"Байқоңыр ғарыш айлағы" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Байқоңыр ғарыш айлағы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмек ретінде салынып отыр. Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,ойындар ойнату арқылы жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.: Ғарыш әлемі жайлы білімдерін одан әрі нығайту,
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп –интернаты





Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:

«Байқоңыр-ғарыш айлағы»

7 «б» сынып







Дайындаған : Алдонгарова Толғанай

2018-2019оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр – ғарыш айлағы»

Сабақтың мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы білімдерін одан әрі нығайту.

Білімділік: Ғарыш айлағы – Байқоңыр туралы білімдері молайту.

Математика,сауат ашу,тіл дамыту,экология пәндерін байланыстыра отырып сабақтың тақырыбын аша түсу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,ойындар ойнату арқылы жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету.

Тәрбиелік: Ғарыш әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,сұрақ – жауап,ойын.

Көрнекіліктері:Тақырыпқа байланысты слайдтар,зымыран,рефлексия бөліміне арналған күн суреттері,сыйлықтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Балалармен амандасу.

2.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

3.Балаларды оқуға жұмылдыру.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба,Алтын Күн!

Амансың ба,Жер – Ана!

Амансың ба,достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

-Сәлеметсіздер ме,балалар,бүгін біз тәрбие сабағымызды бастаймыз.

-Балалар,біздің тұратын жеріміз қалай аталады?

-Далаға шыққанда төбемізде не көреміз?

-Ал,түнде аспаннан не көресіңдер?

-Оны тағы Ғарыш деп те атаймыз,солай ма?

- Аспанмен,Жермен,достарымызбен амандасып алайық.



-Ал,енді балалар,бізге сабақққа келген қонақтармен амандасып алайық:

II.Жаңа сабақ:

-Енді,балалар,сабағымызды бастайық.Балалар бүгінгі біздің қандай тақырыпта сабақ өтетінімізді білу үшін жұмбақтар шешіп,сол жұмбақтар шешімін тапқаннан кейін ғана біздің жаңа тақырыбымыздың әрбір буыны ашылып,соңында өтетін тақырыбымызды да анықтап аламыз.

-Жұмбақтар шешеіп бүгін қандай тақырып төңірегінде сабақ өткізетінімізді біліп алайық па?-Иә.

2)Жұмбақтар шешу:

1)Әйнектей көгілдір,

Теңіздей тым мөлдір.(Аспан)

2)Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

3)Орақ болып туады,

Табақ болып тынады. (Ай)

4)Алып кілем –

Гүлге толы

Үсті кілең. (Жер)

5)Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

6)Түсі бар көрінбейтін,

Бір тұтас бөлінбейтін.

Тынысы ол тіршіліктің,

Ешқашан жерінбейтін.(Ауа)

7)Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,

Соңында із қалады.(Зымыран)

8)Күміс қанат,сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Басқа планетаға ұшып,

Кеткен адамды кім дейді?(Ғарышкер)

-Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымызды буындап оқып шығайықшы (балалармен бірге оқу): «Байқоңыр – ғарыш айлағы».

Слайдпен жұмыс:

-Балалар,біз бірінші ғарышкерлермен,аспан әлемі,күн жүйесі және зымыранның суреттерімен танысайық.

1)Аспан әлемі

2)Күн жүйесі

3)Байқоңыр

4)Ғарышкерлер суреті

5)Зымыран

6)Скафандр

7)Лайка

8)Юрий Гагарин

9)Тоқтар Әубәкіров

10)Талғат Мұсабаев

-Балалар,сендерге мынадай тапсырма орындау керек.Мына сөздерді оқып,бүгінгі өтіп жатқан тақырыпқа сай келмейтін суреттерді сызып тастау керек:

Аспан,Ай,Алма,Күн,Жұлдыз,Ғарыш,Гүл,Жер,Ауа,Тоқтар аға,Машина, Ғарышкер,Зымыран,Тасбақа.

IV.Сергіту сәті:

Аспан,аспан,арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

-Балалар,мына өлеңді оқып,бірнеше рет қайталап өтейік,сосын жатқа айтамыз.

Байқоңыр.

Ғарышкерлер мекені –

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

(Е.Ерботин)

V.Бекіту:

-Келесі тапсырма сендерге ,балалар,математика пәнінен болады.Сендер ғарышқа ұшып барғыларың келе ме?Олай болса,қазір мен сендерге Зымырандар таратамын,қазір мына интерактивті тақтадан қарап өрнектерді шығарайық.сосын мына байқоңырға келіп,Ғарышқа зымыранмен кім есепті жылдам,тез шығарып ғарышқа ұшамыз.Есепті шығарып болған балалар тыныш отырады.

VI.Қорытындылау:

-Балалар,сабағымыз аяқталуға да аз қалыпты.Бүгінгі сабағымызды «Ғарышқа ұшу» ойынымен аяқтайық.Ойынның шарты:Бір бала мына Зымыранға келіп әйнегінен қарап тұрып Жұлдыздардың сұрақтарына жауап береді:

Қорытынды сұрақтар:

-Аспан денелеріне нелер жатады?

-Ғарыш айлағы қайда орналасқан?

-Ғарышқа ұшқан иттің атын ата.

-Ғарышкерлердің киетін киімі қалай аталады?

-Ғарышқа ұшатын адамды қалай атайды?

-Ғарышқа немен ұшады?

-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?









Рефлексия:



Бүгінгі тәрбие сағаты « Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбында болды. Тәрбие сағатына Ақжанның мамасы Бейбіажар апай қатысты. Өзінің бар білетінің оқушылармен бөлісті. Оқушыларға қызықты тақырып болды. Барлық оқушы белсенді қатысты. Бейбіажар апайға рақыметін айтып оқушылар қуанды. Сабаққа өте жақсы қатысқандары үшін,оқушыларға өз сыйлығын берді, яғни әр оқушыға бір-бір қаламнан таратты.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
2152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі