Материалдар / Бағалау және кері байланыс

Бағалау және кері байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағалау және кері байланыс бойынша қысқаша мағлүмат
Авторы:
25 Наурыз 2025
131
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖШС «Абай Құнанбаев атындағы мектебі»

математика пәні мұғалімі Расулметова Д.И

Бағалау және кері байланыс

Бағалаудың өмірлік циклінің осы маңызды кезеңінде бағалау мен кері байланыс жасай отырып, студенттің жұмысы алдын-алаанықталған ережелер бойынша бағаланады. Кері байланыс пен бағалау жеке нысан болып табылады және түрлі мақсаттарға қызмет етеді. Кейбір жағдайларда бағалау таза формативті болуы

мүмкін, ал кері байланыс ешқандай бағалаусыз беріледі. Өмірлік циклдің осы кезеңінің негізгі мақсаттары:

бағалау критерийлеріне сәйкес орындалған тапсырманы бағалау;

студенттің ұзақ мерзімді дамуына көмектесу үшін кері байланыс жасау.

Осы тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын үрдістер төмендегідей екі мақсатты ескере отырып жасалған:

әр студенттің жұмысын әділ бағалауды қамтамасыз ету;

білім алушылардың әртүрлі тобына белгілі бір тәсілді кезекпен қолдану реттілігін қамтамасыз ету.

Жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз етудің ішкі үрдістері нақты бір тапсырманы бағалау мен кері байланыс жасауды белгілі бір форматта жүргізуді талап етуі мүмкін. Мұндай үдерістердің негізгі белгілері:

бағалаудың белгілі бір тәсілін жүйелі қолдану мақсатында бағалауды жүзеге асыратын бірнеше оқытушы арасында бағалау үдерісін реттеу;

екі оқытушының бағалауды жүзеге асыруы немесе жекелеген студенттердің жұмысын қосымша тексеру мақсатында,әсіресе маңыздылығы жоғары тапсырмаларды бағалау кезінде бағалау үрдісін қайтадан жүргізу.Баға қою

Студенттер бағалау критерийлерімен салыстырып, баға қою үрдісін түсінуі қажет. Осылайша оларда алдағы уақытта ережелер туралы айқын түсінік қалыптасады. Олар, шын мәнінде, алған баллдары неге не төмен емес және не жоғары емес екенін түсінулері тиіс. Бұл кезеңнің мақсаты әрбір қорытынды тапсырмаға белгілі бір баға беру болып табылады, ол білім алушының тапсырманы ережеге қаншалықты сәйкес дұрыс және күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкес орындағанын білдіреді. Мұнда негізгі бағалау үдерісі сапаны бақы-

лаумен қамтамасыз етілуі маңызды. Бағалау нәтижесін жариялау және кері байланысты

қамтамасыз ету Бұл кезең студенттерді орындаған тапсырмасына қойылған бағалау нәтижелері туралы хабардар етеді. Баға қою мен кері байланыс бірге немесе жеке-жеке жүзеге асырылуы мүмкін. Баға мен кері байланыс тапсырманың сипатына және оны бағалау үшін қалай ұсынылғанына байланысты әртүрлі тәсілде болуы ықтимал.

Тәсілдер қолмен жазылған түсініктемелерден бастап, аудио және бейнетүсірілімдермен қоса, бірқатар ауыспалы тәсілдегі, мысалы, ауызша кері байланыс тәсіліне дейін өзгеріп отыруы мүмкін.

Рефлекстеу

Рефлекстеу – бір қайталану шеңберіндегі бағалау мен кері байланыстың өмірлік циклінің соңғы кезеңі. Студенттің қазіргі оқу үлгерімі оқу нәтижелеріне қаншалықты сәйкес келетіні туралы рефлексияның қайталау үрдісі оқу үдерісінің шынайы әсерін қамтамасыз етеді. Студенттің бір тапсырманың нәтижесі туралы рефлексиясы оның келесісіне қалай келетіндігіне әсер етуі керек. Ал оқытушылардың студенттер тобының нәтижелерін түйсінуі оқу курсының үнемі жетілдіріліп отыратындығын білдіруі керек.

4.2 Бағалау түрлері

Нормалар мен критерийлерге негізделген бағалау Студенттердің қол жеткізген оқу нәтижелерін сипаттау үшін бағалау айдарлары мен дескрипторларын (сипаттаушы түйінді сөз) пайдалану тәжірибесі «шектік бағалау» деп аталады. Мұндай жағдайда студенттің жұмысы нәтижеге қол жеткізгенін анықтайтын критерийлер бойынша бағаланады, ал жетістік дәрежесі бағалау дескрипторларымен сипатталады. Соңғылары студенттерге

айдарлар ретінде ұсынылуы және кейіннен бағалау үдерісінде қолданылуы мүмкін. Нәтижеге сүйеніп бағалау тәсілінде бағалаудың бұл түрі әдетте «қалыпты» болып саналады. Нормативтік бағалау кезінде курстан немесе бағалаудан өткен білім алушылар бір-бірімен салыстырылады, яғни олар сараланады. Студенттердің бағалары, тек олардың үлгерім деңгейі рейтингтің сол санатындағы басқа студенттердің деңгейімен тең

Бағалау әдістерін таңдау

Мұқият ойластырылған оқыту нәтижелері бағалаудың ең қолайлы тәсілін таңдауда шешуші мәнге ие. Өйткені олар табысты анықтауға қажетті негіздерді нақтылайды. Жақсы ойластырылған бағалау студенттердің үлгерімін бағалап қана қоймайды. Ол сту-

денттерді оқу үрдісіне тартады, оқуға қызықтырады, ынталандырады, студенттерге дағдыларын жетілдіруге және өздерінің үлгерімі туралы ойлануға мүмкіндік береді. 8-кестеде бағалаудың жалпылама түрлері, сондай-ақ әрбір бағалау әдісінде ескерілетін дағдылардың тізімі көрсетілген. Оқытушылар үшін негізгі мәселе білім мен түсінігіне қатысы жоқ оқыту нәтижелерін бағалау болып табылады. Жалпы жағдайда

ол үшін дәстүрлі тест тапсырмаларын, тексеруге арналған сауалнамаларды немесе емтихан өткізу орынсыз.

Бағалау түрі Бағалануға Бағалау түрлері және бағаланатын дағдылар

Өзара бірін-бірі бағалау

Өзара бағалау – студенттердің бір-бірінің жұмысын бағалайтын бірлескен оқыту әдісі79. Бұл әдіс әдетте оқу құралы ретінде қолданылады. Өйткені студенттерге орындаған жұмыстарының сапасы туралы көбінесе оны жетілдіре түсуге қатысты ұсыныстарымен бірге кері байланыс беріледі.Өзара бағалау сонымен қатар студенттің өз курстастарының жұмысын бағалауға ынталандырады. Бұл сонымен қатар оқу үдерісін дараландыруға көмектесіп, солайша студенттердің ынтасын арттырады. Жоғары (әсіресе онлайн) сыныптар үшін өзара бағалау оқытушыларға бағалауды басқа құралдармен орындау сенімді немесе тиімді болмайтындай тапсырмаларды қосуға мүмкіндік береді. Студенттер өз курстастарына тиімді, нақты және сенімді кері байланыс бере алатындай, бағалау критерийлері мен тәжірибелерін қолдану бойынша нақты нұсқаулар мен тренингтер-

мен қамтамасыз етілуі керек. Студенттердің өзара бағалау үрдісіне қатысуы олардың өзін-

өзі бағалау дағдыларын дамытады, пәндік білімді тереңірек меңгерулеріне көмектеседі. Өзара бағалау студенттерге курстастарының оқу тәжірибесі туралы пікір білдірулеріне көмектеседі. Бұл бір-бірінің оқу ресурстарын күшейтеді және топтық жұмысты бағалау-

ды әлдеқайда әділетті етеді

4.3 Бағалауға қойылатын талаптарды түсіндіру

Бағалау критерийлері

Бағалауды әділ және ашық ету үшін бағалау тапсырмасын анықтау өте түсінікті болуы қажет. Студенттерде өздерінің оқудағы жетістіктерін растайтын фактілерді жинау туралы нақты түсінік болуы тиіс.

Бағалау критерийлері білім алушыларға, бағалаушылар мен модераторларға емтихан өткізу барысы, оқытудың қол жеткізілген нәтижелері қалай барланып, өлшенетіні туралы хабардар етеді. Сенімді және нақты тұжырымдалған бағалау критерийлерін жүй-

елі пайдалану студенттердің бағалау тапсырмаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар студенттерге бағалау тапсырмаларын сәтті орындау үшін не істеу керектігі туралы нақты түсінік береді. Бағалау критерийлерін қолдану сонымен қатар жеке бағалаушы-

лардың да, бағалаушылар тобының да бағалауларының әділ әрі үйлесімді болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар олар бағалау критерийлерін бағалаушылардың дұрыс қолданғанына сенімділік бере отырып, тестті немесе емтиханды модерациялау үрдісіне

көмектеседі. Нақты айқындалған бағалау критерийлері:

оқу нәтижелерімен тікелей байланысты болуы;

өту балына қол жеткізу үшін не талап етілетіні туралы ақпаратты позитивті түрде беруі;

білім алушыларға не істеу керектігін және қалай істеу ке-

ректігін бағдарлауға көмектесуі;

білім алушыларға оқу жетістіктерінің әртүрлі кезеңдерінде олардан не күтілетінін түсінуге көмектесуі;

барлық мүдделі тараптар үшін түсінікті болуы;

көлемінің қолжетімді болуы;

бір-бірінен ерекшеленетіндей болуы;

өлшем бірлігі ретінде емес, жетістік көрсеткіші ретінде қарастырылуы қажет.

Бағалау критерийлері оқушының белгілі бір өлшемдерге (сынақтан өту немесе белгілі бір баға алу) жету үшін не істеу керектігін нақтылауда қолданылады. Олар берілген бағалау тапсырмасының түріне сәйкес жазылуы керек. Мысалы жоба жұмысын орындау үшін қажетті сәттілік ережелері эссені бағалауда қолданылатын ережелерден өзгеше болады. Критерийлер қарапайым және түсінікті тілде жазылуы керек. Өйткені студенттер тиісті бір

топ үшін критерийлерге қол жеткізілгенін көрсетуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар

өту балын жинау және жинамау шегінде бағалау тапсырмасын орындауға қойылатын талаптарды көрсету;

өту балынан жоғары бағаны жақсартатын бағыттарды көрсету;

студенттің оқудағы еңбегінің өнімділігі бойынша мақсатты кері байланыстың негізін қамтамасыз ету.

Бағалау айдарлары

Айдарлар бағалау тапсырмасын орындау сапасына қатысты күтілетін үміттерді байланыстыруға арналған. Бағалау тапсырмаларына арналған айдарлар студенттерге алдын-ала берілуі тиіс және оларға түсінікті болуы керек. Айдарлар нормативтік бағалауға емес, өлшемдік бағалауға негізделген. Бұл дегеніміз оқушылардың оқу үлгерімін басқа оқушылардың үлгерімі бойынша емес, оқу нәтижелерімен салыстыра отырып, оқушылардың үлгерімін бағалайды. Минималды деңгейде олар әдетте мыналарды

қамтуы тиіс:

бағаланатын оқу нәтижесінің сипаттамасы және студенттерге тапсырманы орындау үшін берілетін нұсқаулықтар;

өлшенуі қажет сипаттамалар – көрсеткен дағдылары, білімі немесе өзін-өзі ұстауы;

шеберлік деңгейлері – шеберлік деңгейлерін сипаттау үшін қолданылатын көрсеткіштер жинақы әрі нақты болуы қажет.

Айдарлар бағалаудың жалпы құрылымы мен қай тілде болатынын айқындайды және күрделі нәтижелерге немесе оқушының мінез-құлқына тиімді талдау жасауға мүмкіндік береді. Оқытушылар айдарларды әзірлеуге атсалысқан кезде бағалаудың жалпы

нәтижелері мен әдістері айқындалады. Бұл бағалау үдерісінің үйлесімділігін (және, тиісінше, әділдігін) арттырады.

Баға дескрипторлары

Баға дескрипторлары әр бағалау деңгейінде студенттердің үлгерімін жан-жақты сипаттайды. Олар бағдарламаның студенттерге қоятын талаптарын түсіндіреді және бағалау үрдісінің барлық Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі 121

кезеңінде – бағалау әдісін әзірлеу, баға қою, бағалау үрдісін модерациялау және кері байланысты қамтамасыз ету кезінде пайдаланылуы мүмкін. Олар белгілі бір баға алу үшін студенттің бағаланатын жұмысы көрсетуі тиіс лайықты сипаттамаларды сипаттайды.

Өту балының дескрипторы оқушының бағаланған жұмысы өту балын алғанын көрсетуі тиіс минималды сипаттамаларды тұжырымдау кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Жақсы құрастырылған баға дескрипторлары студенттерге қандай бағалар алғанын және не үшін алғанын түсінуге көмектеседі. Олар сонымен қатар студенттерге бағаларын жақсарту

үшін не істеу керектігін түсіндіреді. Баға дескрипторлары бағаланатын оқу нәтижелерімен байланыста болуы және оқу деңгейіне сәйкес түсіндірілуі керек. Олар бағалау үрдісінің жүйелі екендігіне көз жеткізуге көмектеседі. Баға дескрипторлары студенттерге бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың бір бөлігіретінде қолжетімді болуы тиіс. Олар сонымен қатар оқытушыларға студенттермен дәйекті және пайдалы кері байланыс жасауға көмектеседі.

4.4 Кері байланыс

Бағалау білім беруде «қосарлы рөл» атқарады. Егер жиынтық

бағалау оқу үрдісінің соңында білім алушылардың оқу үлгерімін шамалау және үлгерімін растау үшін пайдаланылса, онда қалыптастырушы бағалау студенттерге өз білімдері мен дағдыларын жақсарту үшін құрылымдық әрі уақтылы кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені нақты емес әрі сенімсіз кері байланыс оқуға кедергі келтіріп, студенттердің оқу үдерісіне араласуына кедергі келтіруі мүмкін.

Қалыптастырушы кері байланыс

Қалыптастырушы кері байланыс студенттердің өздерінің үлгерімі туралы және оны қалай жақсартуға болатындығы туралы ақпарат пен кеңестерге қатысты болады. Студентті қалыптастырушы кері байланыспен қамтамасыз ету уақыты студенттің оны қолдануының маңызды шарты болып табылады. Мысалы бағалау тапсырмаларын орындар алдында студенттің осы ақпаратты алуы.

Жоғарыда айтылғандай, кері байланыстың бұл аспектісі оқуды бағалаудың негізінде жатыр.

Қалыптастырушы бағалау бойынша жасалған соңғы зерттеулер (оқыту үшін бағалау) кері байланыстың әрекет ету аясын оқуға қолдау білдіру құралы ретінде қолданудан студенттерді бағалау (оқыту ретінде бағалау) үрдісіне оларды тартудың неғұрлым озық

тәсіліне дейін кеңейтті (Murphy and Barry, 201685; Thomas, et al.,

201286). Қалыпты оқу ортасында студенттер өздерінің қорытынды тапсырмаларын немесе емтихандарын аяқтап, тапсырғаннан кейін қорытынды бағалаудың нәтижесін алуда енжарлық танытады.

Жиынтық кері байланыс

Жиынтық кері байланыс студенттің үлгерім деңгейіне байланысты оқытушысының беретін ақпараты. Ол курс бойынша оқыту нәтижелерімен тығыз әрі жүйелі сәйкестендірілген, бағалау крите-рийлеріне тікелей қатысы бар және студенттерге өздерінің оқудағы жетістіктерін жақсарту үшін не істеу керектігін түсіндіретіндей болуы керек. Жиынтық кері байланыс студенттерге оқу үлгерімі туралы ойлануға көмектесуі тиіс және сонымен қатар қалыптастырушы кері байланыс рөлін де атқарады. Қойылған міндеттер бойынша мұндай қалыптастырушы кері байланыс білім алушыларға алдағы берілетін тапсырмаларды орындау кезінде кері байланыс жасауды үйреніп, пайдалану қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Кері байланысқа жасалатын нақты қадамдар мыналарды қамтиды:

жазбаша түрдегі жеке кері байланыс;

онлайн режиміндегі объективті кері байланыс;

тор түріндегі кері байланыс (feedback grids);

объективті кері байланыс;

ауызша кері байланыс;

жалпы кері байланыс;

алқалы кері байланыс.

Кері байланыстың (яғни қалыптастырушы немесе жиынтық) санын, стилін, ықпалын, сондай-ақ мақсатын ескеру қажет. Кері байланыстың әдістері мұқият ойластырылып, білім беру мен оқыту кеңістігінде бейімделуі керек. Қарастырылатын аспектілер мыналарды қамтиды:

кері байланысты бағалау критерийлері және оқыту нәтижелерімен үйлестіру – кері байланыс нақты, түсінікті және топтастырылған болуы тиіс;

айдармен және қойылған белгімен үйлестіре түсіндіру;

жақсарту аясын анықтау;

студенттердің оқытушының кері байланысын қолдану қабілетіне кепілдік беруі. Ол пайдалы әрі қолдануға жарамды және оқытудың ажырамас бөлігі болуы керек;

уақтылы берілу – кері байланыс білім алушы оны толық көлемде қолдана алатындай қолайлы уақытта берілуі тиіс;

қосылу – кері байланыс алдағы уақытта берілетін бағалау тапсырмаларына және мүмкін басқа курстарда ағымдағы оқу қызметіне қолдануға жарамды болуы керек;

ықпалы мен стилі – кері байланыс құрылымдық және

жеке болуы тиіс. Ол студентке және оның жұмысына қызығушылық танытуы қажет.

Электрондық кері байланыс қолмен жазылған кері байланысты оқудағы қиындықтарды айналып өтіп, нақтылықты қамтамасыз ете алады. Электрондық қарым-қатынастың жүй-елілігі, құпиялылығы және ыңғайлылығы студенттерге цифрлық кеңістікте сақтауға болатын электронды форматтағы курсқа жазылған барлық пікірлерді оқи алатындарымен қоса, басқа да артықшылықтар береді.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі