№1 санаториялық бөбекжай-бақша
Тексерілді
Әдіскер: Б Сармолдина
Өткізілген күні ____ « »2019ж
«Бәйге» ұлттық ойындар сайысы
Мақсаты: Ұлттық ойындар, салт дәстүрлердің бала
тәрбиесінде алатын рөлі, өз ұлтының дәстүрін қастерлеуде, ұлттық
құндылықтарды үйретуде ата-аналармен бірге ұлттық ойындарды санаға
сіңіру. Ұлттық ойындар арқылы оқытудың тиімділігін
және қызығушылығын арттыруға болатынына көздерін
жеткізу.
Құрал-жабдықтар:
таяқша,тақия,теңгелер,белбеу,орамал,асықтар,жебе,арқан
Барысы:
Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар,бала бақша қызметкерлері,әріптестер бүгінгі «Бәйге» ұлттық ойындар сайысына қош келдіңіздер!
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын — сауықтардың бір түрі. Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері, ойын - сауық өткізген. Сондықтан мерекеге қатынасушылар ұлттық ойынның түр - түріне даярланып, әзірлікпен келіп отырған. Қазақтың ұлттық ойындары: «Көкпар, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Алтын қабақ ату, Жамбы ату» және т. үлкен тәрбиелік маңызға ие болды.
Міне бүгінгі тәрбиелі маңызы бар ұлттық сайысымызға келген ата –аналармен таныс болайық.( Таныстыру) .Әділ қазылар алқасын таныстырып өтейік. Ойын соңында өз бағаларын айтып өтеді.
1 кезең- «Асау мәстек»(Топтық ойын)
2 кезең-«Кім жылдам?»(Жұптық ойын)
3 кезең- «Теңге алу» (Топтық ойын)
4 кезең-«Мерген» (Жеке ойын)
5 кезең-« Омпа»( жеке ойын)
1-кезең
«Асау мәстек»
Мақсаты:ойын арқылы шыдамдылыққа,ептілікке үйрету.
Шарты:Ата-аналар тізбектеліп тұрады.алдарына ұзын арқан керіп қояды..Жерде тұрған тақияны арқанға тимей ұзын таяқшамен жоғары көтереді.
2-кезең
«Кім жылдам?»
Мақсаты:Ойында жылдам әрекет жасау арқылы күштілерді анықтау.
Шарты:Ойынға жұп болып екі адамнан тұрады. Олар арқаларын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Арақашықтық 1м болады. Орталарына ұзын белбеу қойылады.1,2,3 деп белгі бергенде ойыншы белбеуді көтеріп үлгеруі керек.
3кезең- «Теңге алу» (Топтық ойын)
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады.
Мақсаты:Ойын арқылы жылдамдық пен ептілікке баулу.
Шарты:Ойыншылыр екі топқа бөлінеді. Екі топқа да секіртпелі шарлар беріледі.Кедергілерден өтіп,көлшікке(түрлі түсті шарлары бар үлкен дөңгелек қорапша) барып теңге жинап,атын келесі ойыншыға беріп отырады.жинаған теңгелерді қалтаға жинайды.Музыка басталып тоқтағанша теңге жинайды.
4 кезең-«Мерген» (Жеке ойын)
Мақсаты:Ойын қырағылыққа ,дәлдікке үйрету және сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Шарты:Ойыншылардың алдында түрлі түсті сұрақтары бар шарлар тұрады.Әр ойыншы жеке жеке келіп шарды садақпен атып, ішіндегі сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1) . . .– екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады. (қазақша күрес)
2) . . . ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған.(тоғызқұмалақ)
3)... –алаң ортасынан көлденең сызық сызылады.ұзын жіп немесе арқан пайдаланады ойынға
4) . . . – шауып келе жатқан аттың үстінен белгіленген затты атып түсіру. (жамбы ату)
5) . . . – ашық алаңда көгалды жерде ойналатын ойын. Аттың үстіндегі екі жігіт бір-бірін аттың үстінен түсіру керек.(аударыспақ)
6) . . . – қыз бен жігіт аттың үстінде отырып, бір-бірін қуады. (қыз қуу)
5 кезең-« Омпа»( жеке ойын)
Мақсаты: Ойыншыны алғырлыққа,білімділікке тәрбиелеу
Шарты:Ойын шарты бойынша санмен берілген асықты ұяшықтарды ашып, ондағы қандай ұлттық ойындар екенін айтып беру немесе көрсету
1.Арынды арқан
2.Көтермек
3.Соқыр теке
4.Тақия тастамақ
5.Ханталапай
6.Шертпек
1. «Арынды арқан» ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім еекіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді
2.Көтермек
Ортаға екі ойыншы шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
Белгі бойынша кім біріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол жеңіске жетеді.
3. Соқыр теке
«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.
4. .Тақия тастамақ
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның - «Тақия тастамақ».
Шеңбер боп отыра қалыңдар,
Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.
Ақырын аспаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Біріңнің тұсыңа жеткенде,
Сездірмей тақия тастаймын.
Орныңа жеткенше жүгіріп,
Өзіңнен аламын соққыны.
Шығасың тақия тастауға,
Ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы ойыншылыларды айнала жүріп бір баланың басына тақия кигізе салады. Тақияны байқаған бала тұра жүгіріп орнына тез жету керек жете алмаса ойынды жалғастырады. Тақияны бала сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
5.Ханталапай
Ойынды үлкендер мен кішілер қосылып та, тек балалар да ойнай береді. Ойынды екі адамнан бес адамға дейін ойнайды, онан көбейіп кетсе ойын қызықсыз болады.
Ойынға 21 асық қажет. Жиырма асық біркелкі, ал жиырма бірінші асық қалған асықтардан кішірек болғаны абзал. Осы кішірек асықты Хан сайлайды. Басқа асықтардан ерекшеленіп тұруы үшін хан әдетте қынамен қызыл түске боялған болады.Асықты шашқан кезде қызыл асықты алу керек. Қызыл аяқты алған адам хан болады.
6. «Шертпек» — айнала отырып ойнайтын ойын. Ойынға екі қабатталып есілген орамал керек. Ойыншыларды отырғызып болғаннан кейін жүргізуші енді орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында біраз айнала жүреді де кез келген бір ойыншының екі көзін екі қолымен баса қояды. Сол кезде ойын жүргізушінің көрсетуімен білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан, не болмаса, басының бір жерінен шертіп кетеді. Сонан соң ол қайтадан орнына барып немесе басқалармен орын ауыстырып отырады.
Қорытынды
Ата аналарды марапаттау
Құрметті көрермендер бүгінгі
сайысымыз өз мәресіне жетті. Келген қатысушыларға алғысымды
жеткіземін.
Бүгінгі өткізіп отырған «Бәйге» ұлттық ойындар
сайысы аяқталды,қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бәйге" ұлттық ойындар ата-анамен ойындар сайысы

шағым қалдыра аласыз