«Р.Қошқарбаев атындағы 50 ЖББМ» КММ
Бала бойындағы қорқыныштың
пайда болу себептері мен одан
арылту жолдары
Педагог-психолог Журкабаева Айнур Абдиевна
Бала бойындағы қорқыныштың пайда болу себептері мен одан арылту жолдарына байланысты педагог-психологтарға арналған
әдістемелік құрал
Кіріспе
Әрбір сау адамға қорқыныш сезімі тән болады, ал қорқыныш сезімін білмейтін адам ауру адамға теңеледі және соған сәйкес қорқыныштың мүлде болмауы психопатология саласына қатысты белгілердің бірі болып табылады.
Нәрестеде алғашқы қорқыныштың пайда болғанын бірнеше ай өткеннен кейін байқаймыз. Ол бір белгісіздіктен қорқу түрінде көрінеді. Сәби түрі таныс емес адамнан да қорқуы мүмкін.
Кейін ата-аналары жоқ кезінде пайда болатын "сепарациялық" қорқыныш пайда болады және келесі екі жыл ішінде балалар қорқыныштарының саны арта түседі.
Десек те, балалардың нақты қорқыныштары туралы айтуға болады. Балалардың қорқынышын әдетте, өздері шынымен қауіпті деп санайтын қандай да бір заттар, тіршілік иелері немесе жағдайлар тудыртады. 2-3 жасқа дейін балада ешқандай абстракты қорқыныш белгілері болмайды. Бірақ балада ақыл-ойы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым нақты қорқынышты сезінетіндей тәуелділік болады. Оқу процесінде нақты қорқыныш (мысалы, дәрігердің ақ халатын елестету арқылы бала шаштараздан қорқа бастайды) ауқымы кеңейеді.
Бұл материал "3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың қорқынышын тану" деп аталатын оқу құралы негізінде дайындалды.
Бала бойындағы қорқынышыты жеңу үшін, ең алдымен оның бастау көзін анықтау керек. Кейде ата-аналар айтқанымды тыңдатамын немесе тәрбиелеймін деген мақсатпен өз перзенттерін өздері қорқытады. Ал осының салдарынан бала жасқаншақ болып өседі. Мысалы, «Сен егер қазір тыныш отырмасаң, итке беріп жіберемін», «жалмауыз кемпір жеп қояды» деген секілді сөздердің өзі балаға қатты әсер қалдырады. Сондықтан ата-ана мен тәрбиеші ең алдымен өздерінің сөздерін ой-елегінен өткізгені дұрыс. Сонымен қатар, ұйықтар алдында ата-ана ертегінің ішіндегі жағымсыз кейіпкерлерді үрей туғызып немесе баланы қорқытып айтуына болмайды. Күнделікті шашылған ойыншықтарды балаңыздан жинастыруды сұрасаңыз, бірақ ол тыңдамай немесе сізге еркелесе, сіз оны өз еркімен жинауы үшін: «Дәрігер апайыңды шақырып, укол салдыртамын» немесе «Ойыншықтың бәрін Арманға беріп жіберемін», «Қараңғыға қамап қоямын» т.б. секілді себептер айтып, баланы қорқыту арқылы өз дегеніңізге жетуіңіз мүмкін. Алайда салдарынан балаңыздың бойында шошыну, энурез, тұтығып сөйлеу, жалғыздық секілді қорқыныштар пайда болуы мүмкін. Отбасындағы ұрыс-керіс те балаға өз кері әсерін тигізеді. Сондықтан ең бірінші үлкендер баланың бойындағы қорқыныш пен үрейден арылту үшін өз істеріне, сөздеріне абай болуы қажет.
Аталған қорқыныштардың барлығы уақыт өте келе жойылады. Өйткені бұлар белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш, үрейлер. Алайда аталмыш қорқынышты уақыт еншісіне қалдырмай, оның бала бойында ұзақ уақыт сақталып, бойында қалмауы үшін ата-аналар мен тәрбиешілердің қосар үлесі зор. Бала кезінде қалған үрей өскенде де сыр береді. Оның соңы ересек кездегі психологиялық сырқатқа ұласуы әбден мүмкін. Сондықтан өсіп келе жатқан баланың бойында үрей-қорқынышы болса, оған бірден көңіл бөліп, барынша оны жеңуге көмектесу керек.
Баланың жасерекшелігіне байланысты қорқыныштардың байқалуы
Бала шамамен 3 жасында символдық қорқыныш деп аталатын қорқынышты сезіне бастайды. Балалар арасында кеңінен тараған қорқыныш – бұл қараңғыдан қорқу қорқынышы. Түнек балаға жалғыздық сезімін беріп қоймай, оның санасына «көзіме түспегеннің барлығы жоқ нәрсе» деген түйсікті де қалдырады.
Бұл жерде қорқыныштың қалыптасуының екі механизмі жұмыс істейді:
-
"Мен жалғыз қалдым" – бұл өзі әбден бауыр басып қалған анасынан айрылу қорқынышына тән болады;
-
Бейнені ойша елестете алатын балаға қараңғы бөлменің бұрышында әр түрлі қорқынышты бейнелер тұрған секілді көрінеді.
Ата-аналарға не істеу керек?
-
Қараңғыдан қорыққан баланың "қорқақтығы үшін" жазалауға болмайды және оны бұл үшін ұялтудың қажеті жоқ. Себебі, бала онсыз да қорқынышын ата-анасынан жасырып , онымен жалғыз қалуға тырысады.
-
Баланың ұйықтап жатқан бөлмесінің есігін ашық қалдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланың қолы жететін аса жарық емес лампаны орнатқан жөн.
-
Баланың символикалық қорқынышына түрткі болған нақты себептерді жою қажет. Бұл үшін психологтың, психотерапевтің консультациясы пайдалы болады.
Қорқынышқа символикалық қорқынышқа ұқсас құбылыс үрей деп аталатын сезім байланысты болады. Мәнісі бойынша барлығы бір қорқынышқа қатысты сезім, бірақ бұл ұзақ уақыттан кейін болатын қауіпке байланысты болатын қорқыныш. Мысалы, тіс дәрігері алдында бір нақты қорқынышты сезінетін болсақ, бір аптадан кейін сол тіс дәрігеріне бару керек екендігімізді білгенде, бір апта бойы қорқып жүреміз.
Үрей адамның шешім шығара алмау қабілетіне тікелей қатысты болады. Жинақтауға және босаңсытуға болатын үрей болады. Біріншісі адамның әрекеттеріне қосымша импульс берсе, екіншісі оны жауапты сәтте сал етіп қояды. Осының негізінде ата-аналар мен бала арасындағы қатыныс ерекше орынға ие болатын тәрбиенің психологиялық аспектілері жатыр.
Егер адам бала күнінен өзінің дәрмсенсіз екеніне немесе қандайда бір міндеттерді шешуге қабілетсіз екендігіне үнемі көзі жетіп келсе, онда бұның салдары ересек болғанда да ізсіз кетпей, жауапты сәтте бойды босаңсытуға болатын үрейді сезіндіретін болады, ал сәттілік сезіміне қатысты адам жинақталуды қажет ететін үрейді сезінетін болады.
Бала қандай болып өседі?
Баланың әрекеттері тек сәтсіздіктерден қашуға бағыттала ма немесе сәттілікке бағыттала ма - бұл шешімді сәт баланың бала күнінен анықталатын болады?
Бұның барлығы ата-аналар тарапынан балаларға қойылатын талаптар деңгейіне тығыз байланысты болады. Егер осы деңгей бала қабілетінен жоғары болса, онда бала үнемі осы талаптарға сәйкес келмейтінін сезіні, өмір бойы әрекет ету қажет болған сәтте сәтсіздіктен қорқуы есебінен оларды айналып жүруге тырысатын болады және осы тұлға ретінде мінезі мазасыз адамның сипатын алады.
Ата-аналар үнемі баланың «жоғары қарай» ұмтылуына себеп болып, оның ынталану қабілетін ашуы керек, бірақ бұл бала мүмкіндігі жетпейтін шамадан тыс талапты қою керек дегенді білдірмейді.
Қорқыныш баланың қоршаған ортаға бейімделу процесінде маңызды рөл атқарады. Баланы шамадан тыс қорғаштау оның өзін өте кішкентай, әлсіз тіршілік иесі ретінде сезінуге және қоршаған әлем қауіп-қатерге толы секілді көруге әсер қалыптастырады .
Сондай-ақ, қорқыныш сезімінің пайда болуына баланың қорғаныс сезімін жеткілікті түрде дамытуға жағдай жасамаған өте тұрақсыз, өзіне сенімсіз, аса момын және жасқаншақ ересек адамдар ықпал етеді. Жанындағы адамдар өзін қорғауға тиіс деп өзгелерден көмек күтетін бала белгісіз ситуацияларды бастан ауыр өткереді және бұл ретте онда қауіп сезімі пайда болады.
Баланың бойындағы үрей-қорқынышын анықтаудың және оны жеңудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, балаларға «Қорқынышымызды қағаз бетіне түсіру» атты сурет салу сабағын жүргізуге болады. Сабақ 30-40 минут ұзақтықта болуы керек. Ең бірінші баламен жақсы қарым- қатынас орнатып, алдыңа алып немесе тізеңе отырғызып, құшақтап отырып, ақырын сөзге тарту керек. Әртүрлі сұрақтардан бастап, мысалы, қараңғыдан қорқасың ба? Қасқырдан қорқасың ба? Мыстан Кемпірді қалай деп елестетесің? Уколдан қорқасың ба? Балаға "ия" немесе "жоқ" деп жауап беретіндей қысқа сұрақтар қойған жөн, бірден бірнеше сұрақ қоюға болмайды. Осындай сұрақтар арқылы баланың психологиясын бірінші дайындап алу керек. Бала өзінің қорқынышын айтқанда, қолына фломастер немесе акварель бояуын беріп, ақ параққа сол нәрсені салуды сұраңыз. Бала бірден суретті салуға келіспеуі мүмкін, алайда кейін жаттығулар арасында, ойын арасында салып береді. Суретін салып болғаннан кейін, онда не салынғанын сұрап, ол туралы басқа не білетінін айтып беруін сұраңыз. Бұл сурет салу арқылы бала өзінің қорқатын кейіпкерімен бетпе-бет келеді. Оның сондай қатты қорқынышты нәрсе емес екенін танып-біліп, өзіне жылы қабылдай алуы керек немесе салған суретін жыртып, я лақтырып жіберуіне де болады. Бұл жаттығуға 1-2 апта уақыт бөлген дұрыс. Осы уақыт ішінде көбірек ойын ойнап, баланың сергек болуын қадағалап, ұрыс-жанжалдан аулақ ұстаңыз. Қорқынышын қағаз бетіне түсіру арқылы өмірде жоқ, бірақ баланың өзіне болатындай қорқыныштан, елестен арылтасыз.
Бала бойындағы қорқынышты жеңуге сюжетті-рөлдік ойындар да көп көмегін тигізеді. Баланың білетін ертегісіндегі жаман да, жақсы да кейіпкерлердің рөлін өзі сомдағаннан кейін, бойындағы ұзақ уақыт арыла алмай жүрген қорқынышын жеңе алады. Күнделікті балалардың ойнайтын «тығылыспақ» ойыны арқылы да бала қараңғыдан, жалғыз қалып қоюдан, тым-тырыс бөлмелерден қорықпайтын болады. Сіз тығылып, бала сізді іздесе, оның жеңіп, ойынды жақсы ойнайтынын айтып, мадақтап қою керек немесе сіз баланы іздеп, ол тығылып қалса, оны таба алмай жеңілгеніңізді айтып, жақсы ойнайтынын айту арқылы баланың көңіл-күйін көтеріп қою қажет. Осылайша баланың қорқынышын жеңуге үйретуге болады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда балаға қауіпсіз, тыныш жағдай жасаңыз. Есіңізде болсын, баланың позитивті өсуі оның айналадағы жағдайына тікелей байланысты.
Осы айтылған қорқыныштардың алдын алу үшін немесе баланың алаңдаушылығын жою үшін ата-аналарға айтылар бірнеше кеңестер:
-
көбіне балаға еркіндік беріп, оның достарын шақырып, бірге тиімді уақыт өткізуін қадағалаңыз;
-
баланы жыртқыш аңдармен, полиция қызметкерлерімен, дәрігерлермен қорқытпаңыз. Өйткені бізге оның мәні болмаса да, балалар оны шын деп қабылдауы мүмкін;
-
балаңызбен көңілді қарым-қатынас орнатыңыз;
-
көбірек сурет салуға баулыңыз;
-
баланы сол қалпында қабылдап, жақсы көріңіз. Ешкіммен салыстырмаңыз;
-
өзіне деген отбасының жылуын сезінуі үшін балаға жақсы дос бола біліңіз
Балалардың бойындағы қорқыныш және оны жеңу жолдары
Қорқыныш – өзін-өзі сақтау
инстинктіне негізделген, жүйке жүйесінің белгілі бір
физиологиялық өзгерістерімен жүретін, қатерлі жағдайда
туындайтын эмоция.
Жас ерекшелігіне байланысты
негізгі қорқыныш түрлері:
Жаңа туылған
нәресте:
жаңа ортадағы қорқыныш
анасынан алыстау қорқынышы
бөтен адамдардан қорқуы
1 жастан 3 жасқа дейінгі
балаларда:
қараңғыдан қорқуы
түнгі қорқыныштар
жалғыз қалып қою қорқынышы
3 жастан 5 жасқа
дейін:
жалғыздық қорқынышы, яғни ешкімнің елемеуі
қараңғылық қорқынышы
тыныш, тұйық ортадан қорқуы
қиял-ғажайып кейіпкерлерінен қорқуы
5 жастан 7 жасқа
дейін:
белгілі бір жағдайға байланысты қорқыныштар, мыс: өрт, тереңдік,
апаттар, т.б.
ата-аналарының ұрысуынан, ұруынан қорқу
жануарлардан қорқуы
қорқынышты түстерден
ата-анасынан айырылу қорқынышы
кешігіп қалу қорқынышы
өлім қорқынышы
ауруға шалдығып қалу қорқынышы
Осындай қорқыныштардың алдын алу үшін, баланың алаңдаушылығын жою
үшін ата-аналарға бірнеше кеңестер:
балаға көбіне еркіндік беріп, оның достарын шақырып, бірге тиімді
уақыт өткізуін қадағалаңыз;
баланы жыртқыш аңдармен, полиция қызметкерлерімен, дәрігерлермен
қорқытпаңыз, себебі бізге оның мәні болмаса да, балалар оны
шын деп қабылдауы мүмкін;
көбірек сурет салуға баулу;
баланы сол қалпында қабылдап, жақсы көру, оны көршінің әдемі
қызымен немесе сабақта үздік інісімен салыстыруға болмайды;
әр бала өзіне деген отбасының жылуын сезінуі керек, балаға жақсы
дос бола біліңіз.
Уақыт өте келе бұл қорқыныштардың барлығы жойылады, себебі
бұл белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш үрейлер.
Бірақ, осы қорқынышты уақыт еншісіне қалдырмай, қорқыныш
баланың бойында ұзақ уақыт сақталып қалмауы үшін ата-аналар мен
тәрбиешілер өз үлесін қосуы керек. Баланың бойындағы үрейді шығару
үшін, оның неден қорқатынын білу үшін әр түрлі әдістерді
пайдалануға болады.
«Қорқынышымызды қағаз бетіне түсіру». Сурет салу сабағы 30-40 мин
ұзақтықта болуы керек. Баламен жақсы қатынас орнатып алып, алдын
ала онымен ойнап, көңілін көтеріп, содан кейін жанына отырып
әңгімеге көшу керек. Әртүрлі сұрақтардан бастап, мысалы қараңғыдан
қорқасың ба? Қасқырдан қорқасың ба? Лифттен қорқасың ба? Мыстан
Кемпірден қорқасың ба? Қан көргенде, уколдан қорқасың ба? Осындай
сұрақтар арқылы баланың психологиясын дайындап алу керек. Егер бала
жоқ деп жауап берсе, қорықпаймын деп алдап жоққа шығарса, оған
тиімдірек жолын пайдалану керек. Ия немесе жоқ деп жауап беретіндей
сұрақтар қойылуы керек. Бірден бірнеше сұрақ қоюға болмайды,
баланың көңілін алдап, ойнап сұралуы керек. Ол өзінің қорқынышын
айтқанда, оған ақ параққа сол нәрсені салуды сұраңыз, фломастер
немесе акварель бояуын бергеніңіз абзал. Бала бірден салуға
келіспеуі де мүмкін, кейін жаттығулар арасында, ойын арасында салып
беруі мүмкін. Суретін салып болғаннан кейін, онда не салынғанын
сұрап, ол туралы басқа не білетінін айтып беруін сұраңыз. Содан
кейін баланы міндетті түрде мақтап, мадақтауыңыз қажет, онымен ол
жеңіске жететіндей ойын ойнап, көңілін көтеріңіз. Бұл жаттығуға 1-2
апта уақыт кетуі мүмкін. Ол әлі толық қорқыныштан арылмауы мүмкін,
сондықтан оған «сенің сол қорқынышты женгенің туралы» сурет сал деп
өтініуіңізге болады, мысалы бала қасқырдан өзі емес, қасқыр баладан
қашып бара жатқаны туралы салуы мүмкін Осы уақыт ішінде көбірек
ойын ойнап, баланың сергек болуын қадағалап, ұрыс-жанжалдан аулақ
болғаныңыз жөн. Қорқынышын қағаз бетіне түсіру арқылы өмірде жоқ,
бірақ баланың өзіне болатындай қорқыныштан, елестен арылуға
мүмкіндік береді.
Бала бойындағы қорқынышты жеңуге сюжетті-рөлдік ойындар ойнау да
көп көмегін тигізеді. Баланың білетін ертегісінің кейіпкерлерін
ойнап, бала ертегі арқылы өзі жаман да, жақсы да кейіпкерлердің
рөлін сомдағаннан кейін, бойындағы ұзақ уақыт арыла алмай жүрген
қорқынышын жеңе алады. Күнделікті балалардың ойнайтын «тығылыспақ»
ойынын алатын болсақ, бұл ойын арқылы бала қараңғыдан, жалғыз қалып
қоюдан, тым-тырыс бөлмелерден қорықпайтын болады. Сіз тығылып, бала
сізді іздесе, оның жеңіп, ойынды жақсы ойнайтынын айтып, мадақтап
қою керек немесе сіз баланы іздеп, ол тығылып қалса, оны таба
алмағаныңызды айтып, жеңіліп, оны жақсы ойнайтынын айтып баланың
көңіл күйін көтеріп қою керек. Осылайша баланың қорқынышын жеңуге
үйретуге болады.
Баланың бойындағы қорқынышыты жеңу үшін, ең алдымен оның бастауы
қайда екенін білу керек. Ата-ана ретінде, тәрбиеші ретінде алдымен
өзіңіздің сөздеріңізді ой-елегінен өткізіңіз. Мысалы:
балаңызға ойыншығын жинауды сұрасаңыз, ал ол тыңдамай, еркелеп
отырса, сіз оның өз еркімен жинауы үшін: «ойыншығыңды Нұржанға
беріп жіберем, ол бәрін алып кетеді» немесе «есік алдына сені
шығарып қоямын», «жуынатын бөлмеге, қараңғыға қамап қоямын»,
«дәрігер апайды шақырып, укол салдырамын» т.б. себептер айтып,
баланы қорқыту арқылы өз дегеніңізге жетуіңіз мүмкін. Отбасындағы
ұрыс-жанжалдар балаға қатты әсер етеді, бала шошынады, энурез,
тұтығып сөйлеу, жалғыздық қорқынышы пайда болуы әбден мүмкін.
Сондықтан баланың бойындағы үрейі мен қорқынышынан арылу үшін, ең
алдымен үлкендер өз істерін ойлауы керек.
Тағы бір айта кететін жағдай, кішкентай бүлдіршін мына өмірде бәрін
біліп, көргісі келеді. Ол айналадағы өзіне таныс емес әр нәрсені не
екенін сұрап: бұл не? Неге олай? Ол кім? Не үшін? т.б. сұрақтар
қояды. Көбіне ата-аналар балаға түсіндіріп айтудың орнына,
болмайды, ол жерге барма, ұстама, тиме деп бұйырып сөйлеп баланың
тыныш отырғанын қалайды. «Неге болмайды» деп қайталап сұрағанда,
«болмайды, демек болмайды!» деп ұрысуы мүмкін. Осыдан баланың
ойында сол нәрселерге жаман ойлар қалыптасуы мүмкін.
Ата-аналар өздерінің кішкентай кезіндегі қорқынышын айтып, одан
қалай арылғанын айтса, балаға ол үлкен септігін тигізеді, өзіне өзі
сенімділігі жоғарылайды. Ең алдымен балаға қауіпсіз, тыныш жағдай
жасаңыз, баланың позитивті өсуі оның айналадағы жағдайына тікелей
байланысты.
Қорқыныш – қатты қорыққаннан пайда болатын және мүмкін болатын қауіпті сезінуімен сипатталатын үрейлену мен мазасыздану жай-күйі. Күнделікті өмірде, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде адам қорқыныш эмоциясымен соқтығысады. Ересек адамдарға қарағанда балаларда қорқыныш басымырақ болады. Психолог төтенше жағдайға шыққанда балалардың қорқыныш күйін, олардың сөйлеу арқылы немесе жылау арқылы, сонымен қатар сурет салдырту арқылы анықтайды. Соңғы орын алған төтенше жағдай 13.06.2018 ж. көпқабатты үйдегі қылтиманың өртенуі болды. 7 жасар Аңсар атты бала және оның 6 жасар Дильназ атты қарындасы өрттен қорқып қалған. Оларды өрт сөндірушілер оқиға орнынан алып шығып шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасына тапсырып жатқанында балалар «Бізді қайда алып кетеді?, Бізді полицейлер алып кетпейді ме?»,-деп қайта-қайта сұрап қатты қорқып қалған. Белсенді тыңдау әдісі мен физикалық байланыс орнатылып, пластинография, мандалотерпия, арттерапия әдістері арқылы жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардан соң балалардың ата-анасы алғысын білдірді.
Адамның жағымсыз эмоциясы жалған немесе шынайы қауіптен дамитын ұзақ немесе қысқа эмоционалды процестен көрініс табады. Айта кететін жайт, қорқынышқа жауапты реакция ретінде аса күшті мазасыздықты туындататын адамның санасыз немесе ойластырылмаған әрекеті болып табылады. Қорқыныштың себептері жасырын және шынайы болады. Шынайы себептерін адам есінде сақтамайды. Ашық қорқыныштарға балалық кезден, мысалы ата-ана қамқорының тым көптігі, психологиялық жарақаттың салдары, балалық шақта ата-ананың балаға ұнатқан затын алып бермеуі, моралды конфликтілер немесе шешілмеген проблемалардан туындаған қорқыныштар.
Адам бойындағы жағымсыз эмоцияның салдары: аса нервтік қысым, сенімсіздіктің эмоционалды күйлері, адамды қашуға, құтқаруға ынталандыратын қорғауды іздеу. Егер адамда қысқа мерзімдік, сонымен қатар кенеттен тітіркенуден болған аса күшті қорқыныш туындаса, оны шошу деп атайды, ал ұзақ тым көрініс таба қоймайтын құбылысты мазасыздық деп атайды.
Қорқыныштың белгілері: жоғары тершеңдік, жүректің жиі соғуы, диарея, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі, зәр ұстамауы, жүгіртпе көзқарасы, мәжбүрлі түрде сөйлемеу, пассивтілік, әрекеттен бас тарту, сенімсіз мінез-құлық, сөйлеу ақауының туындауы, жағымсыз әдеттер. Бұл белгілер биологиялық қорқыныш немесе өмірге қауіп төнген кезде көрініс табады. Қорқынышты сезінетін адамдардың толыққанды өмір сүруіне кедергі жасайтын көз алдына елестер көрінеді. Өте күшті жағымсыз эмоция кезінде туындайтын сезінулер: ситуацияны бақылау мен адекваттылық жоғалады, ішкі тынығу немесе ступор болады.
Қорқыныш әртүрлі көрініс табады, бірақ ортақ қасиеттері де бар: мазасыздық, түнгі қорқыныштар, тітіркенушілік, күдіктену, пассивтілік, жылау. Қорқынышты кез келген белгілері бойынша бөлуге болады. Мысалы, Карварский атты психиатр адамның неден қорқатынына қарай келесідегідей қорқыныштарды бөліп көрсетті: кеңістіктен қорқу (мысалы, ашық немесе жабық кеңістіктен қорқу, тереңдіктен және биіктіктен қорқу); әлеуметтік фобиялар (ол қоғамдық өмірмен байланысты, мысалы, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу қорқынышы); нозофобиялар (кез келген аурумен ауырып қалудан қорқу); танатофобия (өлім қорқынышы); сексуалды қорқыныштар; өзіне және туысқандарына зиян келтіру қорқынышы; «контрастты» фобиялар (мысалы, «құдай алдында қызмет ету кезінде ұятқа қалдыратын бір әрекет жасап қоямын ба деген») қорқыныш; фобофобиялар (бір нәрседен қорқу қорқынышы). Қорқыныштардың түрлері: әлеуметтік, биологиялық, экзистенциалды. Биологиялық топқа адам өміріне қауіп төнумен байланысты жайттар жатқызылады. Әлеуметтік топ әлеуметтік әлеуметтік статустағы қорқыныштарға жауап береді. Экзистенциалды қорқыныштар адам интеллектісімен байланыстырады және ол рефлексия шақыртады. Мысалы, уақыт алдындағы қорқыныш, адам өмір сүруінің маңыздылығы алдындағы қорқыныш. Бұл принципке сүйене келе: өрттен қорқу биологиялық категорияға, сахна алдындағы қорқыныш – әлеуметтік, өлім қорқынышы экзистенциалды қорқынышқа жатады.
Қорқыныш кезінде көмек көрсету түрлері:
-
Адамды жалғыз қалдырмаңыз. Қорқынышты жалғыздықта өткеру қиынға соғады.
-
Адам неден қорқатындығы туралы айтыңыз. Мұндай әңгіме қорқынышты тек ұлғайтады деген пікір бар, бірақ ғалымдар өз қорқынышын айтып тастаса, мықтырақ, күштірек болмайды деп дәлелдеген. Егер де адам неден қорқатынын айтып жатса, оны қолдап, сол тақырыпта әңгіме қозғаңыз.
-
Не пытайтесь отвлечь человека фразами: «Ол туралы ойлама», «Бұл жай ғана нәрсе», «Бұл ақымақтық» және т.б.
-
Адамға бірнеше тыныс алу жаттығуларын ұсыныңыз:
1. Қолыңызды асқазан тұсына қойыңыз; байыппен тынысыңызды жинаңыз, алдымен төсіңіздің, содан соң ішіңіздің ауаға толғанын сезініңіз. 1-2 секундқа ауаны іште ұстап қалыңыз. Дем шығарыңыз. Алдымен ішіңіздегі демді, содан соң кеудедегі демді шығарыңыз. Бұл жаттығуды байыппен 3-4 рет қайталаңыз.
2. Терең дем алыңыз. Деміңізді 1-2 секундқа ұстап қалыңыз. Демді шығара бастаңыз. Байыппен дем шығарыңыз, дем шығарып жатқанда 1-2 секундқа үзіліс жасаңыз. Терең дем шығаруға тырысыңыз. Бұл жаттығуды байыппен 3-4 рет қайталаңыз. Егер адамға бұл ритммен демалу қиынға соқса, бірге дем алу жаттығуын жасаңыз. Бұл оны тыныштандыруға, сонымен қатар оның жанында сіз бар екендігін сезінуге көмектеседі.
Әрбір адам өз қорқынышынан арылуға қабілетті, әйтпесе оған өз мақсаттарына, армандарына, жетістікке жету қиынға соғады. Кез келген позитивті эмоция қорқынышты жеңуге, ал жағымсыз эмоция тек қана кедергі жасайды.
Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.
Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталынады. Ол дегеніміз- агресивті мінез-құлық, үрей, қорқыныш, депрессия.
Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.
Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.
Оқушыңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамытумен бірге, назарының басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.
Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше жаттығулар жасауға болады. Жаттығулар баланың денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етеді. Түр-тұлғасына қатысты қиыншылықтар туындайды:
-Неге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.
-Айнаға қарай береді, шашын ретке келтірмей, далаға шықпайды.
-Безеуден құтылу үшін барлық шараға дайын келеді, әдемі көріну өте маңызды келеді
-Спортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды.
-Денесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді.
-Өзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады.
-Тіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.
Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дұниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.
1. Оқушының өзін-өзі бағалауын арнайы жағдаят арқылы анықтау
Мысалы, мұғалім бақылау жұмысы кезінде баланың дәптеріне қарап әдейі қате бар екенін айтты делік (ол жұмыста қате болмаса да).
Егер оқушы өзін жоғары бағалайтын болса, мұғалімге бірден жауап қайтарып, дәлелдей бастайды, сөз таластыруы да мүмкін, т.б. Ал өзін дұрыс бағалайтын оқушы мұндай кезде сабырлық сақтайды. Қатені көрсетпеуін сұрайды, өзі табуға тырысады. Егер бала өзін тым төмен бағалайтын болса, мұғалімнің айтқанымен бірден келісе кетеді, өз бетінше ойлау қабілетінен айырылады.
2. «Графикалық тест» баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды
Мақсаты: белгілі уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау. Жүргізілу барысы: Мына төмендегі 8 шеңбердің біреуін таңдап ішін бояңыз немесе белгі қойыңыз.
Интерпритациясы:
Алғашқы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін жоғары бағалайды.
Ең соңғы екі шеңбердің біреуін таңдаған бала өзін төмен бағалайды.
Ортасындағы төртеуінің біреуін таңдаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.
Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Оның өмірі мен денсаулығы, болашағы оның айналасындағы ересектерге тікелей байланысты. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек. Ендеше, мұғалім мен баланың арасында шынайы адал сүйіспеншілік, рухани жақындастық, екі жақты өзара сыйласымдылық, сенім болған жағдайда бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында нық тұрып, болашақта елінің мықты тірегіне айналмағы сөзсіз.
Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеттілігі кәсіби жағынан қажетті және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін мектепте және мекемелерде өткізулеріне болады.
Бүгінгі таңда қарым-қатынастағы компетенттіліктің дамуы әлеуметтік-психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады, кіші зертханалық топтарда өткізіледі.
Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті
арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар
Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.
1. «Ватмандағы саяхат»
Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»
2. «Титаник»
«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай
Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»
3. «Дұрыс бағыттағы қадам»
Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).
4. «Қандай кейіп?».
Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.
Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Занятия и тренинги со старшеклассниками»О.А.Вершинина. Изд «Учитель»
2. Журнал «Школьный психолог» 2003 жыл №41.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала бойындағы қорқыныштың пайда болу себептері мен одан арылту жолдары

шағым қалдыра аласыз