Материалдар / Бәкір Тәжібаев "Ақбұлақ"

Бәкір Тәжібаев "Ақбұлақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жерлес ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ән үйрену
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалжар аудандық оқушылар шығармашылығын

дамыту орталығы "Вокал" үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Балгарина Айзада Романовна

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақ бұлақ
Сабақтың мақсаты: музыканың кәусар бұлақ тәрізді мөлдірлігі, адамның одан сусындап, нәр алып, қуанышқа бөленетіні туралы ұғым беру, ән дыбыстарының таза бұлақ суындай шынайы орындалуына назар аудару.
Сабақтың міндеті:
1) білімділік: ән мазмұнына сәйкес дыбысты шынайы мәнерлеп орындайды меңгерту;
2) дамытушылық: ән мен сөздің мағынасын байланыстыра айтуға дағдыландыру;
3) тәрбиелік: оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, туған жер табиғатын қадірлеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: дауыс ашу, ән айту, музыка тыңдау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, т. б.
Көрнекілігі: Б. Тәжібаевтің суреті, слайд, сөзжұмбақ, табиғат суреттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

"Балмұздақ" әдісі арқылы топқа бөлу (2 топ)
Ұранымызды айту.
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз,
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.
ІІ Жаңа сабақ: «Ақбұлақ»
Ой ашу «Пицца» әдісі арқылы тақырыпты анықтау

1. Әлемдегі ең асыл жан (Ана)

2. Біздің мемлекетіміз (Қазақстан)
3. Суда тіршілік етеді (Балық)
4. Құстың тұрағы(ұя)
5. Ешкінің төлі(лақ)
6. Таудың аты(Алатау)
7. Түс(Қара)
Үнтаспадан судың сылдырын тыңдату;
- Бұл ненің дыбысы, қалай естіледі?
(сылдырлап аққаны) – су
«Бұлақ» туралы түсінік беру, суреті (слайд)
Осындай әдемі көрініс жерлес ақын, сазгер атамыз.
Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнінде көрініс тапқан.
Бәкір Тәжібаев өмірбаяны туралы таныстыру (слайдпен)

Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев -1926 жылы он бесінші мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ аулында дүниеге келген. Ол - ақын, драматург, әнші. сазгер. Бәкір-Алматы көркемсурет - театр училищесін бітірген .1950 - 1958 жылдары Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актер болып жұмыс жасаған. 1958 - 1974 жылы Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі, Алматы облысы халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақ театр қоғамында кеңесші - әдіскер болды. 1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері - Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж. Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев - 150 - дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым - ау, әппағым", "Гүлсің - ау", Туған жер, "Іңкәрім-ай", "Әлия", "Бозторғай", "Елігім-еркем" т. б.) Оның әндері Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т. б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды. Биыл Б.Тәжібаевтың туғанына 97 жыл. Бәкір Тәжібаевтың "Ақбұлақ" әнін естімеген қазақ жоқ. Әнге арқау болған бұлақ Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылынан 12 км қашықтықта орналасқан. Ақбұлақтың басында Бәкір Тәжібаевқа белгі қойылған. Бұлақ бітелудің алдында тұр.Бұлақтың көзін ашумен айналысып жүрген адам жоқ. Аудандық әкімдіктің айтуынша, "Ақбұлақ" басына бюджеттен қаражат бөлінбейді, себебі аталған тарихи орын Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану мұражайының есебіне алынбаған. "Қазіргі таңда бұлақты күтіп ұстау, тазалау, әктеу, сырлау жұмыстарын Жарқамыс ауылдық округі әкімдігі демеушілердің көмегімен жүзеге асырып келеді.

Байғанинде Б.Тәжібаев атында балалар музыка мектебі бар.Жыл сайын Б.Тәжібаев атындағы музыкалық байқау дәстүрлі түрде өтіп тұрады. 8. 11. 1994 жылы дүниеден өтті.

Өлең жолдарында «Ақ бұлақ» сөзінің қайталанып орындары табиғат пен әуен арасындағы үндестікті сабақтастырады.
IV. Ән үйрену
«Ақ бұлақ» (сөзі мен әнін жазған Б. Тәжібаев) әнін үйрену.
1. Әнді тыңдату, әуенге қосылып айту.
V. Сергіту сәті. Музыкалық жаттығу.

VI. "Фри" әдісі арқылы өткен әндерді еске түсіру

1. "Тәуелсіз ел ұраны"

2. "Ұстазым"

3. "Ата-әже"

4. "Туған жер" (Б. Тәжібаевтікі) – өздері орындайды

"Бұлақ көрсең көзін аш" деген халықта нақыл сөз бар.

VII. Сабақты қорытындылау
«WhatsApp-қа хат жолдау" әдісі арқылы кері байланыс жасау.
Сабаққа қатысқан ұстаздардан да кері байланыс алу
VIII. Үйге тапсырма беру «Ақ бұлақ» әнінің сөзін жаттау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ