"Бай болудың құпиясы" нұсқаулық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бай болудың құпиясы" нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаржылық сауаттылығыңызды арттырып, сапалы өмір сүргіңіз келсе, ақшадан тарықпай, дұрыс жұмсау жолын білгіңіз келсе осы нұсқаулықпен таныс болыңыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қымбатты оқырман!
Бізге де Сізге де Алланың мейірімі болсын!
Байлықты беретін де қайтіп алатын бір Алла
Таудай қарыздан құтылу үшін мына дұғаны оқыңыз:
Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:
Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім
жасасқан бір құл келіп:


Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, дейді. Сонда Әли:



Қаласаң, Пайғамбарымыздың ‫ ﷺ‬маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны
үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан
құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:

‫اك‬
ْ َ‫ع ْن َح َر ِام َك َو أ َ ْغ ِن ِنى ِبف‬
َ ‫ع َّم ْن ِس َو‬
َ ‫ض ِل َك‬
َ ‫اَللّٰه َّم ا ْك ِف ِنى ِب َح ََل ِلك‬
Аллаһуммәкфинии би хәләликә ‘ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак
Мағынасы:
Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым
қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!
«Ақша оны қалай табудың және сақтаудың заңдылықтарын түсінетіндерден ешқайда
қашпайды»
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Әмияныңызды толтыруды бүгіннен бастаңыз
Шығыс есебін жүргізіп отырыңыз
Жинаған ақшаңызды көбейтуді үйреніңіз
Жинағыңызды жоғалтып алудан сақтаныңыз
Жинаған қорыңызды тұрғынжайға салыңыз
Келешекке жетер табысты қамтудың жолын біліңіз
Табыс әлеуетіңізді кеңейтіңіз

Алғы сөз
Біздің ұлт ретінде өркендеуіміз әр адамның жеке қаржылық әл-ауқатына байланысты.
Бұл нұсқаулық сізге сол мақсатқа қалай жетуге болатын жолын көрсетеді.
Жетістік – бұл біздің күш-жігеріміз бен қабілеттеріміздің нәтижесі. Біз табысқа
шынымен дайын болған кезде ғана қол жеткізе аламыз. Сол үшін ең алдымен ойымызды
түзетуіміз қажет. Ойымыз түзелгенде барып іс-әрекетіміз де түзеледі.
Бұл нұсқаулықтың ішіндегі негізгі ақпарат Джордж Самуел Клейсонның «Самый
богатый человек в Вавилоне» атты кітабынан алынған. Бүкіләлемдік бұл бестселлердің орасан
танымалдығы кітапта ежелгі әрі сынақтан өткен байлық ережелерінің жазылғандығы. Бұл
кітапты әрбір миллионер оқыған деп те атайды. Бұл нұсқаулық қаржыңызды жоспарлауды, өз
табысыңызды сақтауды әрі еселеуді үйретеді. Мұны БАЙЛЫҚ ӘЛІППЕСІ десе де болады. Осы
кітаптың ең маңызды жерлерін жинақтап, қысқартып, сіздерге гайд ретінде ұсынып отырмын.
Жұқа әмиянды толтырудың жеті тәсілі:
БІРІНШІ ТӘСІЛ — тапқан ақшаның бір бөлігі ғана саған тиесілі (әмияныңды толтыруды
баста)
Табысты үнемдеуді үйреніңіз. Әмиянға түсетін әрбір он теңгенің тоғызын ғана өз
қажеттеріңе жұмсаңдар. Жұмсалуға тиіс он ақшаның орнына тоғызын ғана
шығындағанымызда, ол қампия бастайды.
Сен тапқан ақшаның бір бөлігі ғана саған тиесілі. Дәл қазіргі жағдайда біздің тапқан
табысымыздың бар бөлігі несие өтеумен, қарыз төлеумен, киім алу, тойға бару секілді
нәрселермен кетеді. Соның бәрін төлеп болғанда әминянымызда өзімізге түк қалмайды. Яғни
өзіміз деген бұл жинақтай бастауға болатын сома. Жоғарыда аталғандарды өтемес бұрын ең
алдымен біз өзімізге төлеуіміз керек, өзіміздің болашағымызға. Мәселен 100 мың табыс
тапсаңыз 10 мың теңгесін қалдырып қою керек. Оны ешқайда жұмсамаймыз. Әмиянымызды
осылай толтыруды бастаймыз. Бұл бөлік табыс мөлшеріне қарамастан, кемінде оннан бір
бөлігін құрауы керек. Әрине, егер де сенің жағдайың көтерсе одан да көп бөлігін өзіңе
қалдыруға болады. Табыс тапқан күні ең алдымен өзіңмен есептескен жөн. Тігіншімен де,
етікшімен де өзіңнен қалғанымен ғана есептесуге дағдылан. Соның ішінен, асқа да, садақаға
да, қайырымдылыққа да қалдыруды ұмытпа.
Байлық титтей тұқымнан жайқалатын ағаш секілді. Өзің үшін сақтаған алғашқы жез
бақыр, кейін өсіп шығатын байлық ағашының тұқымы болмақ. Неғұрлым сол тұқымды тезірек
ексең, соғұрлым тезірек байлық ағашы көгеріп шығады.
Ыждағатпен жинақтау арқылы неғұрлым оның топырағын тыңайтып, суарған сайын, оны
көлеңкелеп, рахатына соғұрлым тезірек бөленесің.
ЕКІНШІ ТӘСІЛ — Шығынды қадағала
Табысымыз күнделікті шығыннан аспаса қайтеміз? Бәріңді осы сұрақ мазалайды. Алайда,
әр адамның табысы да күнделікті жұмсайтын шығыны да әр түрлі. Солай бола тұра неге
ешкімге сол ақша жетпейді? Себебі неғұрлым көп ақша тапқан сайын күнделікті шығынымыз
да соғұрлым өсіп отырады. Сендердің бәрің айтатын «күнделікті қажеттіліктерің» өздерің
қарсы тұра алмасаңдар табыстарың өскен сайын артып отырады. Сондықтан күнделікті шығын

мен өз қажеттіліктерімізді шатастырмауымыз керек. Өз қажеттіліктеріміз құмарлықтан
туындайды. Сондықтан да жиналған ақша әлгі қаптаған құмарды қандыруға шығындалып
жатады. Соған қарамастан, қанағаттандырылмаған құмардың шегі бәрібір де болмайды.
Табыстың оннан бір бөлігі шығындалмайтындай, қаржыңды күнделікті қажетке де,
сайрандауға да және негізгі құмарды қандыруға да жететіндей жұмса.
ҮШІНШІ ТӘСІЛ — жинақ ақшаңды көбеюге итермеле (табысты арттырудың жолдарын
табыңыз)
Әмияныңыз тола бастады (бірінші тәсілді орындаған болсаңыз). Ондағы табыстың оннан
бір бөлігін қалдыруға өзіңді көндірдің. Жинақты қор үшін өз шығындарыңды қадағалай
бастадыңдар. Енді ақшаларыңды сендерге жұмыс істететін әрі көбейтетіндей сайман керек.
Әмиянда жатқан алтын сендердің жандарыңды жадыратып, көңіл тойдырғанымен, ешбір табыс
әкелмейді. Жиналған қаржы - бар болғаны алғашқы қадам ғана. Жинақ табыс әкеле бастағанда
ғана есіктен байлық сығалайды.
Қабысқан әмиянға арналған үшінші тәсіл, міне осы: әрбір теңгені өрістегі қаптаған
малдай, өзіндейлерді өндіретіндей етіп, әмиянға байлық ағынын бағыттайтындай жұмысқа
салыңдар. (Инвестиция жасауға, өзің инвестиция жасау жолын білмесең сенімді адамға
спонсорлық көрсетуге болады)
ТӨРТІНШІ ТӘСІЛ — жинақты жойылудан сақта (тиімсіз инвестициядан аулақ
болыңыз)
Алтынның жарқылы қайғы тартады. Әмияндағы алтынды жоғалудан сақтаған жөн.
Сондықтан да, данагөй адам Жаратқанның бұйрығымен ірі салым қолға түскенше, әуелі аз ғана
соманы іске салып, соны сақтауды үйренеді. Әрбір алтыны бар адам, сенімді көрінген іске
үлкен қаржысын салғысы келіп, қыпылдайды да тұрады. Ол көбіне достары мен туыстарының
жолын қуып, солай істейді де.
Қаржы салудың бірінші әрі басты ұстанымы — негізгі мал-мүліктің сақталуын қамту.
Іске салар қорыңмен қоштаспай тұрып, оның қайтып ораларына көз жеткізіп, зерделеген жөн.
Тезірек баюды көксеген өзіңнің желбуаз тілегіңді басшылыққа алмағайсың.
Жинаған қорыңды біреуге өткізер бұрын, ол кісінің қайтарым қабілеті мен абыройының
дұрыстығын тексерген дұрыс, әйтпесе, ебіл-себіл болып жинаған қорыңды оған өз қолыңмен
сыйға тартқандай күй кешуің ықтимал.
Алтыныңды тәуекел етіп, өз ақылыңа сенбе. Онан да, алтынмен істеуді меңгерген білікті
адамнан кеңес алған дұрыс.
Жұқа әмияныңды қалыңдатудың төртінші тәсілі: өз жинақтарыңды пайдамен қайтарып
алатындай, сенімді іске салу арқылы сақтаңдар. Ақылгөй, білікті адамнан кеңес алыңдар.
Біліктінің кеңесі алтынға парапар. Әрі оның ақылды кеңесі сендердің әмияндарыңа қойған
күзет іспеттес.
БЕСІНШІ ТӘСІЛ— жинақты тұрғынжайға сал
Жұқа әмиянды қалыңдатудың бесінші тәсілі дегеніміз — жеке баспаналы бол.

АЛТЫНШЫ ТӘСІЛ — келешекке жетер табысты қамты
Байлықтың өсу заңын біле тұра ақша жинаған адам, ылғи да келешек туралы ойлауы
керек. Дер кезінде алдын ала ойластырылған жылдарға жететіндей кейбір салымды
жоспарлаған абзал.
Сонымен жұқа әмиянды қалың етудің алтыншы тәсілі: қартайған шағыңда өз қажетің мен
жанұяңды қорғауға алдын ала қамдану.
ЖЕТІНШІ ТӘСІЛ — табыс табу мүмкіндігін кеңейте түс
Алғышарт ретінде табыс табуға деген адамда аса күшті де айқын тілек болуы қажет.
Айқындалмаған тілек – ол бар болғаны арман ғана. Баюға ұмтылатын адам үшін оның пайдасы
жоқ. Егер адам бес алтын ақша тапқысы келсе, ондай тілек орындалады. Егер оған ол қол
жеткізсе, онда ол дәл солайша он алтын, жиырма алтын, тіпті мың алтын да (ақша) таба алады
да, ақырында байып кетеді. Ұсақ тілекті орындау арқылы ол өзін ұлы тілектерге әзірлейді.
Байлық осындай жолдармен ғана құралады. Әуелі ол ұсақ-түйектен жиналады да, артынан
адамның білік пен тәжірибе жинақтауына орай, бұл сома ұлғая береді, ұлғая береді.
Тілек – қарапайым да, анық болуы керек. Ол аса көп және күрделі болса, нақтыланбаған
әрі адамның өз мүмкіндігінен тыс болса, күшін жояды.
Адамның өз кәсібі бойынша кемелденуіне орай, оның табыс табу қабілеті де шыңдала
түседі.
Неғұрлым көбірек білсек, соғұрлым көп табысқа кенелеміз. Өз ісі жөнінде көп білуге
ұмтылатын адам міндетті түрде марапатталады.
Сонымен, жұқа әмиянға керек жетінші тәсіл мынау: даналық пен білікке қол жеткізу үшін
ізден, оқы және өзіңді өзің құрметтейтіндей әрекетті таңда. Сонда ғана өзіңе деген сенім артып,
өзің аңсаған тілектерге жете аласың.
Өзімнің ұзақ та, жемісті ғұмырымда ашқан жұқа әмиянға арналған жеті тәсіл осы еді,
бұларды байлықты аңсағандардың бәріне пайдалануға кеңес берем. [Cамый богатый человек
в Вавилоне. 50-бет]
Байлықтың бес заңы
Біреуде көп алтын болып, келесі біреуінде ештеңе боламаса, оны тағдырдың тәлкегі
санамай-ақ қойыңдар. Байлыққа ие болғандар - байлықтың бес заңын біліп, соны ұстанғандар.
БАЙЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ
Табысының кемінде оннан бір бөлігін өзі мен жанұясының болашағына жинайтын
адамның қолына ғана байлық дариды әрі молаяды.
Табысының оннан бір бөлігін тұрақты түрде жинап, оны іске ақылмен салған адам, өз
болашағына жететіндей әрі артында қалған жанұясына жеткілікті тірлік көзін қалдырып,
лайықты байлыққа қол жеткізеді. Бұл заң осындай адамның қолына әруақта алтын құймасын
бұйыртады. Бұған куә ретінде мен өз өмірімді мысалға келтіре аламын. Маған неғұрлым алтын
көп жиналған сайын, соғұрлым ол маған мол көлемде келді. Жиналған алтын, мен ойлағаннан
артық табыс әкелді. Ал, жиналған қор еселене түседі екен. Бірінші заңның осындай күші бар.

БАЙЛЫҚТЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ
Өзіне табысты іс тапқан адамның байлығы ғана тұрақты да қалтқысыз жұмыс істеп,
өрістегі малдай көбейеді.
Жинақ – шынында да өте еңбекқор. Ол мүмкіндік туғанда құлшыныспен молаяды.
Байлық жиған әр кісі осындай табысты мүмкіндікке ие. Жыл өткен сайын ол табыс еселеніп,
қайран қаларлық мөлшерге жетеді.
БАЙЛЫҚТЫҢ ҮШІНШІ ЗАҢЫ
Білікті адамдардың кеңесіне құлақ асып, ақылмен іске жаратқан кісінің байлығы
еселенеді.
Жинақ шынында да, есуастан қашқан жандай, қамқор қожайынға сытылып кетеді.
Байлықпен ісі болған адамның кеңесіне құлақ асатын жан, өз жинағын тәуекелге салмайды,
оған қауіпті жолатпай, молаюына қуана қол жеткізеді.
БАЙЛЫҚТЫҢ ТӨРТІНШІ ЗАҢЫ
Өзіне таныс емес кәсіпке ақша салған адамның байлығы қолдан ұшып кетеді.
Жинағы бар адамның қолындағы байлық кез келген мүмкіндікті пайдалы етіп көрсетеді.
Алайда, ол мүмкіндіктердің көпшілігі жинаққа қатер төндіреді. Егер де ол мүмкіндіктерді
тәжірибелі кісілер сараптайтын болса, олар пайдаға жарайтын себептің аз екеніне көз жеткізер
еді. Сондықтан да өздігімен өзіне бейтаныс іске қол артатын жинақ иесі көбіне тәжірибесіздігі
салдарынан қолда барын шашып тынады. Істің мәнісін білетіндер кеңесіне жүгініп жинағын
жаратқан жан ғана даналыққа жол салады.
БАЙЛЫҚТЫҢ БЕСІНШІ ЗАҢЫ
Ақша оны тұрақсыз істерге салған немесе айлакер мен алаяқтардың ырқына көнетін яки
өзінің тәжірибесіздігі мен тез байып кету туралы романтикалық қиялдарына сенген адамнан
қашады.
Жинағы бар адамға ылғи да сиқырға толы ертегідей алдамшы ұсыныстар түседі. Оларға
қарап, шексіз байлықты сиқырлы күш қана қолға түсіретіндей көрінеді. Бірақ та ондай
жоспарға қалай мұқият үңілсең, тез байытатын ол істердің соншалықты тәуекелге толы екеніне
көз жеткізуге болар еді.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
25.01.2024
173
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі