400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбындағы курсқа байланысты ой.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі

Бүгінгі күні қоғам ұрпақты заман талап етіп отырғандай жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін ұстаздан шеберлікті талап етеді. Осы мақсатқа жету үшін мемлекетіміз мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру үшін, оқытудың Кембридждік тәсілін таңдап, бүгінгі таңда педагогтарды жаңартылған білім мазмұнына қойылатын талаптарды орындауға арналған курстар өткізілуде. Солардың бірі Алматы қаласындағы Педагогикалық Шеберлік Орталығы өткізіп жатқан «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбындағы курс. Бұл тақырыпта курсты бізге Педагогикалық Шеберлік Орталығының тренері Ибрагимов Ділдахан Қыраубекұлы жүргізді. Ділдахан Қыраубекұлы Алматы қаласының мұғалімдеріне «Қазақстан тарихы, «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» тақырыбында курстар өтті. Аталған курстардан дәріс алған ұстаздар білім берудің репродуктивті бағыты тиімді екеніне көздері жетіп, сол бағытта білім беруде. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 1,2,3 және 5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Соның ішінде Тарих пәні 5 сыныптан басталады. Жаңартылған білім мазмұнында сабақ өту алдында мұғалім көп еңбектеніп сабақтың қысқа мерзімді жоспарын сабақ басталғанға дейінгі құрастырған орта мерзімді жоспары мен Білім және Ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы оқу мақсатын негізге ала отырып жоспарлайды. Қысқа мерзімді жоспар құруда оқушылардың барлығы оқу мақсатына жету ең маңызды екенін Ділдахан Қыраубекұлы ұстаздарға жетік меңгертті. Жаңартылған білім беруде бағалау ең маңызды себебі бағалау оқудың ажырамас бөлігі. Жаңартылған білім мазмұнына көшірілген сыныптарға сабақ беретін ұстаздар оқу мақсатын жүзеге асыру үшін бағалау критерилерін құрастыра алуы керек. Критерилерді құрумен қатар оқушыларды оқу мақсатына жетуге арналған тапсырмаларды да мұғалім шеберлікпен құрастыра алуы маңызды. ХХІ ғасырда өмірге келген балалар заман талабына сай білім алуды қалайды. Сондықтан оқушыларға берілетін тапсрымалар оларды зеріктірмейтін, қызықты әдіс – тәсілдермен берілсе ағымнан шығып қалмайды.

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау әдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, осылайша, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді және олардың психикалық үдерісіне ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген және оқу үдерісін ұйымдастыруға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл бағалаудың барлық элементтерінің арасында теориялық негіздеме және өзара байланыс болуын қажет етеді (оқу мақсаттары, түрлері, құралдары және бағалау нәтижелері), бұл тәсілдің практикалық маңызы мен көптеген артықшылықтарын көрсетеді. Курс барысында қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалауларды құрастыруда нені назарда ұстау керектіктерін түсініп білдік. Оқушыларды бағалауда берілген тапсырмалар оқу мақсаттарына жететін, түсінікті, нақты берілген ашық немесе жабық тапсырмалар болуы қажет, сондай ақ әрбір тапсырмаға арнайы орындау реттілігін көрсететін дескрипторлар құрулы керектігін білдік. Адам үздіксіз білім алу керек сондықтан осы курсты Қазақстанның барлық мұғалімдеріне өтілуі керек деп ұсыныс айтар едім. Функционалды сауатты ұстаз өз оқушыларында функционалды сауатты, өмірде өз орнын таба алатын, қиындықты жеңе алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын шәкірт болуға үйретеді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық – 2016 жыл _________________5 – 6 беттер

2. «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша

«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық – 2018 жыл _________________ 5 бет


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі