НАЛИБАЕВ ДАНИЯР МАХМУТОВИЧ,
№39 «Асықата» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қосымша білім беру педагогы Педагог сарапшы Түркістан облысы, Жетісай ауданы
БАЛА БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, десе, Болашақ ұрпақ жайында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «Қазіргі заманда кез келген мемлекеттің тыныс тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды шарты адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып табылады. Ата аналар өз балаларын өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Олар қазіргі балалар елдің болашағын анықтайтын ХХІ ғасырдың ересек адамдары екенін түсінуі қажет»- деп көрсетті. Ал тәрбие дегенге М. Жұмабаев: «Тәрбие адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне – өзі қожа болғанша тиісті азык беріп өсіру» деген екен. Сонда бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы қалыптасатын күрделі іс. Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айткандарынан түйгеніміз қай қоғамның болсын көтерген мәселесі бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұккан. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айткан ғалым профессор Б. Кенжебаев: «Бала біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештене күтуге болмас еді. Қазакта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» деген мәтел бар.
Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек» деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі тәрбиенің ең басты шарты. Ата мен әженің, әке мен шешенің балаға беретін үлгісінің құдіреттілігін мойындап, өз ұлтының ертеңін елжірей ойлап,ұлттық тәрбие тағлымын байыптай да батыл айтқан батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «… Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар. Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата аналарымның бейнесі елестейді. Өйткені өзімнің әжемдей, әке шешем мен ауылдың ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған ешкім жоқ.» деп балалык шағын тебірене еске алуы тегін емес.
Тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Бала жанұя аясында түлеп өседі, он солын таниды. Ол алғашқы адамгершілік қасиеттерді де, еңбек әліппесінің алғашқы беттерін де өз үйінде ашады. Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады»деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан»деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.» демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптаскан дәстүрі болған. Ал сол дәстүр отбасында басталып, мектепте берілетін тәрбиемен калай кабысады. Енді соған келейік.
Алтын бесік отбасы болса, алтын ұя мектеп. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі толысқан, жан- жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат мүддесі ортақ, міндеті біреу. Демек қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Педагогикалық іс өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті талап етеді. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезе алмайтындарда»деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздарды өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған. Балаға тән азығы тамақ қандай қажет болса, жан азығы жылулық, сүйіспеншілік сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай түпкі мақсат ешқашан орындалмайды.
Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз алдымыздағы шәкірттер. Олар біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек артық айтпағандык болар. Қазақта «Ана мейірі мен ұстаз мейірі егіз»деген тамаша мәтел бар. Халық айтса қалт айтпайды. Мейірімін ана мейірімен теңестірген ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керек.
Біріншіден, біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Екіншіден, біз баланы түсіне білуіміз керек. Балалар өздеріне әрдайым көмекке келетін, табыстарына куанатын, сәтсіздікке ұшыраған сәтте көңілдерін көтеретін мұғаліммен қарым катынас жасау соншалықты қызықты екенін сезінуі тиіс. «Балаларды түсіну мұның өзі «олардың кейпін кию олармен бірге қуанып, бірге күйініп, олардың өмірін кешу» деген болатын Н. К. Крупская. Балаларды түсіну дегеніміз оларға өктемдік көрсетпей, олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілігінің өркенін жаю деген сөз. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне отырып, педагог баянды тәрбиеге қол жеткізе алады.
Үшіншіден, біз өзіміздің педагогикамызға, тәрбиенің жасампаздық күшіне сенуіміз керек. Қайсыбір педагогтың жекелеген балалардың қыңыр мінезі алдында қол қусырып «бұдан түк шыкпайды»деуі олардың жарқын болашағын жерлеумен бірдей.
Төртіншіден, біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды эсте ұмытпаған жөн. Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз