– Осы сәтте өмір сүрумен байланысты барлық нәрсе маңызды бола бастады: денсаулық (тіпті әлсіз болса да), махаббат, шынымен маңызды адамдарды сезіну және оларға жақын болу мүмкіндігі. Мақтаншақтық, мақұлдауға ұмтылу, «адамдар не ойлайды» деген қорқыныш және кейінге қалдырылған қуаныш өз маңызын жоғалтты. Әлемдегі көптеген «істеу керек» нәрселер иллюзияға айналды. Біз тек өз жан-тәнімізге және өзімізбен қиын сәттерде болған адамдарға ғана парыздармыз. Жақындарым туралы айтатын болсақ, ауру “лакмус” сынағына айналды. Кімнің кім екенін көрдім. Жанымда аз адам қалды, бірақ олар нағыз шынайы жандар еді. «Қатерлі ісік» сөзінен қорықпағандар, үнсіздікке бой алдырмағандар, бос сөздердің артына тығылмағандар. Жай ғана қасымда болғандар. Бұл, мүмкін, осы жолдың ең құнды сыйлықтарының бірі - адамдармен қалай қарым-қатынас жасайтынымның айқындығы және қалғандарға шексіз ризашылығым.
– Өмірді кейінге қалдыратын адамдарға айтарыңыз бар ма?
– «Кейін» келмеуі мүмкін. Бұл қауіп емес, еске салу: өмір бүгін болады. Салмақ тастағанда, мінсіз жұмыс тапқанда немесе барлық мәселелеріңізді шешкенде емес. Бақыт - бұл баратын жер емес, саяхат. Жаныңыздағыларға қоңырау шалыңыз. «Мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз. Армандаған жеріңізге барыңыз. Кейінге қалдырған нәрсеңізді бастаңыз. Өзіңізді кешіріңіз. Өзіңізге тірі болуға мүмкіндік беріңіз - идеалды емес, шынайы. Әр күн - өмірдің өзі, оған дайындық емес. Мүмкін, мен түсінген ең маңызды нәрсе - қорықпау.
Бұл лас нәрседен қорықпау. Қорқу - оған билік беру. Мен қорықпаймын. Мен күресіп жатырмын. Оның мені жалмауына жол бермеймін. Және мен бұл күрес абыройдың, ерік-жігердің және қандай жағдай болмасын толыққанды өмір сүру құқығының кілті деп санаймын.
Егер менің сөздерім сіздің әңгімеңіздің бір бөлігіне айнала алса, оларды жариялаудан тартынбаңыз. Ашық әңгіме, бет-әлпет, есім, дауыс болсын. Мүмкін, бұл күрес жолын енді бастағандарға, өмір мәнін түсінбей жүргендерге күш берер.
Осылайша, бұл мақаланы жариялауға рұқсат алу арқылы менің сұрақтарым да өз мәресіне жетті. Шынымды айтсам, бұл диалог менің өмірімдегі ең құнды диалог болды. Көзіме жас алып та қалдым. Бірақ, түсінерім де көп болды. Бұл кісінің өмірге деген шексіз мейірімін бүкіл әлем көруі тиіс деп ойлаймын.
Енді, жаңа жоғарыда өзіңіз атаған ең бағалы 3 нәрсені қайта еске түсіріңіз. Егер олар адамдар болса, барып құшақтағыз, “мен сені жақсы көремін” деп айтыңыз. Себебі, сіз де олар үшін бағалысыз!
Өмір — қайтып келмейтін ең қымбат қазына, ал уақыт — сол өмірдің ішінде бізге берілген бір ғана мүмкіндік. Әр сәттің мәнін сезіне білген адам ғана өмірдің шынайы дәмін татады. Өткенге өкінішпен емес, сабақпен қарап, болашақты қорқынышпен емес, үмітпен қарсы алу — даналықтың белгісі. Жақындарыңа жылы сөз айтуға, жақсылық жасауға, өзіңді және өзгелерді түсінуге уақыт тап. Өйткені уақытты бағалаған жан өмірді бағалайды, ал өмірді бағалаған жан әр күнін мәнді етіп өткізеді.
ҚУАНЫҢЫЗ, ЖАҚСЫ КӨРІҢІЗ, БАҒАЛАҢЫЗ!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген