400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағдарламалық жүйелерді жобалауды Python программалау тілі негізінде қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламалау тілі (гр. programme — нұсқау, хабарлау) — бұл адамның компьютермен қарым-қатынасы үшін және хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобын айтамыз. Бағдарламалау тілі— деректі (мәліметті, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған жасанды тіл. Бағдармалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайтыны белгілі, сондықтан қазіргі кезде ең көп тараған тілдің бірі - Python.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бағдарламалық жүйелерді жобалауды Python программалау тілі негізінде қолдану


Бағдарламалау тілі (гр. programme — нұсқау, хабарлау) — бұл адамның компьютермен қарым-қатынасы үшін және хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобын айтамыз. Бағдарламалау тілі— деректі (мәліметті, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған жасанды тіл. Бағдармалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайтыны белгілі, сондықтан қазіргі кезде ең көп тараған тілдің бірі - Python.

Python – қазіргі замандағы заманауи, жоғары дәрежедегі бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді, бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалаы функцияларды қамтиды. Python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: ойындар құру, резервті көшіру, электронды поштаны оқу. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларда кеңінен пайдалануға болады. Python тілінің негізгі ұғымдары  –  өрнек, оператор, функция, айнымалы,  сан,  жол,  тізім,  логикалық  шамалар,  типтерді  түрлендіру, 

кодтың орындалуын басқару,  блок,  шартты  өрнек,  цикл,  шартты  цикл, 

тізім  циклі,  кластар,  объектілер, түсініктемелер, модуль, пакеттер, импорттау, стандартты кітапханалар, сыртқы кітапханалар, Notepad ++ мәтіндік редакторы ұғымдары мысалдар негізінде талданған.

Python тіліндегі объектіге бағытталған программалау (ОББ) дегеніміз – жалпы алғанда, негізгі тұжырымдары кластар мен объектілер болып табылатын программалау тілі. Осы тұжырым тұрғысынан қарасақ, класс дегеніміз –  деректердің жиынтығы. Кластарды қолдану программалауды жеңіл-дету үшін абстрактілі тұрғыда қарауға мүмкіндік береді. Осы тұжырымның негізгі ұғымдары:

Полиморфизм:  әртүрлі объектілерде бір операция әртүрлі функциялар орындауы мүмкін.

Инкапсуляция: оның көмегімен объектінің ішіндегі кейбір артық ішкі ақпаратты сыртқы ортадан жасыруға болады.

Мұрагерлік: базалық кластар негізінде арнайы кластар құруға  болады. Сол арқылы кодты қайталап жазудан арылуға болады.

Композиция:  объект  бірнеше  объектіден  құралған  құрамдас    күрделі  объект  болуы мүмкін.

Python тілінің мүмкіндіктері: Python тілін бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген мүмкіндіктері бар. Олар келесілер:

xml/html файлдарымен жұмыс жасау;

http сұраныстар жасау;

GUI (графикалық интерфейс)

Веб-сценарийлер құру;

FTP-мен жұмыс жасау;

Кескіндермен, аудио және видеомен жұмыс жасау;

Робототехникада қолдану;

Математикалық және ғылыми есептеулерді бағдарламалау және т.б.

Соған орай  python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады.

Python тіліне басқа тілдердің ықпалы. Python тілінің кешірек шыққандықтан оған көптеген тілдердің ықпалы болды. Мысалы келесі тілдердің:

ABC— операторларды топтаудың шегіністері, жоғары деңгейлі деректер құрылымы. (Python тілі шындығында келегенде, ABC ОББ тілін жобалауда кеткен қателіктерді түзету үшін құрылған тіл болатын);

Modula-3— бумалары, модульдері;

С, C++— біршама синтаксистік конструкциялары;

Smalltalk— объектіге бағытталған программалау;

Lisp— (lambda, map, reduce, filter и другие) функционалды программалаудың айрықша белгілерін;

Fortran—массивтер, кешенді арифметика;

Miranda— тізімдік өрнектер;

Java— logging, unittest, threading модульдерін,sax стандартты библиотекасын, finally және except-тің ескерпелерді өңдеудегі біріктірілген қолданылуын;

Icon— генераторларын.

Python тілінің басым бөлігі (мысалы, бастапқы кодтың байт-компиляциясы) бұрынырақта басқа бағдарламалау тілдерінде іске асырылатын.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2022
1509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі