Бағалау үдерісінің мақсаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалау үдерісінің мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп тренерлеріне қажет деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры:

Д.Қ. Өмірбаев


Үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі

Бейсенбаева Салтанат Серікханқызының «Васильковка негізгі мектебі»» КММ – де

өткізген коучинг сабақтың жоспары

2015-2016 оқу жылы

Коучинг сабақтың жоспары


Сабақтың тақырыбы:

Бағалау үдерісінің мақсаты. ОүБ дегеніміз не?

Өткізілген уақыты:

09.11.2015ж.

Сабақтың мақсаты:


Бағалау мақсатымен таныстыру және жиынтық бағалау туралы сыни тұрғыдан ойлау

Күтілетін нәтиже:


Бағалау мақсатын білу. Бағалау әдістерін меңгеру

Коучингті өткізу әдістері:


Топты жұмыс, Джиксо әдісі, жұптық жұмыс, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау

Ұсынылған ресурстар

  • А.Алимов «ИБО-ны ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы

  • 400 игр

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Интернеттен алынған материалдар

  • Үлестірме материал

Сабақ барысы:

Уақыты

Коучердің іс – әрекеті


Мұғалімнің (тыңдаушының) іс – әрекеті

Қолданылған құралдар

3 минут











Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу:

- Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қандай? Cабақты бастамас бұрын алдымен шеңбер құрып, «Қар көшкіні» ойынын ойнайық.

Нұсқау: Шеңбер құра отырып, өз есімін атап, өз бойындағы қасиеттерін айтады

Топқа бөлу: «Жағымды сөздер»

-Оқушыларға қандай жағымды сөз айтасыз?

-Неліктен ол сөзді пайдаланасыз?




Амандасады.Өз көңіл-күйлерін айтады.


Өз есіміне қоса бойындағы жақсы қасиеттерді айтады



Өз пікірін айтады


10 минут


Ой қозғау:

1 тапсырма

Мағынаны ашу:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

Бағалау үдерісінің мақсаты. ОүБ дегенімі не?

1 тапсырма

МАН-нан «ОүБ» тақырыбын бөліктерге бөліп беріп, оқу тапсырылады

Нұсқау: Топтаса отырып, оқып, талқылау керек. Одан соң, «джигсо әдісі» бойынша 1,2 деп санау арқылы сарапшы топтарға бөлініп, өз тақырыптарын басқа топ мүшелеріне түсіндіреді; сонан соң, қайта өз тобына қайта келеді;

-Топ мүшелеріне түйінді ой айту тапсырылады

Бағалау








Өздері оқыған материалды ортаға сала отырып ой бөліседі және басқа топқа барып өз тобында талқылаған материал бойынша өз ойларын ортаға салады.





Топ мүшелері түйінді ойларын айтады.

Бейнетүсірілім



2мин


5мин





6мин



2мин





5мин








7 мин













2мин



Жақсы жауап берген топты смайликтер арқылы бағалайды.

Сергіту сәті: Қамажай


Бағдарламаның 7 модулі бойынша презентация көрсетеді. (коучер түсіндіріп өтеді)

2 тапсырма:

«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» деген тақырыпқа постер жасаңыздар.

Әр топтан екі спикер шығып постерді қорғаңыздар.

Бағалау


Қорытынды:

Сергіту сәті: Атом-молекула

Нұсқау: қатысушылар орнынан тұрып атом дегенде бейберекет қозғалады, ал молекула дегенде 3-4 қатысушы жиналып топтық жұмыстың тиімділігі туралы өз пікірлеріңізді айтыңыздар.

Жұпқа бөлу:

2 молекула дегенде жұпқа бірігеді.

3 тапсырма

Мұғалімдерге ақ парақ таратылып беріледі. Әр жұп иығымен қарама-қарсы бағытта отырады.Бірі айтып қалаған суретін салады, екіншісі естігені бойынша суретті салады.

Жұмыс соңында суреттерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай отырып, ынтымақтаса жұмыс жасаған жұпты анықтайды.

Бағалау



Мұғалімдер әуенге байланысты қимыл-қозғалыс жасайды





Әр топтан бір спикер шығып түйінді ой айтады.




.


Қатысушылар коучердің нұсқауын орындайды.

Әр топтан 2 спикер шығып постерді қорғайды.


Топ мүшелері екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін –бірін бағалайды.



Мұғалімдер жұппен өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады.




Мұғалімдер жұппен стикерге екі жұлдыз бір тілек жазып өздері бағалаған жұптың суретіне жабыстырады.































Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер

маркер, ақ парақ

3 минут

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін жазады, стикерге жазады.





















































«Топпен жұмыс жасаудың тиімділігі туралы»


Кембридж университеті" мен "Назарбаев зияткерлік мектебінің" бірлесе отырып жасаған бағдарламасының негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген. «Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді» (Нұсқаулық 6- бет).

Осы Бағдарламада құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсінетіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады делінген.

Ендеше ХХІ –ғасыр мұғалімі өз біліктілігін арттыра отырып , заман талабына сай өзгеруі керек деп ойлаймын.

Осы курс бағдарламасын оқи отырып, сабақта өзім ғана сабақ түсіндіріп, оқушылар болса тек қана тыңдаушы болып келгенін. Ал,тапсырманы орындаған оқушыларды өзім ғана бағалап отырғанымды білдім. Күнделікті сабақ жоспарын өзіме арнап жазатынмын,себебі сабақ соңына дейін «қандай нәтижеге қол жеттім» деуші едім. Сабақта бірнеше әдіс-тәсілдерді меңгердім дейтінмін. Ал, қазір сол күтілетін нәтижеге оқушылардың топпен бірлесе отырып, бірнеше тапсырмаларды орындайтындарын байқадым. Сабақ барысында жабық сұрақтармен шектеліп отырғанымды өзімізде байқамағандаймыз.

Осы бағдарлама барысында оқушы өзі бағалап,өз бағасына сыни тұрғыдан көзқарастарын қалыптастыра бастады. Дәстүрлі сабақ кезінде суммативті бағалау болған. Мектептегі іс-тәжірибе өту кезінде әр сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасалынып отырды. Ондағы мақсат оқушылардың сабақтан алған білімдерін өздерінің бағалай алулары және тапсырманы қаншалықты түсінулері еді. Оқушылардың кері байланысын тыңдай отырып, келесі сабаққа сол кері байланысқа жауап әзірлейсің, түсініксіз болған тақырыпты, терең ашыла алмаған тапсырманы өздерімен бірлесе сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, қайталап түсіндіре отырып бекітемін.

Менің осы уақытқа дейін мазалап жүрген ой үлгерімі төмен оқушының сабақ үлгерімі еді. Осы уақытқа дейін ол оқушымен жеке жұмыс атқарған едім. Енді ол оқушымен топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде ол оқушым да өзінің жауапкершілігін танытып топқа тартылды. Яғни, оқушыда өзіндік реттелу болды.

Менің іс-тәжірибе кезінде тізбектелген төрт сабақ беру кезінде сабақтың өту барысын қалай басқардым десем, мен әр сабағымда Блум таксаномиясын негізге алдым. Әр күтілетін нәтижеге жету мақсатында жұмыс атқардым. Бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма қамтуға тырыстым. Менің сәтті болған өзгерісім- ол ынтымақтаса отырып, тапсырмаларды орындаулары. Бастауыш сынып оқушыларының қызыға да, қуана әр тапсырманы орындаулары. Олар әр сабақ сайын бір қызықтай өзгерісті күтіп отыратын сияқты .Сондықтан келесі сабаққа ізденіп тағы да қандай қызықты да тартымды тапсырма берсем екен деп ойлайтынмын. Менің алғашқыда сәтсіз болған өзгерістерім , ол оқушылардың ұяңдықтары және тіл байлықтарының жоқтығы.Осы кедергілер арқылы біраз оқушым ашылып сабаққа тартылып кеткен жоқ, тіптен үлгерімі төмен, аса ашылып сұраққа жауап бере қоймайтын оқушылардың тартылулары біраз кедергі болды. Топпен бөліну кезінде әр қайсысы өз досымен отырғысы келген, сондай-ақ сынып белсенділері бөлініп отырмақ болған ,тәжірибе соңына қарай бірте-бірте бірлесіп отырып топпен ынтымақпен тапсырмаларды орындап кетті.

-Мен бұл кедергілерді қалай еңсердім? Топқа бөлуді түрлендіріп отырдым. Бірде гүл аттарымен топқа бөлсем, ендігі күні фигуралармен, мән жолдарын таптыру арқылы ән аттарымен де бөлдім. Барлық оқушыны сабаққа тарту мақсатында топқа тапсырманы бергенде рөлдерге бөлдім.

Мен өзімнің біліктілігімнің артқанын қалай байқадым? Мен Джин Раддоктың «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылардың пікірлесудің мақсаты-қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту екенін жазған пікірін басшылыққа алдым. Онда оқушылардың кері байланыстарына көңіл бөле отырып, кеткен кемшіліктерімді тани білдім,әрі келесі сабағымда тапсырмаларды жүйелендірдім және өзімде де өзіндік реттелу бола бастағанын сездім.

Әр сабағымның нәтижелі болғанын қаладым. Сабағымда Блум таксономисының кезеңдеріне сүйене отырып, әр тапсырманы жүйелі орындауға тырыстым.

Орта мерзімді жоспарды құру барысында мен модульдердің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана алуды үйрендім және Блум таксономиясының негіздеріне сүйене отырып әр кезеңде , әр тапсырма барысында да нәтижеге қол жеткізе алуды көздедім. Яғни әр оқушы тапсырманы орындау барысында аз да болса жауап берсе екен, топпен тапсырма орындау кезінде қамтылса екен деп жоспарлауды үйрендім. Ал, қысқа мерзімді жоспарды алғашқы сабағымда жазғанда Блум таксаномиясының негіздеріне сүйенген кезде жүйелік болмағаны рас. Болашақта қысқа мерзімді жоспарды жүйелі түрде Блум таксономиясының негіздеріне сүйене отырып жазуды және оқушылардың белсенділіктерін арттырумен қатар, сабаққа деген ынталарын арттыруды басты мақсат етіп аламын.

Оқушылармен топпен жұмыс жасау барысында топты басқаруда аса қиыншылықтар болған жоқ. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ойын түрінде , ертегі түрінде өтілген сабақтарға жаттыққан . Бірақ мен осы уақытқа дейін топпен жұмыс жасауды сайыс түрінде деп ойлап келдім. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түскендей. Топпық жұмыстарды мен тақырыпты ашу және тапсырмаларды орындау кезеңдерінде қолдандым. Ал, жұптық жұмыстарды мәтінмен жұмыс жасағанда , яғни мәтінді оқып, көршісі екеуі бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып талдады.Тапсырманы орындау барысында барлық бала жұмыс жасауға талпынады. Біреуі сурет салады, біреуі жазады,біреуі өз ойын ортаға салады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы жүйелі, тартымды, қызықты орындауға үйренді. Төртінші сабағымды өткен кезде топ ішінде топ басшысын сайлап, тобындағы хатшысы, қорғаушы тайм кипер рөлдерді бөліп сабақты қызықты етіп өтуге тырыстым. Бірлескен оқуда оқушылар ұйымшылдықпен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасайды. Бір -бірін тыңдауды сыйлауды, қолдауды үйренді. Топ көшбасшылары өз құрдастарын оқытуды ,өз тобын алға тартуды үйренді. Оқушылардың бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігі олардың ұтымды түрде оқуына және есте сақтауына, сол алған білімді қолдана білуіне аса қажет. Бұл бірлесіп жұмыс жасау жүйесінде қалай адамдармен әлеуметтік қатынаста болу (сөйлеу,сұрақ қою т.б.) және тез арада жаттығып білу мүмкіндігін де үйренді. Оқушыларға тапсырма берген кезде олар ең бірінші идеялар тастайды. Содан кейін оны қалай суреттеуді ,яғни мазмұндауды ойластырды. Тапсырманы орындау кезінде топ мүшелері берілген тапсырманы бірлесе оқи отырып, содан кейін ойын қағаз бетіне түсіруі, олардың сыни тұрғысынан ойлауын дамытуды көздейді. Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топтарға жұптаса отырып тапсырма бергенде, жұптасқан топ тапсырманы бірге оқиды, тапсырманы үйренудің ұтымды жолдарын бірге жоспарлайды.

Менің инклюзивті оқыту жағдайында кездескен оқушыларым тек қана үлгерімі төмен оқушы ғана болған жоқ. Жақсы оқушының да топпен жұмыс жасау кезінде біраз қиындықтар тудырды. Өзі ғана сабаққа белсене қатысып, үнемі бірінші болып жауап беріп үйренген сабақты бірінші болып жауап беретін оқушымда біраз өзгеріс болды .Бойында қызғаныш қасиеті пайда болды.Ол өзімен-өзі болып, біразға дейін оңаша жүрді. Өзі оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету арқылы өзімде келесі күні сабаққа қандай қызықты тапсырма ойластырсам екен дейтін болдым. Үйге тапсырма берген кезде қандай қосымша тапсырма берсем екен деп дайындалып келемін. Тек қана оқулықпен шектеліп қана қоймай қосымша интернет желісі арқылы тест, қосымша қызықты деректер тауып келемін. Мен бұрында дәстүрлі сабағымды тек сыныпта ғана өтетінмін.

Курс бағдарламасын меңгеру барысында АКТ-ның тиімділін жақсы түсіндім.

Курс жаңалықтарын таныстыру мақсатында әдістемелік кеңеске Блум таксономиясы жайлы қысқаша баяндама оқыдым. Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы екенін атап айттым.Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынатынын айттым . Блум таксономиясының алты кезеңінен тұратынын айтып, әрқайсысының өзіндік мағынасын ашуға тырыстым.

Бақылау барысындағы нәтижелі сәттер:

  • Дәстүрлі сабақтар мен жаңа жобамен жүргізілген сабақтардың айырмашылығы бар екендігін оқушыларымның және өзімнің өзгерісімнен анықтай алғандығым.

  • Жаңа жобаның негізіндегі теориялық білімді тәжірибе кезінде қолдана білгендігім.

  • Қысқа мерзімді сабақ жоспарларым ажеті модульдің идеяларын пайдалана отырып сабақ жоспарларын құра алғандығым.

  • Оқушылар арасындаынтымақтастық атмосферасын, яғни жағымды көңіл-күй қалыптастырубалаларды бір-біріне жақындастырады, мейрімділікке, рухани адамгершілікке, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйренгені.

  • Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенгеннің тиімділігі.

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс-тәсілдерін пайдалану оқушылардың еркін сөйлеуіне, бір-біріне деген сезімдерін еркін жеткізуіне, құрметтеуге, топта ұйымшыл болуына, сабақты жақсы қабылдауына және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының алға жылжуына өте ыңғайлы екенін байқадым.

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік әдісі арқылы оқушыларды әңгімеге тарту, өз ойларын толық жүйелі айтуға, және белсенділіктерін арттырудағы тиімділігін байқадым.


«..Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады»- деген Ахмет Байтұрсынұлы сөзімен қорытпақпын.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.06.2018
949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі